"KSP Steel" Павлодар зауытында қазақстандық ғалымдардың технологиясы бойынша ферросиликоалюминий балқытылады

14.06.2013

АЛМАТЫ. 14 маусым. ҚазАқпарат. Бүгін «KSP Steel» ЖШС Павлодар зауытында ферросиликоалюминий өндіру бойынша электр пеші іске қосылды.

Сапалы болат өндіру үшін бағалы қорытпаның ауқымды өндірісі – металлургия саласындағы жетекші қазақстандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерінің нәтижесі.

Құны сегіз млрд теңге болатын, жылына 30 мың тонна ферросиликоалюминий шығару жөніндегі индустриялық-инновациялық жобаны жүзеге асыру зауытта 350 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Шикізат ретінде Екібастұз көмір кесінділерінің үйінділері пайдаланылады.

Пешті іске қосуға қатысқан Павлодар облысының әкімі Бахытжан Әбдірұлы Әбдірұлы Арын атап өтті: «Нысанда қазақстандық ғалымдар әзірлеген жаңа өнім алу әдістері қолданылды. Бұл әдістер өнімнің сапасы мен бағасы бойынша жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді».

Ферросиликоалюминий әлемдік металлургияда сұранысқа ие өнім болып табылады, іске қосу рәсіміне жобаға қызығушылық танытқан шетелдік компаниялардың өкілдері де қатысты.

«Бұл – Қазақстанда өндіріске енгізіліп жатқан жаңа технологиялармен ерекшеленетін маңызды сәт», – деп қорытындылады Павлодар облысының басшысы.

Дереккөз: www.inform.kz

Басқа жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Учёные Казахстана представили новую технологию переработки бедных литиевых руд

Учёные Казахстана представили новую технологию переработки бедных литиевых руд

Литий из отходов: в Казахстане разработали технологию переработки бедных руд

Литий из отходов: в Казахстане разработали технологию переработки бедных руд

Казахстанские ученые совершили прорыв в переработке литиевых руд

Казахстанские ученые совершили прорыв в переработке литиевых руд

Казахстанские ученые разработали технологию переработки бедных литиевых руд

Казахстанские ученые разработали технологию переработки бедных литиевых руд

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз