Асыл металдарды шығара отырып техногенді жаралымдарды өңдеу технолгогиясын әзірлеу
Қысқаша сипаттама:
Қазақстанның байыту және алтын шығаратын фабрикаларының үйінді қалдықтары құраған технологенді жаралымдардан алтын мен түсті металдарды келесілерді пайдалана отырып алудың аралас технологиясы әзірленді: байытудың гравитациялық, флотациялық, гидрометаллургиялық әдістерін, техногенді шикізатты өте ұсақ ұнтақтауды, қойыртпақты кондициялаудың оригиналды әдістерін, жаңа реагенттік режимдерді.
Технология мүмкіншіліктері:
- байыту өндірісінің үйінділеріндегі жинақталған қалдықтарды алтын және түсті металдарды тауарлы өнімге жоғары дәрежеде өткізе отырып тиімді өңдеу;
- жаңа кен орындарды өндіруге шығындалуды болдырмай, асыл және түсті металдарды өндіру көлемін арттыру;
- байыту фабрикасының қалдық жиналған аудандарының жайлы экологиялық жағдайын қалыпқа келтіру.
Дайындық дәрежесі:
Сынақтар жүргізу, технологиялық регламенттерді әзірлеу.
Қолдағы патенттер:
Технологиялар патенттермен қорғалған.
Серіктестері:
«Алтыналмас»АК» АҚ;
«Қазақалтын» ТМК» АҚ.
Байланыстар:
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «ШҒЗТКМИтүстімет» ЕМК
070002, Өскемен қ., Промышленная к.,1
Тел.: 8(7232) 753773, 221101
Факс: 8(7232) 753771, 753773
E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек