KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

Енгізу

 

Ұлттық орталықта жасалған ғылыми-техникалық әзірлемелер мынадай отандық өндірістік кәсіпорындарда ендірілген: «Бақыршық тау-кенөндіру кәсіпорны» ЖШС, «Қазхром» ТНК» АҚ, «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс»Корпорациясы» ЖШС, «Алел» ФИК АҚ, «Сары-Қазына» ЖШС, «Қостанай минералдары» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК АҚ, «Васильковск КБК» АҚ, «Өркен» ЖШС, «Тау-кен компаниясы» ЖШС, «ССГПО» АҚ, «АрселоМитталТеміртау» АҚ, «NOVA-ЦИНК» СП ЖШС, ENRC және т.б.

 

«Химпром» Жамбыл фосфор зауыты мен Теміртау химия-металлургия зауыты марганец балқымасын шығаратын өндіріс болып қайта мамандандырылды.

 

Экібастұз қаласында кешенді жаңа ферросиликоалюминии балқымасын алатын шағын өндіріс құрылды.

 

Қарағанды қаласында күйдірілмейтін энергетикалық көмірден – арнаулы кокстің – көміртегін қалпына келтіретін жаңа түрін өндіретін кәсіпорын ұйымдастырылды.

 

Өзінің құрылымы мен жартылайфункционалды қасиеттеріне байланысты Қазақстан импорттайтын бірқатар химиялық өнімдерді алмастыра алатын, күріш қыпығын өңдеуден алынатын кремнийкөміртегі мен органикалық өнімдер өндіретін кәсіпорындар құрылуда.

 

«Бақыршық кенөндіру кәсіпорны» ЖШС-де күйдіріп-цианиттеу жүйесі бойынша «Бақыршық» кенорындарының көмірлі-мырышты алтынқұрамды кендерін өңдеу жөніндегі технологияны жүзеге асыру қолға алынды.

 

Қарағанды облысындағы Саран қаласы мен Жаңаарқа кентінде көмірді термототықтырып кокстеу технологиясын жүзеге асыруға орай завод құрлысын салу қолға алынды.

 

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК қызметі Казақстанмен ғана шектеліп қоймайды. Ұлттық орталық алыс, жақын шетел әріптестерімен де тығыз байланыста. Ұлттық орталықтың технологиялары бойынша Италия, Канада, Боливияда қорғасын зауыттары, Өзбекстан мен Қазақстанда мырыш зауыттары салынды, Ресейде мырыш зауыты, Қытай, Ресей, Қырғызтан, Өзбекстанда алтын өндіретін фабрикалар салынуда. Қытайдағы жұмыс істеп тұрған қорғасын зауытын жаңарту мен жаңа құрылыс салуда КИВЦЭТ қондырғысы мен КИВЦЭТ-үрдістерін пайдалануға лицензиялық келісім-шарт жасалынды. Қырғызстанда ферросиликоалюминий зауыты құрылысының жобалық қужаттамасы дайындалуда және Канада мен Исландияда ұқсас зауыттардың құрылысы бойынша келіссөз жүргізілуде.