KazakhRussianEnglish (United Kingdom)

Индустриялық даму комитетінің төрағасы «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК ұжымымен кездесті


15.12.2020


Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитет төрағасы Марат Кәрімжанұлы Қарабаев «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК (бұдан әрі – Орталық) басшылығымен және Орталық филиалдарының директорларымен кездесті. Талқылаудың негізгі тақырыбы «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК қызметі мен даму жоспарлары туралы мәселе болды.


Комитет басшысына Орталықтың құрылымы, кадрлық құрамы, негізгі мақсаттары, міндеттері, оларды шешудің ықтимал жолдары туралы, сондай-ақ соңғы жылдардағы негізгі жетістіктері көрсетілген презентациялық фильм ұсынылды.


Филиал директорлары өздерінің институттарының жұмысын егжей-тегжейлі баяндап, сала үшін келешектік жобаларды ұсынды.


Д.А. Қонаев атындағы тау-кен істері институты бойынша директор Н.С. Бүктүков тау-кен машинасын жасау саласында ірілендірілген, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізуге және коммерцияландыруға дайын бірегей жұмыстарды атап өтті.


Ж. Әбішев атындағы ХМИ филиалының директоры. С. О. Байсанов саланың екі негізгі проблемасына тоқталды, оларды шешу үшін институт табысты жұмыс атқаруда. Бұл Лисаков кендерін өңдеу және марганец өнеркәсібін дамыту. Институтта «Ғылым қоры» АҚ желісі бойынша өнімділігі айына 30-40 т тазартылған ферроқорытпалар өндірісі құрылды. Іске қосу 2020 жылғы 24 желтоқсанға жоспарланған.


Директор С.Т. Шалғымбаев Қазмеханобрдың басты артықшылығы жұмыс істеп тұрған тәжірибелік фабриканың болуы екендігін атап кетті: «Кеңестер Одағы кезінде олар үшеуі болса, қазір кеңестік аймақтар кеңістігінде біреуі ғана сақталып, жұмыс істеп тұр. Жақында оны жаңарттық, заманауи жабдықтармен қамтамасыз еттік, өкінішке орай, толық емес, бірақ соған қарамастан фабрикадағы сынақтар өндірістік кәсіпорындар шеңберінде сұранысқа ие».


Астаналық филиал директоры Б.Н. Сәтбаев әзірленген технология бойынша шетелдік баламаларымен өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдей алатын отқа төзімді заттардың жаңа түрлері Қазақстан мен Ресей кәсіпорындарында сынақтан сәтті өтіп, қолданыла бастағаны туралы баяндады.


Металлургия орталығы филиалының директоры Э.Б. Бейсембаев «Ғылым қоры» АҚ-ның қолдауы арқасында жұмыс режиміне шығуға мүмкіндік беретін арнайы кокс пен отқа төзімді өндіріс бойынша құрылған екі учаскенің дамыту перспективаларына тоқталды.


«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның Ғылыми зерттеулер департаментінің директор Д. К. Айтқұловтың айтуынша, негізгі зерттеу бағыттары қатарында мыналар:


- феррованадий мен тазартылған феррофосфорды одан әрі өндіру мақсатында ванадийқұрамды феррофосфорды ала отырып, Қаратау кварциттерін өңдеу;


- ферросилиций өндіру үшін кремний көміртегін ала отырып, күріш қыпығын өңдеу;


- карналлит пен бишофит ала отырып «Қостанай минералдары» АҚ-ның хризотил-асбест қалдықтарын қайта өңдеу. Жұмысты «Ғылым қоры» АҚ қаржыландырады.


«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК бас директоры, академик Ә.А. Жәрменов ұйым қызметінің нәтижелерін қорытындылап, Ұлттық орталықта нақты маңызды жұмыстар орындалатынын атап өтті. «Біз түрлі елдерде зауыттарды іске қосып жатырмыз. Біздің әзірлемелерімізге соңғы 20 жылда $3,5 млрд-тан аса инвестициялар құйылуда, жыл сайын $4 - $4,5 млрд-тан астам өнім шығарылады деді.»


Қорытындылай келе, ҚР ИИДМ ИДӨҚК төрағасы М.К. Қарабаев қазіргі уақытта мемлекеттік жоспарлау жүйесін қайта қарау мәселесі тұрғанын. ҮИИДМБ-3 қалыптастыру кезінде ТКМК бөлігінде өндіруден толықтай кетіп, оны орындау үшін тек орта және жоғарғы қайта бөлулер салынатыны туралы шешім қабылданғандығын атап өтті. М.Қ. Қарабаев Орталықтың қызметіне түсініктік таныта отырып, оны жүзеге асыруда елдің экономикалық дамуына ықпал ететін «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның перспективалық бағыттары туралы ұсыныстар енгізуді тапсырды.


Кездесу соңында ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы М.Қ. Қарабаев еңбек сіңірген ғалым-практиктерге наградаларды:


– Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ғылым, техника және білім беру саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Академик Е. А. Бөкетов атындағы, академик Ө. Жолдасбеков атындағы сыйлықтардың лауреаты Сайлаубай Омарұлы Байсановқа - "Еңбек ардагері" медалін;


– Астаналық филиалының директоры, т.ғ.д., профессор, 2017 жылғы әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Қ. И. Сәтпаев атындағы сыйлықтың және Академик Е. А. Бөкетов атындағы сыйлықтың иегері, Баймахан Нұрлыбайұлы Сәтбаевқа I дәрежелі "Еңбек Даңқы" төсбелгісін табыс етті.





Источник: https://www.gov.kz/memleket/entities/comprom