Басшылық

Қайырбеков Бекболат Маратұлы

Бас директордың әкімшілік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары


Биография

Бекболат Маратұлы Қайырбеков 1988 жылы 16 қарашада дүниеге келген.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі заң білімі бар: 2010 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін заң ғылымдарының магистрі дәрежесін ала отырып бітірген.

Жалпы еңбек өтілі – 15 жылдан астам, оның ішінде 5 жылдан астамы – квазимемлекеттік сектор құрылымдары мен даму институттарындағы жоғары басшылық лауазымдарда. Еңбек жолын 2010 жылы «Павлодар облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК-да заңгер болып бастаған, 2012–2017 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және жер кадастры департаментінің жылжымалы мүлік кепілін тіркеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімін басқарған. 2017–2020 жылдары «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-де жұмыс істеген.

Басқарушылық тәжірибесін өңірлік және республикалық деңгейдегі лауазымдарда жинақтаған: 2020 жылдың шілдесінен 2022 жылдың ақпанына дейін – «Shymkent» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары , 2022 жылдың шілдесінен 2025 жылдың қыркүйегіне дейін – «Инновациялық технологиялар паркі» АҚҚ Бас директорының орынбасары. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне «Еңбек Даңқы» салалық белгісімен марапатталған.


Байланыс деректері

Телефон 8 (727) 259 00 70 (ішкі 102)
E-mail b.kairbekov@cmrp.kz
Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз