Media about us

 

 

Күріш қауызынан жасалған өнім

 

22.11.2024

 

О научных достижениях ученых Национального центра по комплексной переработке минерального сырья Республики Казахстан в производстве новых материалов рассказали журналисты на страницах Egemen Qazaqstan.

Статья посвящена созданию полифункциональных материалов на основе вторичного сырья, а именно – рисовой шелухи. Кремнеуглеродный композит из рисовой шелухи находит применение и в промышленности, и в сельском хозяйстве благодаря своему составу, особенностям строения и свойствам.

Первая очередь производства кремнеуглеродного композита из рисовой шелухи успешно запущена в рамках мероприятий, посвященных 30-летию Национального центра по комплексной переработке минерального сырья Республики Казахстан, при поддержке и участии АО «Фонд науки». 

 

Биыл желтоқсан айында ғалымдар күріш қауызынан жасалған кремний көміртекті нанокомпозитті өндірісті іске қоспақшы. Жобаны «Ғылым қорының» қолдауымен Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының мамандары іске асырып отыр.

 

 

Кешенді зерттеулер мен сынақ алаңдарындағы ғылыми жұмыстар нәтижесінде күріш қауызынан жасалған инновациялық өнім өнеркәсіп салаларымен қатар ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.

 

Бірінші Алматы аумағында орналасқан өндірістік кешенде ғалымдар ішкі нарықтың сұра­нысын өтеумен қатар, импортқа бағыт­талған өнім өндіруді жос­парлап отыр. Жақында «Ғылым қоры» басқар­ма төрағасының орынбасары Сұлтанбек Аймақов өндірістің бірінші кезеңін іске қосу барысымен танысып, ғалымдардың заманауи өнімді үлкен нарық­қа шығарудағы жоспарларымен ­танысып қайтқан болатын.

 

Жоба жетекшісі, техника­ ғылымдарының докторы, про­­фессор Юрий Сухарников инно­вациялық өнімнің құр­амы, сондай-ақ өндірістік жұмыс­ барысымен таныстырды. Ғалымның айтуынша, қауыз күріш салмағының 20 па­йызын құрайды. Өндірісте пайдаланылатын күріш қауызы көміртек пен кремний сияқты маңызды элементтерден тұрады. Осы табиғи артықшылықты кеңінен пайдалана отырып, нәтижесінде полифункционалды, кремний көміртекті, нанокомпозитті технология әзірленді. Материалды резеңкеден жасалатын техникалық бұйымдар мен фрикциялық материалдарда толтырғыш, кремний мен ферроқорытпа алуға арналған шикізат ретінде қолдануға болады.

 

«Әлемде бірқатар патент бол­ғанымен, кремний көміртегі­нің өнеркәсіптік өндірісі жоқ. Осы өндірістің ерекшеліктерін ескере отырып, жобаны патенттеп, енді үлкен өндірісті іске асыр­мақ ниетіміз бар. Елімізде кәсіп­­орындардың кремний көмір­тегіне сұранысы жылына 2 мың тоннаны құрайды. Әзірге бұл өндіріс жалпы сұраныстың 7,5 пайызын қамтамасыз ете алады. Кремний көміртегінің құрамында 50 пайыз – С, 40 пайыз – SiO2, 10 пайыз көмірсутек бар. Бағасы аналогтерінен 1,5-2 есе төмен. Егер нанокомпозитті өнім өндірісін жылына 2 мың тоннадан асыратын болсақ, бұл еліміздегі кәсіпорындар сұранысын толық жабумен қатар, экспортқа шығуға да мүмкіндік береді», дейді Юрий Сухарников.

 

Бұл өнертабыстың ерекшелігі, күріш қауызы еш қалдықсыз және кешенді өңделеді әрі одан жартылай функционалды өнімдер алу мүмкіндігі жоғары. Мамандар инновациялық өнімді техника және ауыл шаруашылығы саласында тиімді пайдалануды тәжірибеде дәлелдеп, пайдасының ұшан-теңіз екеніне көз жеткізіп отыр. Бұл өнімді ауыл шаруашылығында құстар мен жануарлар рационында жоғары тиімді жемшөп қоспасы ретінде пайдалануға болады. Бүгінде еліміздегі ре­зең­ке өндірісіндегі техникалық кәсіп­орындар қажеттілігі жылына 3 мың тоннаны құрайтын болса, құс шаруашылығында 16 мың тоннадан асады.

 

Жобаны іске асыруда мол тәжірибесі бар мамандар тәжі­рибелік-өнеркәсіптік алаңда кремний көміртегін өндіру және өнімді тұтынушыларға жеткізу бағытында кешенді жұмысты іске асырды. Күріш өңдеу қалдықтарынан кремний көміртегін алу үрдісінің ғылы­ми-технологиялық негіздерін Ю.Сухарников жасаса, технология мен аппаратураны әзірлеу С.Жүсіповке жүктеліп, ол коммерцияландыру бағытын­дағы жұмысты іске асырды. Техно­логияны өнеркәсіптік жағдайлар­ға бейімдеген техника ғылым­дары­ның докторы, профессор С.Ефремова, ал кремний көміртегі­нің өнеркәсіп­тік өндірісін құру жөніндегі жұмыстар С.Ершин, кремний көміртегінің өнеркәсіп­тік өнді­рісін құруды С.Досқалиев іске асырды. Осылайша, 300 млн теңге көлеміндегі грант сомасына, қосымша қаржы көздерін қарастыра отырып, мамандар ­заманауи өнім жасап шығарды.

 

«Жоба «Сары-Бұлақ» ком­па­ния­сы» ЖШС-да өнді­рістік сынақтан өтті. Ауыл шаруа­шы­лығында құс рационына 2 па­йыз кремний көміртегін қосқан кезде (құрама жем 2 пайызға төмендетілген) құс басын сақтап қалу 5,8, ал бройлер тауықтарының орташа тәуліктік салмағы 3,5 пайызға, жемшөп шығындары 3 пайызға, жұмыртқа өндірісі 2,5, жұмыртқаның салмағы 0,8 пайызға артып отыр. Нанокомпозитті өнім­ді құс шаруашылығы өнді­рісін­де пайдалану оның құра­мында көмір­тек пен кремний диоксидінің болуы­мен ерекшеленеді, биоло­гиялық белсенді өнім ре­тіндегі тиімділігін арттырады» дейді жоба жетекшісі.

 

Қазақ мал шаруашылығы жә­­не жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институтының қоры­тын­ды­сы бойынша құс етінің және жұ­мыртқаның рационына кремний көміртегі қоспасын енгізу өнімділікті арттыруға, жемшөпті үнемдеуге, жұмыртқа өндірісін арттыруға ықпал ететіндігі анық­талды. Кремний көміртегінің құ­ра­­мындағы аморфті кремний дио­к­сидінің құс ағзасына сіңуі мине­ралды қоспалардың басқа түрлеріне қарағанда 70-80 пайызды құрайды. Бұл құстың эпиталий және сүйек тіндерінің нығаюын қамтамасыз етіп, өсуін жеделдетіп, салмағын арттырады. Ғалымдар инно­вациялық өнім келер жылдан бастап шаруашылық салаларында тиімді қолданылатын болса, жоғары өнімділікті қамтамасыз ете­тін уақыт та қашық емес деп үміт­теніп отыр.

 

Ендігі кезекте өнім өндіру және өткізу бойынша шаруашылық қыз­­метті жүзеге асыратын жаңа құ­рылымдық бөлімше құрылмақ. Ин­вес­­тицияларды өнім шығарыла бас­тағаннан кейін 3 жылдан соң қай­­­таруға болады. Ал 5 жылда крем­­­ний көміртегін сату көлемі 3 360­ млн теңгеге жетіп, түсетін пайда 1 485 млн теңгені құрайды деген бол­жам бар. Өндіріс толық­қанды іске асқан жағдайда 40-қа жуық жаңа жұмыс орны, ал еліміз аумағы бо­­йынша іске асатын жағдайда 200 жұ­­мыс орнын ашуға мүмкіндік зор.

 

 

 

 

Источник: egemen.kz