Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының ғалымдары құрамында литийі аз алюмосиликатты кендерді өңдеудің жаңа технологиясын әзірледі.
Әзірлеменің негізінде шикізатты кешенді өңдеуге және кеннің литий мен алюмосиликатты құрамдас бөлігін іс жүзінде толық бөлуге мүмкіндік беретін карботермиялық балқыту процесі жатыр. Литий концентратынан бөлек, технология металлургия өнеркәсібінде сұранысқа ие ФС45 маркалы ферроқорытпаны алуға мүмкіндік береді.
Арнайы таңдалған жағдайлардың арқасында литий қожда химиялық белсенді түрде шоғырланады, бұл концентратты одан әрі өңдеуді және литий тұздарын алуды жеңілдетеді.
«Құрамындағы литий мөлшері төмен кендерді өңдеу нәтижесінде біз құрамында 12–14% литий оксиді бар концентрат аламыз. Бұл өнімдегі литий оксидінің мөлшері дәстүрлі тәсілмен алынатын ұқсас өніммен салыстырғанда екі еседен астам жоғары. Қолданыстағы технологиялар бойынша бұл кезеңде литий оксидінің мөлшерін 5-6%-дан жоғары деңгейге жеткізу мүмкін емес», - деп атап өтті жоба жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Феруза Бердіқұлова.
Жаңа технологияның артықшылықтарының қатарында әзірлеушілер күкірт қышқылының агрессивті ерітінділерін пайдалану көлемінің қысқаруын, қоршаған ортаға әсердің азаюын және өндірістік шығындардың төмендеуін де атайды.
Ғалымдардың пікірінше, технологияны енгізу аса маңызды металдар бойынша отандық шикізат базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Дереккөз: sozmedia.kz
Басқа жаңалықтар
Қазақстандық зауыттардан шыққан улы қалдықтарды өндіріске қайтарғысы келеді
Қазақстанда хромқұрамды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің жолын іздеуде
Қазақстанда хром қалдықтарына екінші өмір берілуі мүмкін
Қазақстанда хромды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің тиімді жолдары зерттелуде
Елімізде жылына 10,5 млн тонна мыс кенін өңдеуге арналған байыту технологиялары әзірленді