Қазақстан Республикасының минералдық ресурстарды кешенді өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығының бас директоры Абдурасул Жарменов отандық ғылым жетістіктері туралы айтты, деп хабарлайды МИА «Қазинформ» тілшісі.
«Бүгінде журналистер, шенеуніктер және халық сирек қазақстандық ғылымды мақтайды. Біз жиі «Біздің ғалымдар ештеңе істемейді. Олар тек халықтың ақшасын ысырап етеді» деген ашық пікірлерді естиміз. Жартылай, бәлкім, бұл шындық та болуы мүмкін. Менің ойымша, мұндай пікірлер ақпараттың жеткіліксіздігінен туындайды. Мысалы, біздің технологиялар барлық континенттерде қолданылады – Антарктидадан Солтүстік Америкаға дейін. Олардың ішінде Канада, Бразилия, Италия, Боливия, Қытай, Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты елдер бар», - деді Абдурасул Жарменов.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР МИИР баспасөз қызметі хабарлағандай, Ұлттық орталықтың ғылыми-техникалық әзірлемелері негізінде әлемнің әртүрлі нүктелерінде инвестиция көлемі 3,5 млрд доллардан асатын ондаған зауыттар мен фабрикалар салынды. Осы кәсіпорындарда тауарлық өнімнің жыл сайынғы шығарылымы қазіргі бағамен 4 млрд доллардан асады.
Дереккөз: www.inform.kz
Басқа жаңалықтар
Қазақстандық зауыттардан шыққан улы қалдықтарды өндіріске қайтарғысы келеді
Қазақстанда хромқұрамды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің жолын іздеуде
Қазақстанда хром қалдықтарына екінші өмір берілуі мүмкін
Қазақстанда хромды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің тиімді жолдары зерттелуде
Елімізде жылына 10,5 млн тонна мыс кенін өңдеуге арналған байыту технологиялары әзірленді