СМИ о нас

Әлемдегі әрбір 10-шы тонна қорғасын біздің технологиямен өндіріледі - Ә.Жәрменов

15.12.2015

 

001 2

 

Астана. 15 желтоқсан. Baq.kz - Кеше Ақордада Елбасы еліміздің бір топ ғалымдарына ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты табыс еткен еді. Соның бірі - ҚР минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталықтың Бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген өнертапқышы Әбдірәсіл Жәрменов. Әлемдік технология нарығында Қазақстанның мәртебесін көтерген және еліміздің инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан алтын мен қорғасын металлургиясы облысында жасалған жобалар туралы сұхбаттасқан едік. Ол жаңа жобалардың Қазақстан үшін қаншалықты пайдалы және тиімді екендігін айтып берді.

 

- Сізді және әріптестеріңізді жеңісімен құттықтаймыз. Қазақстандағы металлургия саласы қалай дамып келеді? Бұл орайда сіздердің орталықтарыңыз қандай қызмет атқаруда?

 

vse 2

 

- Елімізде Кеңес заманынан бері металлургия, тау-кен ғылымы жақсы дамып келе жатыр. Барлық бағытта болмаса да, кей саласында әлемдік нарықта өз орнымызды таптық. Тәуелсіздік алғаннан кейін тау-кен өндірісіне қатысты ғылыми мекемелерді біріктіріп, Елбасымыз ҚР Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығын құрды. Оның мақсат-міндеті де осы болды. Кеңес кезінде ғылымды қатты сынады. Ғылым мен өндіріс арасында байланыс жоған талға тартты көпшілігі. Біз соны ескердік. Өндіріспен байланыстырып жұмыс істеуді күшейттік. Орталық өзінің 22 жылдық тарихында біраз белестірді бағындырып, көптеген жаңалықтар ашты. Соңғы он жылда жасалған жұмыстарымызды топтастырып, мемлекеттік сыйлыққа ұсындық. Елбасымыз ғылымға қосқан үлесімізді бағамдап, бізді осы сыйлыққа лайық деп тапты.

 

- Мемлекеттік сыйлыққа ие болған жобалар жайлы толығырақ айтып өтсеңіз...

 

- Біз екі жобамызды ұсындық. Бірі – қорғасын, екіншісі – алтын өндіру технологиясы. Адам баласы ғылым жолына түсіп, цивилизация пайда болып, металл өндіру жолға қойылғаннан бері адамзат метал өндіретін он-он бес пешті ойлап тапқан. Сол пештің бір түрі осыдан 40 жыл бұрын Қазақстанда ойлап табылды. Ол – кивцетдеп аталады. Біз оны технологияны одан әрі жетілдіріп, әртүрлі шикізат өнімдерін өндіруге икемдеп жасадық. Ол - қорғасынды, қорғасын концентратын және сапасы нашар концентарттарды өндеуде басқа әлемдік пештерге қарағанда басымдылығын көрсетті. Жаңадан салынып жатқан зауыттар біздің пешті пайдаланып сала бастады. Пештің жетілдірілмеген бұрынғы нұсқасы Өскенмендегі зауытта пайдаланылған еді. Ал, қазір Қазақстанда бұл технология қолданыста жоқ. Қазір шикізат өнімдерінің сапасы төмендеп барады, сондықтан біздің елімізде де пайдаланады деп ойлаймын.

 

0001

 

- Бұл жетілдірілген кивцет пешіне әлемдік нарықтағы сұраныс қандай?

 

Әлемде қайзба байлықтарын сатып жатқан мемлекеттер көп қой, алайда технологияны сатып жатқан елдер аз. Бұл технологиямызды шетелдіктер кеңінен пайдаланып жатыр . Тегін емес, әрине, бізге ақшасын төлейді. Бұл пеш шет мемлекеттерде көптеген сынақтан өткізілді. Бұл пешті Канада, Бразилия, Италия, Солтүстік Американың өндіріс орындары сатып алды. Ал, Қытайда біздің технологияны пайдаланып, қорғасын өндіретін 2 зауыт салынды. Біреуі таза қорғасын шығаратын зауыт, екінішісі мыстан қорғасын алатын зауыт. Дүние жүзінде өндірілетін әрбір 10-шы тонна қорғасын біздің технологиямен өндіріледі. Мұны Қазақстан ғылымының үлкен жетістігі деп айтуға болады.

 

- Жаңа технологияны қаншаға бағаладыңыздар?

 

- Пештің бағасы әртүрлі. Бірінші сатқанда қымбатқа береміз. Көп сатылған сайын бағасын төмендетіп отырамыз. Өз елімізде шетелдік мемлекетке қарағанда арзандау болады. Одан кейін қазіргі күні металдардың бағасы төмендеді. Сондықтан да бағасы төмен болады. Екінші жобамыз – алтын өндіретін технология. Ол екі әдіс арқылы жүзеге асырылады. Біріншісі –пирометаллургиялық тәсіл. Ол алтынға су араластырмай, құрғақ күйінде пешке салып, іске асырылады. Ал, гидрометаллургиялық әдіс – суға еріту арқылы өндіріледі. Мәселен, алтынның құрамында.Мәселен, күкірт пен мышьяк көп болса, ол пирометаллургия әдісімен арқылы екеуі бөліп, алып тастайды. Алтынды олардан боасытып алу керек. Құрамында күкірті онша көп болмаса, гидрометаллургия тәсілімен жүзеге асады. Қазақстанда, Қырғызстанда,Ресейде біз тапқан пирометаллургиялық әдіс бойынша алынады. Елімізде 15- тен астам өндіретін мекеме салынды біз технологияны пайдалану арқылы таза алтынды алып отыр. Қазақстанда шығатын алтынның әрбір үшінші тоннасы біздің технололгиямен шығады. Тек Отанымызда ғана емес, Қытайда 6 -7 тонна, Қырғызстанда 10 тонна алтын біздің технологиямен шығарылады. Міне, біздің технологиямызды шетелдіктер сатып алып жатыр, демек жақсы деген сөз.

 

- Алда қандай жоспарларыңыз бар?

 

- Дүнеижүзінде алу қиын ферросилиций деген құйма бар. Біз оны күріштің қауызынан алуды жоспарлап отырмыз. Ол - темір мен кремнийдің құймасы. Дүние жүзінде 7 млн тоннадай ферросилиций алады. Бірақ оның құрамында мүлде аллюминий болмауы керек. Әлемде өндіретін құйманың құрамында 2 пайыздай аллюминий бар. Оны тазалауға көп ақша кетеді. Күріштің қауызында алюминий жоқ, көмір бар, бірақ, ол - органикалық зат. Оны пешке салып, таза ферасилици алудың әдісін таптық. Оған да қызығушылық бар қазіргі таңда. Қанша жасасаңыздар сонша сатып алуға дайынбыз деген әлемдік алпауыт компаниялармен келісімшартқа қол қойып қойдық. Жақын арада басталады. Болат өндірісінде пайдалануға таза ферасилици керек. Біз оның Қызылорададан 40 мың тоннасын өндіреміз. Одан көп өндіруге күріш жоқ бізде. Екінші зауытты Бразилияда салмақшымыз. Ол әлем бойынша күріш өндіруден екінші орындағы мемлекет.

 

- Әңгімеңізге рахмет!



Источник: www.baq.kz