Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу үшін конкурстық комиссия отырысының
ХАТТАМАСЫ
| 2026 жылғы «21» шілде | Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 32/1 1708 кабинет |
Төрағалық етті: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Әлібеков О.А.
Қатысқандар: Конкурстық комиссия мүшелері
Күн тәртібі:
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа (бұдан әрі – Конкурс) қатысушылармен әңгімелесу өткізу және Конкурс жеңімпазын айқындау.
ТЫҢДАЛДЫ:
Конкурстық комиссияның хатшысы Абдуллина Д.Ж. өтінімдерді қабылдау қорытындысы бойынша Конкурсқа қатысуға 6 кандидаттан (Абишев Ж.Д., Балпанов Д.С., Догамбеков А.Д., Жаксылыков Е.Ж., Калиолданов К.Б., Темирбеков Н.М.) өтініштер келіп түскенін хабарлады. Конкурсқа қатысуға жіберілген 6 кандидаттың ішінен әңгімелесуге 4 кандидат қатысты. Бір кандидат (Қалиолданов Қ.Б.) әңгімелесуге келмеді, бір кандидат (Темірбеков Н.М.) өз кандидатурасын қайтарып алды және Конкурсқа одан әрі қатысудан бас тартты .
ШЕШІМ:
- Әңгімелесу және ашық дауыс беру нәтижелері бойынша Доғамбеков Əділет Дəулеткерейұлы конкурстық комиссияның бірауыздан қабылдаған шешімімен «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры лауазымына тағайындауға ұсынылды.
- Конкурстық комиссияның хатшысы Конкурс қорытындылары туралы ақпаратты мемлекеттік мүлік тізілімінің www.e-qazyna.kz веб-порталында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
Конкурстық комиссияның төрағасы: Әлібеков О.А
Конкурстық комиссияның мүшелері:
Бекенова Д.Р.
Жотабаева М.О.
Кабдешев Ж.С.
Султанова А.К.
Конкурстық комиссияның хатшысы: Абдуллина Д.Ж.
Басқа жаңалықтар
Конкурстық комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығындағы Металлург күні
Қауымдастырылған профессор ғылыми атағын беруге ұсыным бойынша материалдар: Алимжанова А.М.
Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды