БАҚ біз туралы

 

Минералды шикізат саласында өнеркәсіп орындарын құру және материалдар өндіру : 2024 жылдың 11 айының қорытындысы

 

08.01.2025

 

 

2024 жылдың 11 айында ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

 

2024 жылы ҚР МШКҚӨҰО құрылған күннен бастап табысты қызметінің 30 жылдығын атап өтті.

 

3 өнеркәсіптік нысан өнеркәсіптік пайдалануға берілді және 1 өндіріс жобалық қуатқа шығарылды. 2 аппаратты-бағдарламалық кешен құрылып, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың технологиялық процесіне енгізілді және пайдаланылуда. 3 өнеркәсіптік нысандар жобаланған және құрылысқа және қайта құруға дайын тұр.

 

1 200 тонна отқа төзімді материалдар өндіріліп, еліміздің металлургиялық комбинаттарына жеткізілді. Сондай-ақ орталық отандық және шетелдік компаниялармен жалпы сомасы 4 млрд.теңгеден астам 140 шарт жасады.

 

 

Источники: gov.kz/memleket/entities/mps 

facebook.com/share/p/18N25Djp8K/ 

instagram.com/p/DEjdjNlsSVt/?igsh=MWgyM2NiMmE5NG02aA== </p