Монография шығару

01.02.2011

2011 жылдың ақпан айында «Геотехнологиялар, тау-кен жүйелері және недртану» бөлімі РМҚК «ҚР КПМС ҰҒЗО» тарапынан «Карьерлерді автоматтандырылған жобалау жүйесін әзірлеудің геоақпараттық нысанға бағытталған технологиялары» атты монография жарық көрді. Монография авторлары: Жарменов А.А., Турдахунов М.М., Букейханов Д.Г., Бекмурзаев Б.Ж., Съедин В.Ф.

Монографияда геоақпараттық технологиялардың, геоақпараттанудың, геоақпараттық жүйелердің негіздері баяндалады; тау-кен жұмыстарын геоақпараттық модельдеу дамуы қарастырылады; ашық тау-кен жұмыстарының негізгі объектілерінің – кен орындары мен карьерлердің – отандық және шетелдік ақпараттық жүйелері мен геоақпараттық модельдерінің сипаттамалары, сондай-ақ олардың модельдеу әдістері мен тәсілдері келтірілген. Қатты пайдалы қазбалар кен орындарының және карьердің геоақпараттық модельдерінің жіктемесі ұсынылған.

Нысанға бағытталған модельдеудің негіздері, күрделі дискретті жүйелерді жасау барысында математикалық және алгоритмдік модельдеуге қарағанда оның артықшылықтары баяндалады.

Авторлар әзірлеген тау-кен жұмыстарын автоматтандырылған жобалау жүйесінің архитектурасы ұсынылған. Жүйенің негізгі құрылымдық объектілері, олардың интерфейстері мен мінез-құлқы, басқару ағымдарының негізгі бағыттары анықталған. Ашық тау-кен жұмыстары объектілерін нысанға бағытталған модельдеу процесі сипатталған.

Монография ғылыми қызметкерлерге, инженерлерге, пайдалы қазбалар кен орындарын игеру және олардың САПР жүйелерін әзірлеумен айналысатын бағдарламашыларға, сондай-ақ тау-кен және ақпараттық профильдегі жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

Рецензенттер: Буктуков Н.С., т.ғ.д., профессор; Ахмедов Д.Ш., т.ғ.д.

Барлық сұрақтар бойынша монография авторларына e-mail арқылы хабарласуға болады: lpon_2008@mail.ru

Басқа жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Қазақстандық ғалымдар RCCT-2026 халықаралық конференциясында жартылай өткізгіш материалдар саласындағы әзірлемелерін таныстырды

Учёные Казахстана представили новую технологию переработки бедных литиевых руд

Учёные Казахстана представили новую технологию переработки бедных литиевых руд

Литий из отходов: в Казахстане разработали технологию переработки бедных руд

Литий из отходов: в Казахстане разработали технологию переработки бедных руд

Казахстанские ученые совершили прорыв в переработке литиевых руд

Казахстанские ученые совершили прорыв в переработке литиевых руд

Казахстанские ученые разработали технологию переработки бедных литиевых руд

Казахстанские ученые разработали технологию переработки бедных литиевых руд

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз