KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

 

 «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөнінденгі ұлттық орталығы» РМК-ның Ғылыми кеңесі жөніндегі ереже

 

1. Жалпы ереже

 

1.1. «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК Ғылыми кеңесі (бұдан әрі - ҒК) «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның (бұдан әрі-Орталық) консультативтік – кеңесші органы болып табылады

1.2. ҒК өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы «Ғылым туралы» Заңын, салалық бағдарламаларды, ғылым саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Орталықтың жарғысы мен осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. ҒК дербес құрамын бас ғылыми хатшының ұсынуы бойынша Орталықтың Бас директоры екі жыл мерзімге бекітеді. ҒК құрамына лауазымы бойынша Бас директор, Бас директордың бірінші орынбасары, бас ғалым хатшы, бас директордың кеңесшісі, директорлардың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарлары және Орталықтың филиалдарының ғылыми хатшылары, Астаналық филиалдың директоры, орталықтың ғылыми зерттеулер департаментінің директоры кіреді. ҒК-ның басқа мүшелері Орталықтың ғылыми, ғылыми-техникалық қызметін жүзеге асыруға және кадрлар даярлауға жауапты қызметкерлері қатарынан ҒК мүшелерінің көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы сайланады.

1.4. ҒК төрағасы Орталықтың бас директоры, ол болмаған кезде – Орталықтың Бас директорының бірінші орынбасары болады, хатшы – Орталықтың бас ғылыми хатшысы болады.

1.5. ҒК бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ қажеттілігіне қарай жиналады, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес. Егер отырысқа оның құрамының кемінде 2/3 бөлігі қатысса, онда ҒК шешім қабылдайды.

1.6. Егер отырысқа қатысқан ҒК мүшелерінің жартысынан астамы оларға дауыс берсе ҒК шешімдері қабылданды деп есептеледі. Шешімдер ашық дауыс беру арқылы қабылданады, қажет болған жағдайда жасырын дауыс беру жүргізіледі.

1.7. ҒК шешімі ұсыныстық сипатқа ие және Орталықтың Бас директоры бекіткеннен кейін ғана күшіне енеді.

1.8. Бас ғылыми хатшының жүзеге асыратындары:

- ҒК отырысын дайындау;

- хаттама жүргізу;

- ҒК қаулысын тарату (қажет болған жағдайда немесе мүдделі тұлға талап еткенде).

 

2. ҒК басты міндеттері

 

2.1. Қазақстанның ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға, отандық ғылымды дамытудың басым бағыттарын әзірлеуге, ҚР ғылыми-техникалық саласындағы нормативтік, құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу.

2.2. Мемлекет үшін ғылымды дамытудың басым бағыттарына сәйкес Орталықтың ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатын қалыптастыру.

2.3. Орталықтың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметін ел ішінде және шетелде танымал ету.

 

3. ҒК негізгі функциялары


ҒК қойған міндеттерді орындау үшін:

3.1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің басым бағыттарын жүзеге асыру мақсатында Орталықтың ғылыми қызметінің негізгі бағыттарын талқылайды.

3.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жариялы талқылауға жататын заң жобалары мен өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарды тиісті ұсыныстар қабылдай отырып талқылайды.

3.3. Ұлттық ғылыми кеңес құрамына ұсынуға ғалымдардың кандидатуралырын қарастырады.

3.4. Орталықтың ғылыми-техникалық бағдарламасын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды қарастырады және таңдайды, ҒЗЖ орындалуы жөнінде септі тыңдайды.

3.5. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде Орталықты аккредиттеуге байланысты мәселелерді қарайды.

3.6. Ғылыми кадрларды дайындау мен кәсібилігін арттыруға байланысты мәселелерді қарастырады.

3.7. Уәкілетті мемлекеттік органның алдында Орталықтың ғылыми қызметкерлеріне қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру туралы өтініш жасайды.

3.8. Конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру және өткізу, олардың материалдарын басып шығару, тиісті ұсыныстарды қабылдай отырып, орталық қызметкерлерінің ғылыми еңбектерін басып шығару мәселелерін талқылайды.

3.9. Қазақстан Республикасы мен шет елдердің даму институттарымен, басқа да ғылыми мекемелерімен үйлестіру және ғылыми ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

3.10. Аса көрнекті ғылыми еңбектерді, ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарды мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды алуға ұсынады.

3.11. Ғылым және ҚР экономикасының басым секторларын дамытуға үлес қосқан Орталықтың ғылыми қызметкерлерінің кандидатураларын құрметті атақтар мен салалық наградаларды беруге ұсынады.

3.12. Жас және көрнекті ғалымдарды ғылым саласындағы жыл сайынғы сыйлықтар мен стипендияларға ұсынады.

3.13. Орталықтың қызметіне байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.

 

4. Құқықтары мен жауапкершіліктері

 

4.1. 4.1. ҒК мүшелерінің құқығы:

- ҒК отырысы жұмысына шешуші дауыс құқығымен қатысу;

- ҒК отырыстарында талқылау үшін ұсыныстар жасау;

- ҒК отырысының хаттамасында өзінің ерекше пікірін білдіру;

- Белгіленген тәртіп бойынша ҒК отырысына дайындалған материалдарды пайдалану.

4.2. Ч4.2. ҒК мүшелері мынаған жауапты:

- ҒК құрамында жұмыстың нәтижесіне;

- ҒК Төрағасының тапсырмасын орындауға;

- ҒК отырысын дайындауға қатысу (ҒК жұмыстарын жоспарлау бойынша ұсыныстар дайындау, сараптамалар, рецензиялар, сөйлейтін сөздерді, шешім қаулыларын дайындау);

- ҒК шешімдерін өз уақытында орындау.

4.3. Бас ғылыми хатшының құқығы:

- ҒК мүшелері мен Орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан ҒК жұмысының жоспарын қалыптастыру үшін ұсыныстар беруін талап етуге;

- баяндамашылар мен/немесе сөз алушылардан баяндамаларын және тұсаукесер материалдарын қағаз және электронды тасымалдағыштар түрінде тапсыруды талап етуге, жоспарланған отырысқа дейінгі 3 жұмыс күнінде қаулы жобасын дайындауды талап етуге;

- баяндамашылар мен/немесе сөз алушылардың қажетті құжаттары мен материалдарының тапсыру мерзімі сақталмаған жағдайда ол сұрақты күн тәртібінен алып тастау туралы ҒК Төрағасына ұсыныс жасауға құқылы.

4.4. Бас ғылыми хатшы ҒК отырысының күн тәртібін дайындауға және оның өтетін күні мен орны туралы мүшелерді хабардар етуге жауапты.

 

5. Өзара қарым-қатынастар. Қызметтік байланыстар

 

5.1. Бас ғалым хатшы өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру және оған жүктелген міндеттерді шешу шеңберінде Орталықтың барлық құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, ҒК мүшелерімен өзара қатынас жасайды.

5.2. Бас ғалым хатшы өз құзыреті шегінде құжаттарға бұрыштама жазып, қол қояды, Орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми қызметкерлерінің қолдарын растайды, құжаттардың көшірмелерін куәландырады, қарастырылған сол немесе өзге де мәселелер бойынша қабылданған шешімдерді қарау жөніндегі ҒК отырысының хаттамасынан үзінді көшірмелерді дайындайды және береді.

 

6. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

6.1. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бас ғылыми хатшының ұсынысы бойынша Бас директордың бұйрығымен жүзеге асырылады.