KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

Геоинформатика

Нысандық-бағдарлық методология (НБМ) негізінде жобалау, стратегиялық жоспарлау және техногендік геожүйелерді басқару жүйесін әзірлеу («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК)

proekt2Әзірлеу үрдісін басқару ақпараттық жүйелерді әзірлеу жобаларын рационалды басқару тәжірибесі мен теориясын (RUP ООМ) қолдана отырып орындалады. Жүйе мен оның құрауыштары, олардың байланыстарын әзірлеу нысандық-бағдарлық талдау, жобалау және бағдарламалау арқылы орындалады.

 

Толығымен...

ҚР терең карьерлерін қазудың ағындық және циклдік-ағылмалы технологиясының кешендері («ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК)

rgto2 Терең карьерлерді қазымдаудағы кен-тасымалдау және үю жұмыстарын жүргізудің ең тиімді технологиялары циклдік-ағылмалы технологиялар (ЦАТ) болып табылады. Циклдік-ағылмалы технологияларда кен өндіру және аршу жұмыстары өндірісі циклді жұмыс істейтін әр түрлі шығару-тиеу машиналары (экскаваторлар, тиегіштер и т. б.) мен үздіксіз жұмыс істейтін, іске қосылғанда тиеу орнынан үйілу орындарына дейін кен массасының үздіксіз ағыны түзілетін тасымалдау-үю жүйелерінің машиналары және қондырғыларының жиынтығы кіретін кешендермен іске асырылады .

Толығымен...

«Жетіқара» геотехнологиялық кешенін басқарудың автоматтандырылған бірлескен жүйесі ( Д.А.Қонаев ТКІИ )

«ЖЕТІҚАРА» (АКСУ ГК «ДЖЕТЫГАРА») геотехнологиялық кешенін басқарудың автоматтандырылған бірлескен жүйесінің концепциясы еліктеу және нысандық-бағдарлық моделдеу әдістерін және позициялаудың жаһандық жүйесінің серіктік навигация жүйесін пайдалана отырып жүйелік атқару негізінде қалыптасқан. «ЖЕТІҚАРА» құрамына келесі тапсырмалардың барлығын шешуге мүмкіндік беретін бірқатар шағын жүйелер кіреді: қорларды санаумен қоса геотехнологиялық кешен жұмыстарының мониторингі (АИС «ГЕОЛОГИЯ»), карьерлік кеңістіктегі, нысандардың техникалық және технологиялық параметрлеріндегі (АСД ГТР «АДИС») кен-техникалық жағдайдың, карьер ішіндегі кен ағыны (АИСМ «Рудопоток») мен экологиялық жағдайдың сапалы сипаттамалардың жедел мониторингі, тасымалдаудың тау-кен, геологиялық және кен-техникалық жағдайларындағы (ИПМК «Календарное планирование ГТР») тау-кен мен тасымалдау құрылғыларының және олардың техникалық сипаттамаларының өзара әсерлесуін ұйымдастыруды есептей отырып, кен жұмыстарын жоспарлау, негізгі технологиялық жабдықтарды жөндеу сұлбалары мен өндірістік қуаттарды (ИПМК «АСУ ПВПМ ГТСК»), имитациялық моделдеу мен карьерлердің технологиялық кешендерінің жұмыстарын автомобильдік және темір жол көліктермен (ИПМК «CEBADAN») оңтайландыруды, сонымен қатар кен-тасымалдау кешен жұмысының техника-экономикалық көрсеткіштері туралы бірлескен есеп берулерді қалыптастыру жүйесін (ИПМК «Комплексные корпоративные отчеты») өндіру үрдісін басқару.

Толығымен...