KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

«ҚАЗМЕХАНОБР» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі

kazmehanobr-logo

 

«Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркісіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі 1958 жылы құрылған, «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК еншілес мемлекеттік кәсіпорны статусына ие.

 

kazmechanobr«Қазмеханобр» құрылымы ғылыми және жобалау бөлімшелерін біріктіреді, сондай-ақ республика бойынша жаңа кенорындарының кендерінің байытылуын жартылайөндірістік сынақтан өткізетін, ҚР ГКЗ қорларын бекітуге арналған мәліметтер беретін жұмыс істеп тұрған бірден-бір тәжірибе фабрикасы бар, ағызынды мен ауыз суларды тазарту, табиғатты тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау, полиметал мен алтын құрамды кендерді байыту саласында жасалған тиімділігі жоғары технологияларды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.

Бірлестік мына жұмыстарды атқаруға мамандардырылған:

  • Технологиялық зерттеулер мен қызметтер техногенді және кендік шикізат нысандарының құрамы мен оның технологиялық сипаттамасын зерттеуді; ағызынды сулар мен топырақты биохимиялық тазартуды; кендердің барлық түрлерін өңдеу режимі мен технологиялық схемасын, жаңа технологияларды жасауды; өндірістерді жаңарту мен жобалауға арналған технологиялық регламенттер мен ғылыми негізделген нұсқаулықтар жасауға; бақылау аспаптары мен қондырғыларды және құрал-жабдықтарды дайындау мен жасауды қамтиды.
  • Экологиялық зерттеулер мен қызметтер қоршаған орта жағдайын болжамдау мен бағалау, мониторинг жүргізуді, kazmechanobr3соның ішінде ғарыштық индустрия, химия өнеркәсібі, кен-металлургия кешендерінің кәсіпорындары қызметін: стандарттарды, ғылыми-негізделген эколгиялық нормативтерді жасауды; табиғи ресурстарды тиімді әрі кешенді пайдалануды негіздеуді; экологиялық аймақтандыруды; қалдықтарды жинау мен ПДВ, ПДС жобаларын жасауды, табиғатты пайдалануға рұқсат алумен, өндіріс қалдықтарының қауіпті сыныптарын анықтауды; экологиялық аудиттеу мен сараптау қызметтерін, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен кәдеге жаратудың технологиясын жасауды; жұмыс істеп тұрған және жобаланушы кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін бағалауды қамтиды.
  • Жобалау жұмыстары гидрометаллургиялық құрылыстар, қалдық шаруашылығын, байыту фабрикалары мен тау-кен өндіру кешендері құрлысы жобаларын жасауды; жануарлар қалдықтарын көметін, ТҚҚ полигондар құрылысының ТЭН жасауды; жұмысшы құжаттарын бере отрып кешенді жобалауды қамтиды.

Соңғы жылдарда жасалған жұмыстарды ендіру

  • kazmechanobr2Жұпыны алтынқұрамды техногенді және кендік шикізаттардан алтынды үймелеп сілтілеу технологиясы. Белсенді көмір мен ионалмастырғыш шайырды пайдаланып ерітіндіден алтын алу технолгиясы: Жанан, Мукур,Суздаль, Миялы, Мизек, Балажал, Комаровск, Бестөбе, Үзбой.
  • Бір аппаратта жүретін ионалмастырғыш шайырдың регенерациясы мен алтын десорбциясының жоғарытиімділікті технологисы: «Алтын-Төбе» ЗИП ЖАҚ ГРК, «Андас-Алтын» ГРК ЖШС Доре зауыты, «Семгео» АҚ Балажал руднигі, «Сага Крик Голд Ккомпани» СП ЖШС Доре зауыты, Васильковск КБК, Макмальская ЗИФ (Қырғыстан).
  • «Кентөбе» кенорнының темір кендерін өңдеу технлогиясы: «Өркен» ЖШС, «Испат-Кармет» АҚ.
  • «Рубцовск» кенорнының мыс-қорғасын-мырыш-алтын құрамды колчедан кендерін өңдеу технологисы: «Российская рудная компания» АҚ (Ресей).
  • Түрлі кәсіпорын (хром кендерін өңдейтін «Восход» байыту фабрикасы, алтынмыс өңдейтін зауыт (Варваринское), никельді кендерді өңдейтін зауыт, модульді типтегі қоқыс өңдейтін кешен «Алматы, Астана, Тараз) күкіртқышқыл зауыты) нысандары бойынша жұмысшы құжаттары мен жобасыжәне олардың техникалық жолдамасы: «Казхром» ТНК АҚ, «Варваринское» АҚ, «Алтын-ТЕТ» жшс; «ГРК Қазақстан никелі» ЖШС, «Алтайполиметалл» ЖШС, «МДМ» (ОАР), «Метчел» (Ресей), «Кожема» (Франция), Корпорация «Золото Китая», «DRA Internationak» (ОАР), Имабе-Иберика (Испания), «Союз» (Ресей), «Баран Инжиниринг» (Израиль), «СКЗ-U» ЖШС, «Катк» СП ЖШС, «Desmet Ballestra s.p.a.» (Италия), «Oriel Recourses» (Ұлыбритания).

Байланыстар:

Қазақстан Республикасы, 050036

Алматы қаласы, Жандосов көш., 67


Телефоны:

8 (727) 309-25-82 (қабылдау бөлмесі – хатшы)

8 (727) 309-25-79 (қабылдау бөлмесі – факс)


e-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек


Web Site: http://kazmekhanobr.kz