Алматыда бизнес пен ғылымның инновацияларға интеграциялануы мәселесі қаралды

23.05.2019

Алматыда ғылым мен бизнесті инновациялық үдерісте біріктіруге бағытталған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

«Жалын» Ғылыми өндірістік техникалық орталығының ұйымдастыруымен өткен шараға ғалымдар мен кәсіпкерлер, және үкіметтік емес ұйым өкілдері сондай-ақ жас мамандар қатысты. Басқосуда медицина мен нанотехнология және биомедицина мен агроөнеркәсіп саласы бойынша ақпарат алмасып,бірлескен ғылыми және бизнес бағдарламалар талқыланды. Сондай-ақ қазіргі заманғы ғылым мен өнеркәсіптің жағдайы төңірегінде әңгіме өрбіді.Конференция барысында жас ғалымдар баяндама жасап, жаңа жоспарларымен бөлісті. Технологиялық міндеттер мен проблемаларды шешуде белсенділік танытқан жас ғалымдарға қаржылай сыйлықтар үлестірілді. Ғылыми жетістіктерді ары қарай дамытып, жаңа жобаларды кең салада нарыққа шығару үшін бизнестің атқаратын ролі маңызды дейді мамандар.

Әбдірәсіл Жәрменов, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

- Әрине ғалымдардың бір-бірімен кездесіп, жасап жатқан шаруаларды жан жақты қарастыру, ойластыруы әрқашанда маңызды. Сондықтан кез келген конференцияның маңызы зор. Бұл конференцияның тематикасы өте жақсы: бизнес пен ғылым. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі бизнес пен ғылым бір-бірін қолдап көмек беріп жатса экономика өте жақсы дамиды.

Источник: 24.kz

Басқа жаңалықтар

Қазақстандық зауыттардан шыққан улы қалдықтарды өндіріске қайтарғысы келеді

Қазақстандық зауыттардан шыққан улы қалдықтарды өндіріске қайтарғысы келеді

Қазақстанда хромқұрамды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің жолын іздеуде

Қазақстанда хромқұрамды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің жолын іздеуде

Қазақстанда хром қалдықтарына екінші өмір берілуі мүмкін

Қазақстанда хром қалдықтарына екінші өмір берілуі мүмкін

Қазақстанда хромды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің тиімді жолдары зерттелуде

Қазақстанда хромды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің тиімді жолдары зерттелуде

Елімізде жылына 10,5 млн тонна мыс кенін өңдеуге арналған байыту технологиялары әзірленді

Елімізде жылына 10,5 млн тонна мыс кенін өңдеуге арналған байыту технологиялары әзірленді

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз