KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

ПОСТ-РЕЛИЗ

 

2019 ж. 4-5 сәуірінде Алматы қаласында «Қазақстанның экспортқа бағдарланған индустрияландырудың негізі ретінде жаратылыстану ғылымдары саласындағы инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясы, «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ы.

 

Конференцияға Қазақстаннан, Ресейден, Қытайдан, Ираннан, Швейцариядан, Германиядан және БАЭ-нан 200-ге жуық адам қатысты.

 

 

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы, Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығының бас директоры, академик Ә.А. Жәрменов аша отырып:

 

«Біз бүгін екі жақты мерейтойды атап өтіп отырмыз: Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының құрылғанынына 10 жыл және Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі ұлттық орталығының құрылғанынына 25 жыл», - деп айтты.

 

Өткізіліп отырған конференцияны есеп беру конференциясы деп айтуға болады, өйткені ол жаратылыстану ғылымдары, минералды шикізатты кешенді өңдеу саласындағы заманауи ғылыми жетістіктер мен өңдеуші сектордағы инновациялық жасалынымдарды, оның ішінде Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру мақсатындағы Елбасының Жолдауы мен ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға бағытталған ҚазҰЖҒА мен «ҚР МШКҰ ҰО» РМК-ң жетістіктерін талқылауға арналған.

 

Мерейтойдың әрбір иегерінің есебінде ғылым және өндірісші қоғамының құрметі мен назарына лайықты жетістіктер аз емес. Бұл Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы ұсынған және мемлекеттік деңгейде жүзеге асыруға қабылданған «2050 жылға дейін Қазақстанның болашақ тұрақты энергетикалық стратегиясы» концепциясы; «Жібек жолы «Евразия» каналы арқылы» жобасын іске асыруға арналған 2050 жылы жылына 120 млн. т жүк тасуға болжамданған Каспий мен Қара теңіздің арасын қосатын «Евразия» каналының негіздемесі; ҚР-ның қабылданған «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» заңы; Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық дамуын ғылыми қамтамасыз ету бойынша ұсыныстары.

 

Екі ұйымның синергизмі ғылым мен бизнестің интеграциялану үрдістерін дамытып, елімізде және халықаралық аренада инновациялық технологиялардың өндіріске ендіру нәтижесін арттырып жұмыс атқаруы ғылыми тандемнің жақсы үлгісі болып табылады. Мұның дәлелі ретінде Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы сәтті бастамалық еткен ҚР ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы Мемлекеттік сыйлығын алуға бірлестікте ұсынылған «Болат өндірісінің бәсеке қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін, төмен сапалы (фосфоры жоғары қоңыртемірлі) және техногенді шикізаттарды өңдеуге тарту бойынша әлемдік деңгейдегі технологияларды жасау және оларды коммерцияландыру» атты жұмысы бойынша ҚазҰЖҒА академиктері мен ҚР МШКҰ ҰО ғалымдары және өндірістік сектор мамандары бірлесіп алған ең жоғары ғылыми награданы айтуға болады.

 

Ә.А. Жәрменов кәсіпорынның осы жылдар ішінде жұмыс істеуіне қолдау көрсеткен және технологияларды өндіріске ендіру мақсатында ғылыми нәтижелерді өндірістік масштабта сынақтан өткізуге көмектескен серіктестері мен әріптестеріне алғысын айтты.

 

 

Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың атынан Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Баитов Қанат сөз сөйледі. Ол «ҚР МШКҰ ҰО» РМК-ы ғалымдары жасаған технологиялар халықаралық аренада Қазақстанның беделін арттыратынын атап көрсетті. Бұл біздің елімізді тұрақты изотоптар өндірісінің үштік көшбасшы тізіміне ендірген осмийлі концентраттарды өңдеу арқылы ең таза осмий-187 изотопын алу технологиясы. Түрлі континенттерде сапасы төмен қорғасынқұрамды шикізаттан балқытылатын біріншілік қорғасынның оныншы үлесін өндіріп отырған КИВЦЭТ технологиясы. Дүние жүзінің көптеген елдерінде патенттелген және әлемдік металлургия алыбы Thyssen Krupp AG және POSCO-мен бірлесіп жүзеге асырылып отырған болатты қышқылсыздандыруға және модификациялауға арналған «Қазақстандық» қорытпасын алу технологиясы. Республикамызда асыл металдың әрбір үшінші тоннасын алуды қамтамасыз етіп отырған алтынқұрамды шикізаттарды өңдеудің бірегей технологиялары. Алынған нәтижелер қазақстандықтардың әл-ауқатын артыруға және мемлекетіміздің нығаюына сөзсіз ықпал етеді.

 

Конференцияға қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөзде ұйымдастыру комитетінің тең төрағасы, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының Президенті, экономика ғылымдарының докторы, академик Н.А. Абықаев өткен уақыт аралығында Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, проблемаларды шешу бойынша, Елбасының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша жаратылыстану ғылымдарының тәжірибелік нәтижелерімен және нарықтық талаптарға бейімделуі мен экономиканың негізгі секторларын ғылыми қолдауда еліміздің беделді ғылыми орталығы екендігін атап өтті.

 

Мерейтой иелерін құттықтаумен Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының Вице-президенті А.Т. Спицын, Ресейдің бірінші президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федеральді университетінің ректоры В.А. Кокшаров, аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Ғ.М.Мутанов, ҚР Парламентінің Сенат депутаты, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының Президенті, физ.-мат. ғылымдарының докторы, академик Б.Т.Жұмағұловтың атынан ҚР ҰИА бірінші вице-президенті Н.К. Надиров, Отандық және шетелдік тау-кен орындарының басшылары мен өкілдері («Алтыналмас» АҚ, ЖШС «Казхром») құттықтады.

 

Салтанатты отырыс ҚазҰЖҒА мен «ҚР МШКҰ ҰО» РМК-ң көрнекті ғалымдары мен мамандардын Қазақстан Республикасы Индустрия және Инфрақұрылымдық даму Министрлігінің, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым Министрлігінiң, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының марапаттауымен аяқталды.

 

 

Пленарлық отырыста төмендегі мәселелер талқыланды:

 

1. «Ғылым қорының коммерцияландырудығы ғылыми және ғылыми –техникалық нәтижелері» АҚ қызметі.

Баяндамашы - Султанғазин Ануарбек Жалелұлы, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы, академик, э.ғ.д. (Қазақстан) (Казахстан)

 

2. Индустрия 4.0. технологиялары. Ресейдің бірінші президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федеральді университетінің тәжірибесі және құзыреттілігі

Авторлық ұжым: Кортов С.В., Сапогов М.В. (Ресей)

Баяндамашы: Кортов Сергей Всеволодович, Ресейдің бірінші президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федеральді университетінің бірінші проректоры, э.ғ.д, ф.-м.ғ.к, профессор (Ресей)

 

3. Блокчейн технологиясын пайдалану және блокчейнді сауатты түрде импорт пен экспорт үрдісінде жетілдіру

Баяндамашы: Тунжай Севиндик, Виссен университетінің ректоры (Швейцария), доктор философии PhD

 

4. Темір және ферроқорытпа өндірісіндегі қалпына келтіру процестерінің электрондық механизмі

Авторлық ұжым: Рощин В.Е., Гамов П.А., Рощин А.В., Салихов С.П. (Ресей)

Баяндамашы: Рощин Василий Ефимович, Бас ғылыми қызметкер, Оңтүстік - Орал мемлекеттік университетінің пирометаллургиялық процессі кафедасының профессоры

 

5. Импульстік әсер технологиясы – қалдықтарды өңдеудегі жаңа сөз

(Швейцария) ұжымның авторы: Christoph Muther, Igor Patrushev

Ұсынушы: Игорь Патрушев, ТМД- дағы Plane Solutions SA директоры

Plane Solutions SA

  

Панелдік сессияның барысында конференцияға қатысушылар ғылыми-зерттеу нәтижелерін және келесі бағыттар бойынша болашақ перспективалар талқыланды:

  • Тау-кен саласындағы және байытудағы заманауи технологиялар;
  • Қара металдар мен ферроқорытпалардың металлургиясы: теориядан коммерциализацияға;
  • Түсті, асыл және сирек металдар металлургиясы: Отандық және халықаралық тәжірибе;
  • Табиғи ғылымдар бағдарламасы «Индустрия 4.0».