Технология карботермиялық балқыту үдерісіне негізделген.
Құрамында литий бар кедей алюмосиликатты кендерді өңдеудің инновациялық технологиясын Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының ғалымдар тобы әзірледі, деп Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Технология карботермиялық балқыту үдерісіне негізделген. Технология кенді кешенді өңдеуді және литий мен алюминий силикатының толық бөлінуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде литий концентратынан ФС45 маркалы ферроқорытпа да түзіледі.
Бұл қорытпа металлургия өнеркәсібінде сұранысқа ие, деп атап өтті Индустрия және сауда министрлігі. Технологияның арнайы таңдалған режимдерінің арқасында литий шлак құрамында химиялық белсенді күйде шоғырланады. Бұл өз кезегінде концентратты өңдеуді жеңілдетіп, одан литий тұздарын алуға мүмкіндік береді.
«Құрамындағы литий мөлшері төмен кендерді өңдеу нәтижесінде біз құрамында 12–14% литий оксиді бар концентрат аламыз. Бұл өнімдегі литий оксидінің мөлшері дәстүрлі тәсілмен алынатын ұқсас өніммен салыстырғанда екі еседен астам жоғары. Қолданыстағы технологиялар бойынша бұл кезеңде литий оксидінің мөлшерін 5-6%-дан жоғары деңгейге жеткізу мүмкін емес», – дейді жоба жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Феруза Бердіқұлова.
Жаңа технологияның басқа да артықшылықтары бар. Олардың қатарына күкірт қышқылының агрессивті ерітінділерін пайдалану көлемін, қоршаған ортаға зиянды әсерін, өндіріс шығындарын азайту жатады.
Әзірленген технология маңызды металдардың отандық шикізаттық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Дереккөз: kapital.kz
Басқа жаңалықтар
Қазақстандық зауыттардан шыққан улы қалдықтарды өндіріске қайтарғысы келеді
Қазақстанда хромқұрамды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің жолын іздеуде
Қазақстанда хром қалдықтарына екінші өмір берілуі мүмкін
Қазақстанда хромды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің тиімді жолдары зерттелуде
Елімізде жылына 10,5 млн тонна мыс кенін өңдеуге арналған байыту технологиялары әзірленді