KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

«Казкерн» геология және минералдық шикізаттың экономикасы институты

 

«Казкерн» геология және минералдық шикізаттың экономикасы институты» Қазақстан Республикасының геология саласын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету, экономиканы жаңа шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуына ықпал ету мақсатында құрылған.

 

Қызметінің мақсаттары :

Геология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу және пайдалы қазбалар кен орындарын игеру, қара, түсті, сирек және асыл металдарды болжау мен іздеу, кен орындарды ашу және минералдық шикізатты өндіру мен қайта өңдеу әдістері бойынша ұсыныстар беру арқылы оларды экономикалық бағалау.

 

Қызметтердің негізгі түрі:

    kazkern
  • іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
  • иннновациялық жобаларды сараптау мен салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды жасауға қатысу, тәжірибе-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға ықпал ету;
  • халықаралық тәжірибелерді жалпылау негізінде инновациялық технологиялар мен ҒЗТКЖ салалары бойынша басым даму бағыттарын анықтауға қатысу;
  • Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат базасын зерттеу мен болжамдауға жүйелі талдау;
  • пайдалы қазбалар кенорындары мен кен кездесулерін кешенді геология-физикалық зерттеу;
  • kazkern2
  • инженерлiк-геологиялық, инженерлiк-геодинамикалық, тау-кен-техникалық, гидрогеологиялық және жер табиғатын зерттеуді, техникалық мелиорациялауды, аймақтық және инженерлiк геологияны кешендi жүргiзу;
  • минералдық ресурстар кен орындары мен қорларын бағалау;
  • тау-кен-геологиялық iзденістер мен жұмыстарды ұйымдастыру;
  • ғылыми-техникалық, білім беру және экономикалық қызмет салаларындағы халықаралық ынтымақтастық ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттау, халықаралық және республикалық конференциялар, симпозиумдар ұйымдастыру және өткізу;
  • kazkern3
  • негізгі бейінді қызметтер бойынша әдістемелік құралдар мен ұсыныстарды, ғылыми еңбектердің нәтижелерін әзірлеу және ендіру;
  • қатты пайдалы қазбалар қорын есептеу әдістері мен іздестіру-барлау жұмыстарының әдістерін жетілдіру;
  • қатты пайдалы қазбаларға геологиялық барлау жұмыстары мен минералдық шикізат экономикасы.

 

Байланыс ақпараттары:

Қазақстан Республикасы, 050046

Алматы қаласы, Абай даңғылы 191, 4-қабат

Тел./факс: 8 (727) 376 51 76

E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек

Web site: www.kazkern.kz