Қазақстан ғалымдары литий құрамды кендерді өңдеудің жаңа технологиясын дайындады

02.07.2026

ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының ғалымдар тобы құрамында литийі аз алюмосиликатты кендерді өңдеудің инновациялық технологиясын әзірледі.

Технология карботермиялық балқыту үдерісіне негізделген. Технология кенді кешенді өңдеуді және литий мен алюминий силикатының толық бөлінуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде литий концентратынан ФС45 маркалы ферроқорытпа да түзіледі. Бұл қорытпа металлургия өнеркәсібінде сұранысқа ие.

Технологияның арнайы таңдалған режимдерінің арқасында литий шлак құрамында химиялық белсенді күйде шоғырланады. Бұл өз кезегінде концентратты өңдеуді жеңілдетіп, одан литий тұздарын алуға мүмкіндік береді.

«Құрамындағы литий мөлшері төмен кендерді өңдеу нәтижесінде біз құрамында 12–14% литий оксиді бар концентрат аламыз. Бұл өнімдегі литий оксидінің мөлшері дәстүрлі тәсілмен алынатын ұқсас өніммен салыстырғанда екі еседен астам жоғары. Қолданыстағы технологиялар бойынша бұл кезеңде литий оксидінің мөлшерін 5-6%-дан жоғары деңгейге жеткізу мүмкін емес», – дейді жоба жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Феруза Бердіқұлова.

Жаңа технологияның басқа да артықшылықтары бар. Олардың қатарына күкірт қышқылының агрессивті ерітінділерін пайдалану көлемін, қоршаған ортаға зиянды әсерін, өндіріс шығындарын азайту жатады. Әзірленген технология маңызды металдардың отандық шикізаттық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: gov.kz/memleket/entities/mps/ 

Басқа жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Учёные Казахстана представили новую технологию переработки бедных литиевых руд

Учёные Казахстана представили новую технологию переработки бедных литиевых руд

Литий из отходов: в Казахстане разработали технологию переработки бедных руд

Литий из отходов: в Казахстане разработали технологию переработки бедных руд

Казахстанские ученые совершили прорыв в переработке литиевых руд

Казахстанские ученые совершили прорыв в переработке литиевых руд

Казахстанские ученые разработали технологию переработки бедных литиевых руд

Казахстанские ученые разработали технологию переработки бедных литиевых руд

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз