Киотода (Жапония) өткен XV Халықаралық ғылыми конференцияда

18.08.2026

Жуырда «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК Бас директорының бірінші орынбасары, техника ғылымдарының докторы, профессор Досмұрат Айтқұлов Жапонияның Киото қаласында Киото озық ғылымдар университетінің базасында өткен Инженерия және инновациялық материалдар жөніндегі XV Халықаралық конференцияның жұмысына қатысты.

Конференция жаңа материалдар, заманауи инженерлік технологиялар және инновациялық әзірлемелер саласында еңбек етіп жүрген әлемнің әртүрлі елдерінің ғалымдары мен мамандарын біріктірді. Халықаралық ғылыми форум ғылыми идеялар мен зерттеу нәтижелерімен алмасуға, перспективалы бағыттарды талқылауға және зерттеушілер арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға арналған маңызды алаң болды.

Конференция аясында Досмұрат Айтқұлов Қазақстанның құрамында ванадий бар кварциттерін кешенді қайта өңдеу барысында ферроқорытпа материалдарын алу үдерістерінің физика-химиялық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Ұсынылған нәтижелер шетелдік әріптестердің кәсіби қызығушылығын тудырып, мазмұнды ғылыми пікірталастарға арқау болды. Талқылаулар барысында алдағы ғылыми ынтымақтастық, бірлескен зерттеулер жүргізу және халықаралық жобаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Досмұрат Айтқұловтың айтуынша, конференцияның басты ерекшеліктерінің бірі – ұсынылған зерттеулердің басым бөлігінің айқын практикалық бағытта болуы. Баяндамалардың едәуір бөлігі нақты технологиялық және өндірістік міндеттерді шешуге бағытталған.

Осыған байланысты кездесулер мен ғылыми пікірталастар барысында Досмұрат Айтқұлов шетелдік әріптестеріне «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК ғалымдарының қызметі туралы да баяндады. Ол Орталықта жүзеге асырылып жатқан ғылыми бағдарламалар мен жобалардың отандық тау-кен металлургия кешенінің өзекті міндеттерін шешуге, минералдық және техногендік шикізатты кешенді қайта өңдеуге, жаңа технологияларды әзірлеп, өндіріске енгізуге, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталғанын атап өтті. Дәл осындай тәсіл ғылыми зерттеулер нәтижелерін өнеркәсіпте сұранысқа ие технологияларға айналдыруға және ғылымның экономиканың технологиялық дамуына қосатын үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық ғылым өкілдерінің халықаралық ғылыми форумдарға қатысуы кәсіби байланыстарды кеңейтуге, озық тәжірибе алмасуға және бірлескен зерттеулердің жаңа бағыттарын қалыптастыруға ықпал етеді. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және әртүрлі елдер ғалымдарының күш-жігерін біріктіру өнеркәсіп пен қоғамға қажетті инновациялық шешімдерді әзірлеуге қосымша мүмкіндіктер ашады.

Досмұрат Айтқұловтың Инженерия және инновациялық материалдар жөніндегі XV Халықаралық конференцияға қатысуы ҚР МШКҚӨҰО РМК-ның халықаралық ғылыми байланыстарын нығайтуға және қазақстандық ғылым жетістіктерін халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған тағы бір маңызды қадам болды.

Басқа жаңалықтар

Киотода (Жапония) өткен XV Халықаралық ғылыми конференцияда

Киотода (Жапония) өткен XV Халықаралық ғылыми конференцияда

Металлург күні жалғасуда: лайықты марапаттар уақыты

Металлург күні жалғасуда: лайықты марапаттар уақыты

Доғамбеков Əділет Дəулеткерейұлы

Бас директор

Материалы по представлению к присвоению ученого звания ассоциированного профессора: Сейдахметова Н.М.

Материалы по представлению к присвоению ученого звания ассоциированного профессора: Сейдахметова Н.М.

Конкурстық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Конкурстық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз