Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК 1993 жылы 22 шілдедегі № 642 Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен және 1993 жылғы 21 қаңтардағы № 1090 Президент үкіміне сәйкес ғылымды ұйымдастыру және республиканың ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту мақсатында құрылған. Осы орайда келесі мәселелер құруға негіз болды:
- ғылымның алға дамуын іске асыруды қамтамасыз ету,
- елдің ғылыми-техникалық әлеуетінің күшеюіне мүмкіндік туғызу,
- Қазақстанның технологиялық алға шығуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызу.
Құырылсы және кадрлық әлеуеті
«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК құрамына осы мекемеге қарайтын жетекші зерттеу институттары мен тау-кен және металлургия саласының кәсіпорындары кіреді:
- Геология және минералдық шикізаттың экономикасы институты, Алматы қаласы;
- Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен істері институты, Алматы қаласы;
- Ж.Н.Әбішев атындағы Химимя-металлургия институты, Қарағанды қаласы;
- Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен-металлургия түсті металдар институты, Өскемен қаласы;
- «Қазмеханобр» мемлекеттік өндірістік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі, Алматы қаласы;
- Металлургия орталығы;
- Астанада филиал.
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК орталық аппарат құрылымында келесілер қызмет атқарады:
- 6 ғылыми-зерттеу лабораториясы,
- тәжірибе-сынақ кешені,
- конструкторлық –жобалау бөлімі.
Тау-кен-металлургия кешендеріне ғылыми-техникалық қызмет көрсету нарығында, соның ішінде инновациялық өндіріс құруда, алдыңғы қатарлы технологияларды жасау мен ендіруде «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның ойдағыдай қызмет етуі жұмыс құрылымын епті әрі дәл құра білу мен мамандардың кәсіптік деңгейінің жоғарылығында.