Жаңалықтар

 

06.08.2025

 

Кантон жәрмеңкесі

 

Жуырда «Қазақстан Республикасы Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК басшылығы мен жас ғалымдары Қытай мен әлемнің өзге елдері арасындағы экономикалық және сауда қатынастарын дамытуда маңызды рөл атқаратын, 138-ші Кантон жәрмеңкесінің таныстырылым семинарына қатысты.

 

Қытай тарапының (Қытай Хлық Респцубликасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Қытай Сыртқы сауда орталығы және басқа да ұйымдар өкілдеорі) ресми өкілдер Кантон жәрмеңкесінің Қазақстанмен тек сауда ғана емес, достық қатынастарды дамытудағы маңыздылығын атап өтті. Қазақстан тарапынан семинар жұмысына Қонаев қаласы әкімдігі мен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысты.

 

Ғалымдар үшін Кантон жәрмеңкесі алаңы жаңа идеялар мен ғылыми зерттеулердің инновациялық бағыттарының қайнар көзі бола алады. «ҚР МШКҚҰО» РМК-ның Бас ғылыми хатшысы, профессор Светлана Ефремова, бақытты билет деп айтса да болады, Air China компаниясынан Кантон жәрмеңкесіне қатысу үшін (екі жаққа да) тегін ұшу сертификатын ұтып алды.

 

Анықтама үшін: Іс-шара ұйымдастырушылары Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы мен Қытай Сыртқы сауда орталығы, уақыты 2025 жылғы 29 шілдеде Алматы қаласында өтті.