2018 жылғы 19–22 маусым аралығында Астана қаласындағы ЭКСПО Конгресс-орталығында 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік тау-кен конгресі (ДТКК) өтті. Конгресстің негізгі міндеті – әлемдік инновацияларды ілгерілету және бүкіл әлемнен тау-кен кешені сарапшыларымен тәжірибе алмасу, ғылымды дамыту және тау-кен металлургия кешенінің (ТМК) ілгерілеуі үшін халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықты ынталандыру, ТМК-нің ең өзекті мәселелерін талқылау және олардың шешімдерін іздеу, өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру және қоршаған ортаны қорғау шараларын жақсарту.
«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК Ұлттық ұйымдастыру комитетінің мүшесі бола отырып, ДТКК аясында Қазақстанның ірі тау-кен байыту кәсіпорындары мен ғылыми ұйымдарының, сондай-ақ жақын және алыс шетел елдерінің қатысуымен «Байыту» сессиясын өткізді.
Сессия барысында келесі негізгі тақырыптар талқыланды:
- Кедей, қиын байытылатын кендер мен техногендік шикізатты кешенді қайта өңдеудегі қазіргі мәселелер және оларды шешу жолдары;
- Екінші шикізат көздерін кешенді қайта өңдеудің инновациялық бағыттары;
- Технологиялық тізбектегі шикізат сапасын басқару мәселелері;
- Алтын өндіру өнеркәсібі: жағдайы, мәселелері және саланың перспективалары;
- Жаңа технологиялар мен жоғары тиімді жабдықты қолдана отырып, байыту кәсіпорындарында жабдықты енгізу тәжірибесі;
- Технологиялық процестер мен жабдықты автоматтандыру.
Сессия келесі подсекцияларға бөлінді:
- Технологиялық минералогия;
- Өндірістік инновациялар;
- Минералдық шикізатты байытудың концептуалды мәселелері;
- Автоматтандыру, роботтандыру;
- Қатты алтын.
Сессия модераторлары: Жарменов Абдурасул Алдашевич, сессия төрағасы, РГП «НЦ КПМС РК» Генералдық директоры, ҚР ҰҒА академигі (Қазақстан), Болотова Людмила Сергеевна, РГП «НЦ КПМС РК» филиалы ГНПОПЭ «Казмеханобр» Қымбат металдар зертханасының меңгерушісі (Қазақстан).
Сессия барысында 13 елден 36 баяндама жасалды: Австралия, Австрия, Болгария, Германия, Қазақстан, Канада, Қытай, Польша, Ресей, АҚШ, Финляндия, Франция, Оңтүстік Африка.
Спикерлер 29 ұйымнан өкілдер болды, соның ішінде:
Ғылыми ұйымдар 7:
- AGH University of Science and Technology (Польша)
- Scientific and Technical Union of Mining, Geology and Metallurgy (Болгария)
- McGill University (Канада)
- MIPT Center for Engineering and Technology (Ресей)
- Қазмеханобр (Қазақстан)
- ВНИИцветмет (Қазақстан)
- ХМИ им. Ж.Абишева (Қазақстан)
Өндірістік ұйымдар 22:
- FLSmidth (Австралия)
- Primetals Technologies Austria GmbH (Австрия)
- Engineering Dobersek GmbH (Германия)
- ThyssenKrupp Industrial Solutions AG (Германия)
- Outotec GmbH & Co KG (Германия)
- ENA - Eurasia Market Areas, Outotec (Финляндия)
- BGRIMM Technology Group (Қытай)
- AXTER SAS (Франция)
- Outotec (АҚШ)
- BIOX Outotec RSA (Оңтүстік Африка)
- ООО «Управляющая компания Полюс» (Ресей)
- Kvadrat Plus (Ресей)
- НПК "Механобр-техника" (Ресей)
- НПО «ЭРГА» (Ресей)
- Thermo Techno Engineering (Ресей)
- АО «Полиметалл УК» (Қазақстан)
- АО «АК Алтыналмас» (Қазақстан)
- ТОО «Балхашская геологическая артель» (Қазақстан)
- Engineering firm Oriental Co. Ltd (Қазақстан)
- JV Inkai (Қазақстан)
- KazGidroMed LLC (Қазақстан)
- ТОО «RGGold» (Қазақстан)
РГП «НЦ КПМС РК» тарапынан спикерлер:
- Мұхтар Айдархан Ахуанұлы, «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК филиалы Ж. Әбішев атындағы ХМИ кенді байыту зертханасының меңгерушісі, тақырыбы: «Қоңыр темір кендері мен концентраттарын термомагниттік байыту және фосфорсыздандыру»;
- Байсанов Алибек Сайлаубаевич, «ҚР МШКҚӨҰО РМК» филиалы Ж. Әбішев атындағы ХМИ пирометаллургиялық процестер зертханасының меңгерушісі, тақырыбы: «Қазақстан Республикасының темір-марганец кендерін қайта өңдеудің жай-күйі мен перспективалары»;
- Шабанов Ербол Жақсылықұлы, «ҚР МШКҚӨҰО РМК» филиалы Ж. Әбішев атындағы ХМИ «Ферроқорытпалар және тотықсыздану процестері» зертханасының меңгерушісі, тақырыбы: «Қазақстанның кондицияға сай емес никель кендерінен никель-хромды шойынды балқыту технологиясы»;
- Кушакова Лариса Борисовна, «ҚР МШКҚӨҰО РМК» филиалы ВНИИцветмет минералдық шикізатты технологиялық сынау зертханасының меңгерушісі, тақырыбы: «Тау-кен байыту кәсіпорындарының техногендік шикізатын қайта өңдеудің техникалық-экологиялық аспектілері»;
- Болотова Людмила Сергеевна, «ҚР МШКҚӨҰО РМК» филиалы «Қазмеханобр» ӨЭМҒӨБ асыл металдар зертханасының меңгерушісі, тақырыбы: «Қиын көміртекті мышьяк бар алтынды сульфидті кендер мен концентраттарды қайта өңдеудің негізгі бағыттары»;
- Ниязов Абдулхай Абдулаятович, «ҚР МШКҚӨҰО РМК» филиалы «Қазмеханобр» ӨЭМҒӨБ ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, тақырыбы: «Алтын-полиметалл кенінің заттық құрамы ерекшеліктерінің оны қайта өңдеудің оңтайлы технологиясын таңдауға әсері»;
- Арабаев Рауан Арчапиевич, «ҚР МШКҚӨҰО РМК» филиалы ВНИИцветмет асыл металдар және флотореагенттер зертханасы, тақырыбы: «Қазақстанның қиын алтын-мышьяк кендерін байыту перспективалары»
Басқа жаңалықтар
Қазақстандық ғалымдарға әзірлемелерді енгізуге көмектеседі: шығарындыларды мониторингілеу және биоотын өндіру
Жаңа ғылыми-техникалық кеңес Орталық Азияның тау-кен өндіру саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтады
Қазақстандық ғылыми әзірлеме Қытайда өткен ERSGIT 2026 конференциясында халықаралық деңгейде мойындалды
Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін
ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты