"Үшінші индустриялық революция табалдырығындағы тау-кен металлургия кешені" конференциясы

26.09.2013

26 қыркүйекте Алматыда «Үшінші индустриалдық революция шегінде тау-кен-металлургиялық кешен» атты халықаралық конференция өтеді. Бұл шара Қазақстан Республикасының «Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» РМҚК-ның құрылуына 20 жыл толуына арналады.

Ұлттық орталық геологиялық барлау, минералды және техногендік шикізатты өндіру және қайта өңдеу саласындағы мәселелерді жүйелі шешуді жүзеге асырады, сонымен қатар қазіргі кәсіпорындарды модернизациялау және жаңа кәсіпорындарды құру мақсатында жұмыс істейді.

Ұлттық орталық ғалымдары 1216 бірегей жобаны жасап, патенттеген. Солардың ішінде ең көрнекті мысалдардың бірі – «Қазақстандық» қорытпасын жасау болып табылады (темір, кремний және алюминий қорытпасы, кальций, барий және легирлеуші элементтер – ванадий, титан қоспаларымен). Қорытпаның негізгі мақсаты – болатты раскислеу, модификациялау және легирлеу, бұл тәжірибеде көзге көрінетін ыстық жарықтардың санын азайтып, өңделетін болаттың құрылымы мен сапасын жақсартады.

«Қазақстандық» қорытпасы Оңтүстік Корея, Ресей, Түркия, Жапония, Бразилия және Германияда өндірістік сынақтардан өтті.

Конференция барысында минералды-шикізат және тау-кен-металлургиялық кешендерді дамыту саласындағы өзекті мәселелер талқыланады, атап айтқанда: геология мен тау-кен ісіндегі жетістіктер мен технологиялар, кедейленген және балансқа кірмейтін шикізатты зияткерлік байытудағы заманауи тәсілдер, табиғатты пайдалану экологиялық аспектілері, минералды және техногендік шикізатты металлургиялық қайта өңдеудегі жаңа технологиялар.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың – ҚР МӨН, ҚР БҒМ, ҚР МҚҰ, Алматы қаласы әкімдігінің, институттар мен даму банктерінің – «ҚИРИ» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, ЕАБР және сондай-ақ Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Қазақстан және басқа елдердің Ұлттық орталық серіктес компанияларының өкілдері қатысады.

Дереккөзі: ortcom.kz

Басқа жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Учёные Казахстана представили новую технологию переработки бедных литиевых руд

Учёные Казахстана представили новую технологию переработки бедных литиевых руд

Литий из отходов: в Казахстане разработали технологию переработки бедных руд

Литий из отходов: в Казахстане разработали технологию переработки бедных руд

Казахстанские ученые совершили прорыв в переработке литиевых руд

Казахстанские ученые совершили прорыв в переработке литиевых руд

Казахстанские ученые разработали технологию переработки бедных литиевых руд

Казахстанские ученые разработали технологию переработки бедных литиевых руд

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз