Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымы орнына конкурс өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, Transport Tower ғимараты, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы»» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымы орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: 050036, Алматы қаласы, Жандосова көшесі, 67 .
Кәсіпорынның қызметімен ресми сайтта танысуға болады www.mineralscenter.kz.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
- біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
- техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы;
- мемлекеттік ғылыми ұйым болып табылатын кәсіпорынның басшысы лауазымына кандидаттар үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 (үш) жыл.
Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды:
- 18 (он сегіз) жасқа толмаған;
- бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес www.e-qazyna.kz мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Конкурсты өткізу күні мен орны:
Конкурстың өтетін орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, Transport Tower ғимараты, 17-қабат.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 2 шілдеден 13 шілдеге дейін жүргізіледі.
Әңгімелесуді өткізу күні конкурсқа қатысушыларға қосымша хабарланатын болады.
Басқа жаңалықтар
Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды
Учёные Казахстана представили новую технологию переработки бедных литиевых руд
Литий из отходов: в Казахстане разработали технологию переработки бедных руд
Казахстанские ученые совершили прорыв в переработке литиевых руд
Казахстанские ученые разработали технологию переработки бедных литиевых руд