Қазмеханобр Гагарин кен орнының кендерін өңдеу технологиясын жасады

25.08.2026

«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы РМК филиалы «Қазмеханобр» МӨЭҒӨБ мамандары Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Гагаринское» кен орнының полиметалл кендерін кешенді өңдеу технологиясын әзірледі.

Технология бос алтын мен күмісті алдын ала алуды, қорғасын мен мырыштың селективті флотациясын, содан кейін алтын-күмісқұрамды өнімді гидрометаллургиялық өңдеуді қарастырады. Ол құрамында 45,29% қорғасын бар қорғасын концентратын, құрамында 67,70 г/т алтын, 1539,90 г/т күміс; құрамында 50,03% мырыш бар мырыш концентратын, 15,70 г/т алтын, 413,90 г/т күміс; құрамында 78,90 г/т алтын және 203,10 г/т күміс бар гравитациялық концентратты алуды; құрамында 3,61 г/т алтын және 57,80 г/т күміс бар алтын-күмісқұрамды өнім алуды қамтамасыз етеді.

Қарқынды цианизациялау қолданған кезде бүкіл технологиялық жүйе бойынша өтпелі өнім алу алтын бойынша 86% және күміс бойынша 88%, сорбциялық цианизациялау кезінде - 87% және 89% болды. Өнеркәсіпке енгізуге ұсынылған, алтын-күмісқұрамды өнімдер біріктірілген байыту және гидрометаллургиялық өңдеу жүйесі әзірленді.

2025 жылы Қазмеханобр мамандары өнімділігі жылына 1 млн тонна кен өндіретін кен байыту фабрикасын жобалау үшін технологиялық регламент әзірледі. Жамбыл облысының Қордай ауданында тау-кен байыту комбинатының құрылысы жүргізілуде.

Дереккөз: tazabek.kg 

Басқа жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдарға әзірлемелерді енгізуге көмектеседі: шығарындыларды мониторингілеу және биоотын өндіру

Қазақстандық ғалымдарға әзірлемелерді енгізуге көмектеседі: шығарындыларды мониторингілеу және биоотын өндіру

Жаңа ғылыми-техникалық кеңес Орталық Азияның тау-кен өндіру саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтады

Жаңа ғылыми-техникалық кеңес Орталық Азияның тау-кен өндіру саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтады

Қазақстандық ғылыми әзірлеме Қытайда өткен ERSGIT 2026 конференциясында халықаралық деңгейде мойындалды

Қазақстандық ғылыми әзірлеме Қытайда өткен ERSGIT 2026 конференциясында халықаралық деңгейде мойындалды

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз