10 сәуірде Астана қаласында Бас директордың бірінші орынбасары Досмұрат Айтқұлов Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы ұйымдастырған V Халықаралық экологиялық конгреске қатысты. Аталған іс-шараға әлемнің әртүрлі елдерінен келген жасыл партия өкілдері, ғалымдар мен экологтар, сондай-ақ салалық министрліктер мен бизнес құрылымдардың басшылары қатысты.
Конгресс аясында Досмұрат Қызылбиұлы «Қазақстандағы техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, онда қайталама ресурстарды экономикаға тарту, экологиялық сын-қатерлер және заманауи технологиялық шешімдерді енгізу қажеттілігі сияқты өзекті мәселелерді көтерді.
Баяндамада ғылыми зерттеулер жүргізу үшін техногендік-минералдық түзілімдерге ғалымдардың қолжетімділігін шектейтін қолданыстағы құқықтық олқылықтар мен кедергілерге, сондай-ақ олар туралы ақпараттың жеткіліксіздігіне ерекше назар аударылды. Бұл факторлар инвестициялар тартуды тежеп, техногендік қалдықтарды өнеркәсіптік айналымға тиімді енгізуге кедергі келтіреді.
Басқа жаңалықтар
Қазақстандық ғалымдарға әзірлемелерді енгізуге көмектеседі: шығарындыларды мониторингілеу және биоотын өндіру
Жаңа ғылыми-техникалық кеңес Орталық Азияның тау-кен өндіру саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтады
Қазақстандық ғылыми әзірлеме Қытайда өткен ERSGIT 2026 конференциясында халықаралық деңгейде мойындалды
Қазақстан мен Қытайдың өнеркәсіптік кооперациясы: шикізаттан жоғары технологиялық өндіріске дейін
ҚР МШКҚӨ ҰО Сеулде өткен «С5+1» елдері өнеркәсіп министрлерінің Консультативтік механизімінң отырысына қатысты