Ғылымға арналған ғұмыр: академик Әбдуәли Баешов - 80 жаста

29.04.2026

Бүгінде көрнекті ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, «Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның бас ғылыми қызметкері Әбдуәли Баешов туған күнін атап өтеді.

Әбдуәли Баешов – жарты ғасырдан астам ғұмырын ғылыми және педагогикалық қызметке арнаған, электрохимия және гидроэлектрометаллургия саласындағы танымал мамандардың бірі. Оның кәсіби жолы отандық ғылым мен өнеркәсіптің дамуымен, ғылыми кадрларды даярлаумен және озық технологияларды енгізумен тығыз байланысты.

Ғалым мыс- және халькогенқұрамды материалдарды өңдеу мен синтездеудің перспективалық электрохимиялық әдістерінің іргелі негіздерін әзірледі, құнды қосылыстар ала отырып, фосфор және мұнай өңдеу өнеркәсібінің қалдықтарын өңдеудің жаңа тәсілдерін ұсынды. Ол жасаған қиын өңделетін қосылыстарды тотықсыздандыру технологиялары мен жаңа материалдарды алу әдістері ерекше маңызға ие. Сондай-ақ, электр тогын жинақтаудың принципті жаңа әдісі де әзірленді, оның электр қуаты литий батареяларының электр сыйымдылығынан бірнеше ондаған есе асып түседі; бұл жаңалық патенттермен қорғалған.

Әбдуәли Баешовтың көп жылдық зерттеулерінің нәтижесінде жаңа ғылыми құбылыстар ашылды, оның ішінде қышқыл ерітінділерде титанның поляризациядан кейінгі химиялық өзін-өзі еріту құбылысы табылды және тиісті дипломмен белгіленді.

Ол 1400-ден астам ғылыми еңбектердің, соның ішінде монографиялар мен оқулықтардың авторы және 240-тан астам өнертабыстың иегері. Оның жетекшілігімен 2 докторлық, 39 кандидаттық және PhD диссертациялар қорғалды.

Ол көп жылғы еңбегі мен еліміздің ғылым мен өндірісіне қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалармен, соның ішінде «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы», «КСРО өнертапқышы» атақтарымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен, «Қазақстан Республикасындағы ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен, В.И. Блинников атындағы «Өнертабыс пен патенттік тәжірибеге қосқан үлесі үшін» алтын медалі және басқа да марапаттармен марапатталған.

Бүгін Әбдуәли Баешовты туған күнімен құттықтай отырып, «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК ұжымы оған зор денсаулық, сарқылмас қуат және ғылымды алға жетелейтін жақсы жаңалықтар тілейді.

Басқа жаңалықтар

Қазақстандық зауыттардан шыққан улы қалдықтарды өндіріске қайтарғысы келеді

Қазақстандық зауыттардан шыққан улы қалдықтарды өндіріске қайтарғысы келеді

Қазақстанда хромқұрамды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің жолын іздеуде

Қазақстанда хромқұрамды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің жолын іздеуде

Қазақстанда хром қалдықтарына екінші өмір берілуі мүмкін

Қазақстанда хром қалдықтарына екінші өмір берілуі мүмкін

Қазақстанда хромды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің тиімді жолдары зерттелуде

Қазақстанда хромды қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің тиімді жолдары зерттелуде

Елімізде жылына 10,5 млн тонна мыс кенін өңдеуге арналған байыту технологиялары әзірленді

Елімізде жылына 10,5 млн тонна мыс кенін өңдеуге арналған байыту технологиялары әзірленді

Егер сіз сыбайлас жемқорлыққа тап болсаңыз,
көрсетілген нөмірге қоңырау шалыңыз