Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен-металлургия түсті металдар институты
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РКМ-ның ШҒЗТКМИтүсмет міне 60 жылдан астам алтынқұрамды және полиметал кендерін өндірумен, байытумен, металлургиялық өңдеумен және олардан түсті және асыл металдар алу мәселесімен айналысып келеді.
Институт мына жұмыстарды атқаруға мамандардырылған:
Тау-кен саласындағы қызметтер мен жұмыстарды кендік кенорындарды қазбалауда қолданыстағы бар технологияларды жетілдіру мен жаңасын жасау; кендер мен тау жыныстарының құрылымдық, технологиялық және физика-механикалық қасиеттерін зерттеу; кенді кенорындарын қазбалаудағы технологиялық параметрлерін геомеханикалық негіздеу; кен сапасын басқару жүйесі мен кенді дайындау әдістерін оңтайлы игеру мен іздестіру; тау-кен-металлургия кешендерінің қалдықтарын пайдалана отырып толтыру жұмыстарының технологиясын игеру мен дайындау: жаңа жарылғыш заттар жасау және осылардың негізінде бұрғылаужарылыс жұмыстарының технологиясын жетілдіру; жерасты рудниктерінде ауаны шаңсыздандыру заттары мен әдістерін, желдетудің тиімді жүйесін ендіру мен жасау; жерасты тау-кен жұмыстарын механикаландыру; геологиялық мәліметтер базасын құру үшін ақпараттық технологиялар мен кешенді бағдарламалар жасау, массивтер жағдайларын, аппараттар мен технологиялық үрдістерді басқаруды қамтиды.
- Байыту саласындағы қызметтер мен жұмыстарды түсті металл кендерінен барлық пайдалы қазбаларды кешенді ала отырып, байытудың қолданыстағы технологияларын жетілдіру мен жаңасын жасауды; жоғарытиімділікті флотореагенттер синтезі; кен байытудың құрамдастырылған (комбинированных) гравитациондық-флотациялық үрдістерін және қиын балқытылатын кендерді өңдеудің металлургиялық-байыту сызбасын жасауды; техногенді шикізаттар мен полиметалл кендерінен күміс пен алтынды алудың тиімді технологиясын жасауды қамтиды.
- Металлургия саласындағы қызметтер мен жұмыстарды құрамында түсті және асыл металдары бар түрлі шикізаттарды өңдеуге арналған автогендік үрдістерді ендіру мен жетілдіруді; металлургия өндірісінің қалдықтары мен өндірістік өнім қалдықтарынан бағалы компоненттерді алудың жаңа тәсілдерін жасауды: асыл және түсті металдар өндірісіне арналған қолданыстағы бар гидрометаллургиялық үрдістерді жетілдіру мен жаңасын жасауды; газды тазарту, шаңды тиімді ұстайтын жүйелерді жасауды; түсті металл өндірісінің дамуына экономикалық болжамдар мен металлургиялық мәселелерді шешуге арналған компьтерлік технологияны қолдануды қамтиды.
Соңғы жылдарда жасалған жұмыстарды ендіру
- Кенорындарын қазбалаудағы технологиялар мен технологиялық регламенттер: Обручев, Долинное, Риддер-Сокольный («Қазмырыш» ЖШС), Шалқия, Талап («Шалқия-Мырыш» ЖШС), Алпыс («Майқайыңалтын» АҚ), Бақыршы («Бақыршық КӨК» ЖШС), Суздаль («АЛЕЛФИК» АҚ).
- Мыс тауарлы өнімін ала отырып тотыққан мысты үймелеп сілтілеу технологиясы: Ақтоғай, Бозшакөл кенорындары («Қазақмыс»Корпорациясы» ЖШС), Тоқтаров («Тоқтар ГРК» ЖШС), Қоңырат руднигінің үйінділері («Сары-Казына» ЖШС).
- «Үлбі» зарядты-араластырғыш машиналар типінде өнеркәсіртік ИГДАНИТ – ЖЗ дайындау үрдісіндегі технологиялар мен технологиялық регламент: «Қаражира ЛТД» ЖШС, «Шалқия Мырыш» ЖШС, «Богатыр-Аксес Көмір» ЖШС.
- Бетонқұятын кешенді жобалаудағы құю жұмыстарының технологиясы мен технологиялық регламенті: Бақыршық руднигі («Бақыршық КӨК» ЖШС), Артемьевский («Қазақмыс»Корпорациясы» ЖШС), Суздальский («Алел ФИК» АҚ), Первомайский («Қазхром ТНК» АҚ), Үшқатын (Жәйрем КБК» АҚ), Талдыбұлақ Солжағалау (Қырғыстан), Алроса (Ресей).
- Кендерді байыту жөніндегі технология мен технологиялық регламенттер: Шалқия кенорны («Шалқия-Мырыш» ЖШС), Артемьевск, Нұрқазан, Абыз кенорындары («Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС), Тишинск («Қазмырыш» ЖШС), Обуховск («Геинцентр» ЖШС).
КИВЦЭТ технологиясы: лицензиялық шартар негізінде «Комибол» (Боливия), «Қазмырыш» ЖШС (Қазақстан), «Портовезму» (Италия), «Тек Коминко» (Канада), Jiangxi Copper Corporation (Қытай), Zhuzhou Smelter Group Co., Ltd. (Қытай) қорғысын зауыттары соғылды.
- Жылына өнімділігі 180 мың тонна чушкалы (қалыпты н/е тауарлы) мырыш шығаратын мырыш зауыты құрылысының технологиялық регламенті: «Уралмеханобр» ААҚ.
- Тотыққан никельді кендерді автоклавты және атмосфералық сілтілеу технологиясы: Семей, Ақтөбе кенорындары («Қазмырыш»).
- Тауарлы күміс ала отырып қорғасынды-күміс кендерді өңдеу технологиясы: «Прогноз» кенорны (Ресей).
- Өнеркәсіпорнының қызмет зоналарындағы қоршаған ортаға өндірістік маниторинг жүргізу: «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС.
- Кәсіпорындарға өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы: «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС.
- Қалдықтармен жұмыс істеу нормативтер жобасы: «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Ертіс жерсирекметалдар компаниясы» ЖШС.
- «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» атындағы шахта қорын қазбалау және аршу жұмыстары: «Первомайский» кенорны («Қазхром ТНК»);
- қауаттылығы жылына 100 мың м3 бетонқұятын кешен: «Первомайский» кенорны («Қазхром ТНК»);
- тотыққан алтынқұрамды кендерді өңдеуге арналған үймелеп сілтілендіру (шаймалау) қондырғысы: Ауданқалалық кен даласы («Голд Ленд» ЖШС);
- байыту фабрикаларының ұнтақтау-реттеу кешендері: «NOVO –Цинк» ЖШС;
- кендік құмдарды өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы: Обуховск титан-цирконии кенорны («Геоинцентр» ЖШС);
- хромитті кендерді өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы: Сивас пен Денизли аудандары (Түркия).
Байланыстар:
Қазақстан Республикасы, 070002
Өскемен қаласы, Промышленная көш., 1
Тел. 8(7232) 50-34-60, 75-37-73
Факс 8(7232) 75-37-71, 75-37-73
E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек
Web Site: http://vcm.ukg.kz