KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

 

Өнеркәсіп саласындағы ғылыми жаңалықтар

 

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Медиа-орталығында Қазақстанның тау-кен металлургия және химия салаларын жаңа технологиямен дамыту мәселелеріне арналған баспасөз конференция өтті.

 

БАҚ өкілдеріне тау-кен металлургия және химия салаларына енгізілген ғылыми жаңалықтар жөнінде Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Баитов, «Қазақстан Республикасының минералды шикізаттарды кешенді өңдеу ұлттық орталығы» РМК Бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының ғылым және техника саласы бойынша екі мәрте лауреаты Әбдірасыл Жарменов және «Инфекцияға қарсы преператтар ұлттық орталығы» АҚ зерттеу базасының басқарушысы Айтуған Сәбитов айтып берді.

 

Қанат Баитов атап өткендей, тау-кен металлургия саласы елдің ұлттық экономикасының едәуір бөлігін құрайды. Қазақстандық шикізат күрделі, төмен концентратталған, байытылуы да қиын болып сипатталады. Осыған байланысты тау-кен металлургия кәсіпорындары үшін жаңа технологиялар жасау мәселелері өте өзекті.

 

Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық минералдық шикізат көздерін сақтау мен кеңейтуді және қазақстандық өндіріс үшін жаңа өнім ала отырып, оны қайта өңдеудің кешенділігін қамтамасыз етеді және елдің индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік міндеттерін шешуге белсенді атсалысуда.

 

Әбдірасыл Жарменовтың айтуынша, қазақстандық алтынның үштен бірі «ҚР минералды шикізаттарды кешенді өңдеу ұлттық орталығының» технологиясымен өндіріледі. Ұлттық орталықта минералдық және техногендік шикізаттан ванадий, титан, ниобий, сурьма, рений, осмий-187, молибден, вольфрам сияқты металдардан концентрат, химиялық қосылыстардан және металдар түрінде алу мен өндіруден көп тәжірибе жинақталған. Өнеркәсіптік ауқымда Қаратау кварцитінен технологиясын қайта өңдеуді енгізу метаванадат аммониін алу арқылы, осмий-187 алу технологиясы енгізілді, соның арқасында Қазақстан тұрақты изотоптар өндіретін үш озық елдің қатарына енді.

 

Соңғы жылдары Ұлттық орталықтың ғалымдары «Ғылым қоры» АҚ-ның қолдауымен өткізілген ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру процесіне белсене қатысуда.

 

Жалпы алғанда, ҚР МШКҰ ҰО-ның ғылыми-техникалық жасалымдарының негізінде әлемнің әртүрлі бөліктерінде 3,5 млрд.$ астам инвестицияны құрайтын ондаған зауыттар мен фабрикалар салынды.

 

Осы кәсіпорындардағы жыл сайын өндірілетін тауарлық өнімдердің жылдық бағасы ағымдағы бағамен 4,0 млрд. доллардан асады. Қазіргі уақытта Қазақстанда және шет елдерде де бірнеше технологиялар коммерцияландырылуда, жаңа өндіріске салынған инвестициялардың жалпы көлемі осылардың неізінде кейінгі бір-екі жылда 2,0 млрд. доллардан асады.

 

Источник: Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі