KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

«ПРОМЫШЛЕННОСТЬ КАЗАХСТАНА» ЖУРНАЛЫ

тұрақты негізде мақалалар қабылдайды

 

және авторларды ынтымақтастыққа шақырады!

 

 

 

pk_m


2000 жылдың маусым айынан бастап шығарылады.

 

Мерзімділігі: жылына 4 нөмір

 

 

Журналда талдаулар, шолулар, «Мұнай», «Энергетика», «Индустрия», «Сараптама», «Технологиялар», «Стандарттау», «Экология», «Заңнамалар» айдарларында мамандардың пікірлері, сонымен қатар «Технологиялар тендері» бөлімінде ғылыми нәтижелер жарияланады.

 

 

 

ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРДЫҢ АВТОРЛАРЫ ҮШІН ЕРЕЖЕЛЕР

Жариялауға жіберілетін материалдар пакеті келесілерден тұру керек:

  1. Осы жұмыс орындалған ұйым атынан журнал редакциясына мақаланы жариялау туралы өтініш хаты
  2. Жариялау мүмкіндігі туралы эксперттік қорытынды.
  3. Жарияланатын жұмыс саласындағы жетекші маман пікірі.
  4. Мақаланың қағаз жəне электрондық тасымалдаушы (мақала бар файлға бірінші автордың фамилиясы бойынша атау беріледі, мысалы Айымбетованың_мақаласы) түріндегі қолжазбасы.
  5. Мақаланың аңдатпасы қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде.
  6. Авторлар жайлы мағлұматтар (фамилиясы, аты, әкесінің аты, ғылыми дәрежесі, лауазымы, қызметі, жұмыс орындалған мекеменің толық аты, мекен-жайы, телефоны, e-mail).

Қолжазбаларға қойылатын талаптар:

А-4 форматының толық 5 бетінен тұратын қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдеріндегі мәтін Microsoft Word редакторында орындалуы тиіс. Шрифт - «Kz Times New Roman» немесе «Times New Roman», кегль - 12, жол аралық интервал - 1. Тегістеу – ені бойынша. Тасымалдауларды орналастыру мен беттердің нөмірі болмау керек. Шеткі өлшем: жоғарғы және астыңғы – 2 см, оң жақтағы – 1 см, сол жақтағы - 3 см.

 

Мақаланы жазғанда келесі жоспарға сүйену керек:

- ӘОК;

- автордың Ф.А.Ә.;

- мақала атауы (жолдың ортасынан бас әріппен нүктесіз, қысқартылған атауларды қолдануға болмайды);

- бос жол;

- мақаланың мәтіні.

 

Мақалада физикалық бірліктер мен белгілер Халықаралық бірліктер жүйесіне сәйкес келтірілуі керек.

 

Метрлік өлшем бірліктер мен жалпыға мәлім қысқартулардан басқа сөздерді қысқартып жазуға жол берілмейді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі МС 7.1-2003 сәйкес рәсімделеді. Мәтінде әдебиетке сілтемелер тік жақшада реттік санмен белгіленеді. Жарияланбаған жұмыстарға сілтеме жасауға болмайды. Шетелдік фамилиялар мен терминдерді мәтінде мақала тілінде, ал әдебиеттер тізімінде түпнұсқа тілінде келтіру керек.

 

Сандық мәліметтер кестесінің әрқайсысының араб сандарымен белгіленген реттік нөмірі, оның мазмұны туралы түсінік беретін аты болу керек. Кестенің нөмірін оң жаққа, ал қалың шрифттермен белгіленген атын ортасына орналастыру керек. Графалардың үстіңгі жағында шамалар атауы мен олардың өлшем бірліктері көрсетіледі. Кесте мен суретте бірдей мәліметтерді мазмұндауға болмайды.

 

Суреттер мен сызбалар 18х24 см артық емес көлемде кез келген графикалық редакторда орындалып, JPEG форматында жеке файлдармен келтіріледі. Суреттер атауы астыңғы жағынан ортасында жазылады, «Сур.» сөзімен бірге нөмір – курсивпен, сурет атауы – қалың шрифтпен.

 

Сілтеу кезінде «кесте» және «сурет» сөздерін олардың нөмірін көрсете отырып толық жазу керек, мысалы: «…1 кестеде…», «…3 суретте…», «… (кесте 2).» және т.б.

 

Фотоматериалдарды 300 dpi 100%-дық мөлшерде (ені: 1 колонна – 85 мм, 2 колонна – 175 мм). соңғы шешімі бойынша беру қажет. Еритін элементтерді масштабтауға рұқсат етілмейді 90%- дан кем емес 100%-дан артық емес.Сканирлеу үшін кінәрәтсіз (үзілген, оңған және т.б.) материалдар алынады.

 

Формулалар мен теңдеулер формула редакторында жасалады. Теңдеулер мен формулалар мәтіннен бөлек жолға шығарылып, толық мәтін бойынша ретпен дөңгелек жақшаларда араб сандарымен нөмірленіп, жолдың шеткі оң жағында орналастырылады. Әр теңдеу мен формуланың астында және үстінде бір бос жол қалдырылуы керек. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол математикалық белгілерден («=», «+», «-», «×», «:» немесе басқа) кейін келесі жолдарға көшірілуі тиіс, белгілер келесі жолдың басында қайталанылады. Формуланы көбейту операциясын өрнектейтін белгіде көшіргенде «×» белгісін қолданады.

 

Символдар мен сандық коэффициенттер мағынасына түсініктемені олардың формулада келтіру ретін сақтай отырып, тікелей формуланың астына жазу керек.

 

Бұл ережелерге жауап бермейтін қолжазбалар авторларға түзету үшін қайтарылады. Қолжазбаның келу күні болып оның түзетілген күйде алынған күн саналады (мақалалар рет бойынша жарияланады). Корректура авторға көру үшін жіберілмейді.

 

Мақаланы жариялаудан бас тартқан жағдайда редакция мақаланы авторға қайтармауға құқылы.

 

Ғылыми мақалалар «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМКға жіберіледі.

 

Мекен-жайы: 050036, Алматы қ., Жандосов к., 67

Тел.: (727) 2590070 (ішкі 136)

Факс: (727) 2590075

E-mail: Бұл e-mail мекен-жайы спам-боттардан тазартылған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған болу керек

 

Мақала авторлары үшін ережелер pdf форматында берілген