14 қазан 2020 жылы Шымкент қаласында ғылыми зерттеулерді жүргізу және ғылыми қызметті коммерциализациялау саласында серіктестік қарым-қатынастарды орнату мақсатында Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК өкілдерінің еліміздегі ең үлкен жоғарғы оқу орындарының бірі болып саналатын -М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті басшылығы және ғалымдарымен кездесуі болып өтті.
Кездесу шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы келісім шарт бекітілді. Бұл құжатқа М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті атынан – ректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Қожамжарова Дәрия Пернешқызы, Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық орталығы атынан – бас директор, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, академик Жәрменов Әбдрасул Алдашұлы қол қойды.
Келісім шарт мақсаты өзара қызығушылықты білдіретін салаларда ғылыми-зерттеу, сондай-ақ осы бағытта жоғарғы білікті кадрлар даярлау саласында бірлескен қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Басқа жаңалықтар
Қазақстандық ғылыми әзірлеме Қытайда өткен ERSGIT 2026 конференциясында халықаралық деңгейде мойындалды
Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін
ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты
ҚР МШКҚӨ ҰО China Mining 2026-ға қатысты: ТКМК-дағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері
Қазақстандық жас ғалымдар аса маңызды минералдық ресурстарды зерттеу нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстырды