Жылына 190 мың тоннаға жуық мыс концентратын Қарағанды облысындағы Бесшоқы және Ақмола облысындағы Қызылту кен орындарының жаңа байыту кәсіпорындарынан алу жоспарлануда, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
«Жылына 190 мың тоннаға жуық мыс концентратын Бесшоқы және Қызылту кен орындарының жаңа байыту кәсіпорындарында алу жоспарлануда. Оларды жобалауға технологиялық шешімдерді «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның «Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен металлургия түсті металдар институты» филиалының мамандары әзірледі. Екі кәсіпорынның жиынтық өңдеу қуаты жылына 10,5 млн тонна кен болады", - делінген хабарламада.
ШҒЗИтүстімет мамандары Бесшоқы кен орнының мыс-порфирді кендерін және Қызылту кен орнының мыс-молибден кендерін флотациялық байыту технологияларын әзірледі. Технологиялық шешімдер кен орындарында жаңа байыту фабрикаларын жобалау үшін регламенттерге енгізілген.
Атап айтқанда, Бесшоқы үшін өнімділігі жылына 7,5 млн тонна кен өндіретін, құрамында 25% мысы бар 142 мың тоннаға жуық мыс концентратын шығаратын кәсіпорын салу көзделген (бұған дейін Бесшоқыға арналған ресурстар 2,6 млн тонна мысқа бағаланған, сондай-ақ кен орнында алтын болған).
Қызылту үшін жылына 3 млн тонна кен өңдеуді және құрамында 21% мысы бар 48 мың тоннаға жуық мыс концентратын алуды көздейтін регламент әзірленіп, жобалауға пайдалану үшін берілді. Бұған дейін кен орнының ресурстарында мыс кені 132,2 млн тонна деп бағаланған, оның құрамында алтын мен күміс бар.
2026 жылы мамандар Бозшакөл және Қаршыға мыс байыту фабрикаларының технологиялық регламенттерін, өңделетін кендердің минералды құрамы мен өндірістік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып түзетуде.
«Зертханалық флотациялық машиналарда мамандар кенді ұнтақтау жұқалығының әсерін зерттейді, флотацияның оңтайлы режимдерін таңдайды және пысықтайды. Алынған нәтижелер мыс өндіруді арттыруға мүмкіндік береді және осы байыту фабрикаларының жұмысын жетілдіру кезінде пайдаланылатын болады», – деп атап өтті «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның «ШҒЗИтүсмтімет» филиалы директорының қолданбалы зерттеулер және сынақтар жөніндегі орынбасары Лариса Кушакова.
Институттың әзірлемелері жаңа байыту фабрикаларын салу және Қазақстанның мыс саласының тиімділігін арттыру үшін технологиялық негіз жасайды.
Дереккөз: kz.kursiv.media
Басқа жаңалықтар
Қазақстандық зауыттардан шыққан улы қалдықтарды өндіріске қайтарғысы келеді
Қазақстанда хромқұрамды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің жолын іздеуде
Қазақстанда хром қалдықтарына екінші өмір берілуі мүмкін
Қазақстанда хромды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің тиімді жолдары зерттелуде
Елімізде жылына 10,5 млн тонна мыс кенін өңдеуге арналған байыту технологиялары әзірленді