KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

Металлургия

«Казахстанский» қорытпасы мен ферросиликоалюминийді қорыту технологиясы («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК)

fsaБолатты қышқылсыздандыру, түрлендіру және легірлеуге арналған «Казахстанский» қорытпасы мен ферросиликоалюминийді қорытудың кондициялық емес көмір құрамды шикізатты қолдануға негізделген технологиясы әзірленді.

Легірлеу элементтер (ванадий, титан және т.б.) мен бейметалдық қосындылардың (кальций, барий және т.б.) элементтер-түрлендіргіштерінің қоспалары бар темір, кремний және алюминийдің алынған қорытпасы өзінің қасиеттерінің арқасында сұйық болатты жоғары дәрежеде игеруге ие, бейметалдық қосындылар мен анық ыстық жарықшақтарды азайтуды қамтамасыз етеді, өңделетін болаттың сапасы мен құрылысын жақсартады.

Толығымен...

Құрамында қорғасын бар әр түрлі шикізатты өңдеудің КИВЦЭТтік технологиясы (ШҒЗТКМИтүстімет)

kivcetҚұрамында қорғасын бар шикізатты өңдеудің КИВЦЭТтік технологиясы шикіқұрамды тозаңқондырғыш күйде оттек қолдана отырып күйдіру-балқыту үрдістерін біріктіруге, бір оригиналды құрылысты агрегатта үздіксіз өткізілетін оксидтік балқыманы тотықсыздандыруға және электрпеште жұтаңданған балқыманы тұндыруға негізделген. Шикіқұрамды оттек атмосферасында күйдіреді және балқытады, ал түзілген оксидтік балқыманы көміртермиялық тотықсыздандырып, келесілерді жоғары дәрежеде алады: қорғасын мен асыл металдарды – қара қорғасынға, мысты – штейнге, мырышты – айдамаларға немесе қожға, күкіртті – бай газдарға.

Толығымен...

Жаңа кешенді алюминий-хром-кремний құрамды қорытпаны (АХС) қорытып шығару технологиясын әзірлеу (Ж. Әбішев атынд. ХМИ)

Ұсынылып отырған технологиялық сұлба қарапайым сұлбадан өзгеше, және кедей хром кендерін кешенді металлургиялық шикізат ретінде бағалап қана қоймай, жоғары күлді аз фосфорлы көмірлерді тотықсыздандырғыш ретінде қолдануға мүмкіндік береді. АХС кешенді қорытпасын қорыту үрдісі бір сатылы және қожсыз болып табылады. АХС қорытпасын алу тәсілі кен оксидтері мен көмірдің минералдық бөлігінің толық тотықсыздануына негізделген. Балқытуды жүргізудің бұл әдісі шикіқұрам құраушыларын жоғары дәрежеде пайдаланылуына септігін тигізеді, ал төменгі сұрыпты кен мен көмірді пайдалану өзіндік құны төмен қорытпа алуға, сонымен қатар балқыту пешінің элекртодтарын терең орналастыруды қамтамасыз ететін пайдаланатын көмірдің жоғары электркедергілігі есебінен пеш өнімділігін жоғарылату және үрдістің жүруін тұрақтандыру тәсілімен қорытпа сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Құрамында кремнезем мен саз балшық басым көмір күлі кен оксидтерімен тотықсызданады, сонымен қатар кремний мен алюминийдің қорытпадағы қосымша көзі болып табылады.

Толығымен...

Алтын-мышьяк концентраттарын қайта өңдеу технологиясы (Ж. Әбішев атынд. ХМИ)

Берік және ерекше берік алтын-мышьяк шоғырларын алдын-ала дйындау тәсілі әзірленді. Ол алтын алудың дәстүрлі гидрохимиялық әдісімен қатар, мыс, қорғасын өндірісінде көміртек және силикатты құраушылар болғанда флюстеуші қоспа ретінде пайдаланыла отырып, пирометаллургиялық қайта өңдеу тәсілімен тізбекті өңделуге қажет өнім алуға мүмкіндік береді.

Толығымен...

Жоғары сұрыпты болат илектерін өндіру үшін домналық үрдістердің қорлары (Ж. Әбішев атынд. ХМИ)

Технология күрделі қаржыны талап етпейді және металлургиялық өңдеу үрдісінде шойынға, болатқа және илекке, соңғының сапасын жақсарта отырып өтетін өндірістің шикіқұрамына бордың табиғи қосындыларының шекемтастарын енгізу арқылы іске асырылады.

Толығымен...

Металлургиялық қождарды ыдыраудан сақтап қалу (Ж. Әбішев атынд.ХМИ)

shlakiҚожға бор микродозаларын енгізу арқылы ыдыраудан сақтап қалу технологиясы әзірленді. Жаңа технология бойынша түзілетін кесек қождардан жоғары сапалы құрылыс тасшақпа өндіруді ұйымдастыру.

 

 

Толығымен...

«Сырымбет» кен орнының кендерін ұқсату технологиясы (Казмеханобр)

Ккелесілерді ала отырып гидро- және пирометаллургиялық үрдістерді қолдануға негізделген құрамында қалайы бар кендерді кешенді өңдеу технологиясы әзірленді: металдық қалайыны (Sn – 98-99%); аморфтық кремнеземді (SiO2 - 96-98%); саз балшық (Al2O3 – 98-99%); темір концентратты (Fe2O3 - 96-97%); висмут концентратын (Bi – 35 % аз емес, Pb – 20 % аз емес, Cu – 19 % аз емес).

Толығымен...

Жоғары таза радиогендік осмийді (Os-187) өндіру («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК)

Ренийдің қосындыларын, металлургиялық рений мен йодты қосымша алуға мүмкіндік беретін мыс өндірісінің сұйық және қатты аралық өнімдерінен жоғары таза осмий изотопын Os-187 алудың қолайлы технологиясы әзірленді.

 

 

Толығымен...

Қорғасын шламдарын, сүзінділерін, шаңдарын кешенді өңдеу технологиясы («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК)

Қорғасын шламдарын, сүзінділері мен шаңдарын тотықсыздандыра балқытуда осмий мен ренийді бір сатыға іріктеп бөле отырып өңдеу технологиясы әзірленді.

Қорғасын қорытпасынан құрамында 55-67 % металдық осмий бар концентратты ала отырып осмийді шығару әдісі әзірленді.

 

Толығымен...

Қазақстан Республикасы кен орындарының арсенопириттік алтын құрамды кендерін қойырпақта электрохимиялық гидрохлорлау технологиясын әзірлеу (ШҒЗТКМИтүстімет)

Алтынды шикізаттан тауарлы өнімге өткізудің жоғары (~85-95%) көрсеткіштері бар қойыртпақта электрохимиялық гидрохлорлау тәсілімен алтын құрамды қатты кендер мен шоғырларды өңдеу бойынша технология әзірленді. Бұл тәсіл цианидтік ерітіндіге өткізу үрдісіне балама болып табылады.

Толығымен...

Қазақстанның арсенопириттік алтын құрамды кендерін өңдеу (Казмеханобр)

Арсенопириттік қатты кендерді өңдеудің алтынды 91-93 % деңгейде тауарлы өнімге тікелей өткізуді қамтамасыз етуге, мышьякты 98 %-ға ерімейтін сульфидтік қосынды ретінде пайдаға асыруға мүмкіндік беретін пиро-гидрометаллургиялық технологиясы әзірленді. Бұл технология бойынша асыл металдар Доре қорытпасы түрінде немесе алтын құймаметалл және күміс құймаметалы түрінде алынуы мүмкін.

Толығымен...

Өңделген ванадийлі катализаторларды кешенді өңдеу технологиясы («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК)

Таза ванадий оксиді мен ВАК-1 универсалды катализаторын ала отырып өңделген ванадийлі катализаторларды кешенді өңдеу технологиясы әзірленді.

Толығымен...

Хризотил-асбест өндірісінің қалдықтарын күкірт қышқылдық тәсілмен тауарлы магнийлік өнімді сульфат, тотық және металл түрінде ала отырып қалпына келтіру технологиясы («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК)

«Қостанай минералдары» АҚ асбест комбинаты жылда 5 млн. тоннаға дейін хризотил-асбест өндіреді, оның ≈ 8 % тауарлы талшық алынады, қалғаны үйіндіге жөнелтіледі. Бұл техногенді үйінділердің құрамында орташа мөлшерде 36-39 % MgO (21-23 % Mg) болғанда 1 млн. т. магний бар.

ҚР минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы 75-80 % магнийді сульфат түрінде ерітіндіге ала отырып хризотил-асбест қалдықтарын күкіртқышқылдық ерітіндіге өткізуді қарастыратын технологияны әзірлеуде және өнеркәсіптік енгізуге ұсынуда. Ерітіндіні темір, никель, кобальт және хром қоспаларынан тазарту цементациялық-химиялық тәсілмен жүргізіледі.

Толығымен...

Қазақстанның тотықты Ni-Co кендерін өңдеудің гидрометаллургиялық технологиясын әзірлеу (Казмеханобр)

Келесілерді ала отырып кеннен Ni жоғары тиімді электроэкстракциялауға арналған электромембраналық аппараттарды қолдана отырып тотықты Ni-Со кендерін өңдеудің кешенді гидрометталлургиялық технологиясы әзірленді: металдық никельді; металдық кобальтті; темір концентратын; Ca, Mg, Al жиынтық концентратын; европиий концентратын.

Толығымен...

Арнайы коксты өндіру технологиясы («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК)

koks1Қазақстанның энергетикалық көмірлерінен арнайы металлургиялық кокс өндірісінің технологиясы әзірленді.

Арнайы кокс ірілігі 5-25 мм құрамында 10 %-дан аспайтын күл бар электрометаллургиялық өнімдерге арналған қатты көміртектес тотықсыздандырғыш болып табылады, 150-300 мкм ірі, сонымен қатар майда – 0,5-1,0 мкм өлшемде пішінделген дамыған кеуекті құрылысы бар.

Толығымен...