Өнеркәсіптік қалдықтар – жаңа өнеркәсіптік экономиканың ресурсы

24.08.2026

21 тамызда «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (ХЖТИЖО), ең үздік қолжетімді техникалар бюросы (ҮҚТБ) ұйымдастырған «Өнеркәсіптік қалдықтар қайталама ресурстар ретінде: ҮҚТ, ғылым мен өнеркәсіптің рөлі» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

Семинарға қатысушылар өнеркәсіптік қалдықтарды басқарудың заманауи тәсілдерін, қолда бар ең жақсы техникалардың рөлін, кәсіпорындардың практикалық тәжірибесін және қалдықтарды қайталама айналымға тарту перспективаларын талқылады. Кездесу барысында атап өтілген негізгі тенденциялардың бірі қалдықтарды дәстүрлі басқарудан материалдық ресурстарды басқаруға көшу болды: өнеркәсіптік қалдықтар құнды компоненттер, минералды шикізат, құрылыс материалдары және энергияның көзі ретінде қарастырылуда.

Байыту қалдықтарын қайта өңдеудің ғылыми әзірлемелері мен практикалық технологияларына ерекше назар аударылды. Семинарда «Өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи ғылыми әзірлемелері мен перспективалық технологиялары» тақырыбында «Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК филиалының Минералды шикізатты байыту және жартылай өнеркәсіптік сынақтар бөлімі бастығының орынбасары Смайылова Алина Батырқанқызы баяндама жасады.

Баяндамада көлемі жағынан өңделетін минералды шикізаттың едәуір үлесіне жетуі мүмкін байыту қалдықтары, бағалы компоненттерді қайталама өндіру үшін перспективалы шикізат көзі болып табылатыны атап өтілді. Оларды қайта өңдеу бір мезгілде табиғи ресурстарды пайдаланудың толықтығын арттыруға және жинақталған қалдықтардың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы бағыттардың ішінде флотация, гидрометаллургия, шаймалау және аралас технологиялар қарастырылды.

А. Смайылова, сонымен қатар хром, барит, мыс және кешенді қалдықтарға жартылай өнеркәсіптік сынақтар жүргізумен орындалған ғылыми-технологиялық әзірлемелердің практикалық нәтижелерін ұсынды. Жартылай өнеркәсіптік сынақтардың технологияның тиімділігін растауға, параметрлерді оңтайландыруға және оны одан әрі өнеркәсіптіке енгізуді бағалауға мүмкіндік беретін этап ретіндегі негізгі рөлін ерекше атап өтіті.

Семинарды қорытындылай келе, байыту қалдықтарын қайта өңдеу технологияларын дамыту минералды ресурстарды ұтымды пайдалану, айналмалы экономикаға көшу және тау-кен өнеркәсібінің экологиялық қауіпсіздігін арттыру үшін маңызды бағытқа айналатынын атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Қазақстандық зауыттардан шыққан улы қалдықтарды өндіріске қайтарғысы келеді

Қазақстандық зауыттардан шыққан улы қалдықтарды өндіріске қайтарғысы келеді

Қазақстанда хромқұрамды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің жолын іздеуде

Қазақстанда хромқұрамды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің жолын іздеуде

Қазақстанда хром қалдықтарына екінші өмір берілуі мүмкін

Қазақстанда хром қалдықтарына екінші өмір берілуі мүмкін

Қазақстанда хромды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің тиімді жолдары зерттелуде

Қазақстанда хромды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің тиімді жолдары зерттелуде

Елімізде жылына 10,5 млн тонна мыс кенін өңдеуге арналған байыту технологиялары әзірленді

Елімізде жылына 10,5 млн тонна мыс кенін өңдеуге арналған байыту технологиялары әзірленді

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз