Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының жас ғалымдары отандық шикізаттан ферротитан өндіру технологияларымен айналысуда. Зерттеулер металлургия өндірісінің тиімділігін арттыруға және қазақстандық шикізат ресурстарын кеңінен пайдалануға бағытталған, деп хабарлайды Kazinform.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде хабарлағандай, ферротитан металлургияда кеңінен қолданылады. Титанды қосу болаттың қасиеттерін жақсартады және оны берік әрі тұрақты етеді. Сондықтан ғалымдар ферротитан өндірудің қол жетімді және тиімді әдістерін іздейді.
Бұл мәселемен Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институтының жас зерттеушілері айналысуда. Олар отандық шикізатты – төмен сапалы ильменит концентраттарын және күлділігі жоғары көмірді пайдалана отырып, ферротитан өндіру технологиясын әзірлеуде. Олар бастапқы материалдардың физика-химиялық қасиеттерін зерттейді, термодинамикалық модельдеуді, зертханалық және үлкейтілген-зертханалық балқытуларды жүргізеді. Атап айтқанда, құрамында титаны 65%-дан жоғары ферротитанды балқытуда алынған күрделі титанды қорытпаны пайдалану мүмкіндігі зерттелуде.
Алынған нәтижелер отандық шикізат ресурстарын металлургиялық өңдеуге неғұрлым толық тарту және минералдық шикізатты кешенді өңдеу технологияларын одан әрі дамыту үшін ғылыми-технологиялық негізді қалыптастырады. Бұл тәсіл сонымен қатар сұранысқа ие металлургиялық материалдарды өндіру үшін ресурс үнемдейтін шешімдерге бағытталған.
Жұмыстың жекеленген бағыттарының бірі – жас мамандарды даярлау және олардың зерттеулерге тікелей қатысуы.
«Жұмыстың маңызды құрамдас бөлігінің бірі мамандардың жаңа буынын даярлау. Зерттеулерге жас ғалымдар, мамандар мен студенттер, оның ішінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің және НИТУ МИСИС магистранттары, магистрлер мен бакалаврлар қатысады. Олар эксперименттер жүргізуге, үлгілерді дайындауға, нәтижелерді өңдеуге және талдауға қатысады, ғылыми-зерттеу жұмысының практикалық тәжірибесін жинақтайды», – деп атап өтті Ж.Әбішев атындағы ХМИ директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Наталья Лу.
Дереккөз: inform.kz
Басқа жаңалықтар
Қазақстандық ғалымдарға әзірлемелерді енгізуге көмектеседі: шығарындыларды мониторингілеу және биоотын өндіру
Жаңа ғылыми-техникалық кеңес Орталық Азияның тау-кен өндіру саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтады
Қазақстандық ғылыми әзірлеме Қытайда өткен ERSGIT 2026 конференциясында халықаралық деңгейде мойындалды
Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін
ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты