Жақында "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" РМК басшылығы мен жас ғалымдарының өкілдері Қытай мен әлемнің басқа елдері арасындағы экономикалық және сауда алмасуды дамытуда шешуші рөл атқаратын 138-ші кантондық жәрмеңкенің семинар-тұсаукесеріне қатысты.
Қытай тарапынан шенеуніктер (Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының, Қытайдың сыртқы сауда орталығының және т.б. өкілдері) кантондық жәрмеңкенің тек сауда ғана емес, сонымен қатар Қазақстанмен достық қарым-қатынасты дамытудағы маңыздылығын атап өтті. Еліміздің ресми тұлғалары арасында семинар жұмысына Қонаев қаласы әкімдігінің және "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Ғалымдар үшін Кантон жәрмеңкесінің алаңы жаңа идеялар мен ғылыми зерттеулердің инновациялық бағыттарының қоймасы бола алады. "ҚР БАҰО" РМК бас ғалым хатшысы, профессор Светлана Ефремова бақытты билетті шығарып, Air China компаниясынан Кантон жәрмеңкесіне бару үшін тегін ұшуға (екі жаққа) сертификат алды.
Анықтама үшін: 2025 жылғы 29 шілдеде Алматыда өткен іс-шараның ұйымдастырушылары Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы мен Қытайдың сыртқы сауда орталығы болды
Басқа жаңалықтар
Қазақстандық зауыттардан шыққан улы қалдықтарды өндіріске қайтарғысы келеді
Қазақстанда хромқұрамды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің жолын іздеуде
Қазақстанда хром қалдықтарына екінші өмір берілуі мүмкін
Қазақстанда хромды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің тиімді жолдары зерттелуде
Елімізде жылына 10,5 млн тонна мыс кенін өңдеуге арналған байыту технологиялары әзірленді