KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

Алтын-мышьяк концентраттарын қайта өңдеу технологиясы

 

Қысқаша сипаттама:

 

Берік және ерекше берік алтын-мышьяк шоғырларын алдын-ала дйындау тәсілі әзірленді. Ол алтын алудың дәстүрлі гидрохимиялық әдісімен қатар, мыс, қорғасын өндірісінде көміртек және силикатты құраушылар болғанда флюстеуші қоспа ретінде пайдаланыла отырып, пирометаллургиялық қайта өңдеу тәсілімен тізбекті өңделуге қажет өнім алуға мүмкіндік береді.

 

Бұл технологияның негізгі артықшылықтарына келесілер жатады:

  • мышьякты 96-98 % сульфидтер түрінде айдай отырып материалды ашу;
  • күкіртті газды толық пайдаға асыру;
  • газ ағыны жылдамдығы аз болады, соның нәтижесінде шаң шықпайды, бұл алтынның жоғалуын болдырмайды;
  • аппаратуралық пішіндеудің қарапайымдылығы және шахталық пештің төменгі бөлігінде сульфидтердің жануының экзотермиялық реакциялар жылуын пайдалану есебінен қуаттың үнемделуі.

 

Алтын-мышьяк концентраттарын өңдеудің технологиялық сұлбасы

Алтын-мышьяк концентраттарын өңдеудің технологиялық сұлбасы

 

 

Дайындық дәрежесі:

 

Күйдіру үрдісін аппаратуралық пішіндеу мен жүргізуге технологиялық регламенттер бар.

 

Тотықтау-сульфидтеу күйдіруінің технологиясы «Якутзолото» бірлестігіне, ҚХР кәсіпорындарына енгізілген және Бақыршық ТМК-ында тәжірибелік-өнеркәсіптік ауқында тексерілді.

 

 

Мышьякты арсенопириттік шикізаттан тотықтыру-сульфидтеу күйдіруі арқылы алу технологиясы

1 – түйіршіктегіш; 2 – сұйық отынды жағуға арналған оттық; 3 - кептіргіш пеш; 4 – шаң камерасы; 5 – желдеткіш; 6 - күйдіру пеші; 7 – конденсатор; 8 – науаша түсіргіш, 9 – мышьяк сульфидтерін балқытуға арналған пеш.

 

Мышьякты арсенопириттік шикізаттан тотықтыру-сульфидтеу күйдіруі арқылы алу технологиясы

 

 

Қолдағы патенттер:

 

Технология ҚР патенттерімен қорғалған.

 

Серіктестері:

 

«Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС;

«Қазцинк» ЖШС.

 

Байланыстар:

 

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «Ж. Әбішев атынд. ХМИ» ЕМК

Қарағанды қ., Ермеков к., 63

Телефон: (7212) 43-31-64

Факс: (7212) 43-31-61

E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек