kazmehanobr-logo

 

 

«Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркісіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі 1958 жылы құрылған.

 

 

kazmechanobr«Қазмеханобр» құрылымы ғылыми және жобалау бөлімшелерін біріктіреді, сондай-ақ республика бойынша жаңа кенорындарының кендерінің байытылуын жартылайөндірістік сынақтан өткізетін, ҚР ГКЗ қорларын бекітуге арналған мәліметтер беретін жұмыс істеп тұрған бірден-бір тәжірибе фабрикасы бар, ағызынды мен ауыз суларды тазарту, табиғатты тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау, полиметал мен алтын құрамды кендерді байыту саласында жасалған тиімділігі жоғары технологияларды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.

Бірлестік мына жұмыстарды атқаруға мамандардырылған:

 

  • Технологиялық зерттеулер мен қызметтер техногенді және кендік шикізат нысандарының құрамы мен оның технологиялық сипаттамасын зерттеуді; ағызынды сулар мен топырақты биохимиялық тазартуды; кендердің барлық түрлерін өңдеу режимі мен технологиялық схемасын, жаңа технологияларды жасауды; өндірістерді жаңарту мен жобалауға арналған технологиялық регламенттер мен ғылыми негізделген нұсқаулықтар жасауға; бақылау аспаптары мен қондырғыларды және құрал-жабдықтарды дайындау мен жасауды қамтиды.
  • Экологиялық зерттеулер мен қызметтер қоршаған орта жағдайын болжамдау мен бағалау, мониторинг жүргізуді, kazmechanobr3соның ішінде ғарыштық индустрия, химия өнеркәсібі, кен-металлургия кешендерінің кәсіпорындары қызметін: стандарттарды, ғылыми-негізделген эколгиялық нормативтерді жасауды; табиғи ресурстарды тиімді әрі кешенді пайдалануды негіздеуді; экологиялық аймақтандыруды; қалдықтарды жинау мен ПДВ, ПДС жобаларын жасауды, табиғатты пайдалануға рұқсат алумен, өндіріс қалдықтарының қауіпті сыныптарын анықтауды; экологиялық аудиттеу мен сараптау қызметтерін, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен кәдеге жаратудың технологиясын жасауды; жұмыс істеп тұрған және жобаланушы кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін бағалауды қамтиды.
  • Жобалау жұмыстары гидрометаллургиялық құрылыстар, қалдық шаруашылығын, байыту фабрикалары мен тау-кен өндіру кешендері құрлысы жобаларын жасауды; жануарлар қалдықтарын көметін, ТҚҚ полигондар құрылысының ТЭН жасауды; жұмысшы құжаттарын бере отрып кешенді жобалауды қамтиды.

Соңғы жылдарда жасалған жұмыстарды ендіру

  • kazmechanobr2Жұпыны алтынқұрамды техногенді және кендік шикізаттардан алтынды үймелеп сілтілеу технологиясы. Белсенді көмір мен ионалмастырғыш шайырды пайдаланып ерітіндіден алтын алу технолгиясы: Жанан, Мукур,Суздаль, Миялы, Мизек, Балажал, Комаровск, Бестөбе, Үзбой.
  • Бір аппаратта жүретін ионалмастырғыш шайырдың регенерациясы мен алтын десорбциясының жоғарытиімділікті технологисы: «Алтын-Төбе» ЗИП ЖАҚ ГРК, «Андас-Алтын» ГРК ЖШС Доре зауыты, «Семгео» АҚ Балажал руднигі, «Сага Крик Голд Ккомпани» СП ЖШС Доре зауыты, Васильковск КБК, Макмальская ЗИФ (Қырғыстан).
  • «Кентөбе» кенорнының темір кендерін өңдеу технлогиясы: «Өркен» ЖШС, «Испат-Кармет» АҚ.
  • «Рубцовск» кенорнының мыс-қорғасын-мырыш-алтын құрамды колчедан кендерін өңдеу технологисы: «Российская рудная компания» АҚ (Ресей).
  • Түрлі кәсіпорын (хром кендерін өңдейтін «Восход» байыту фабрикасы, алтынмыс өңдейтін зауыт (Варваринское), никельді кендерді өңдейтін зауыт, модульді типтегі қоқыс өңдейтін кешен «Алматы, Астана, Тараз) күкіртқышқыл зауыты) нысандары бойынша жұмысшы құжаттары мен жобасыжәне олардың техникалық жолдамасы: «Казхром» ТНК АҚ, «Варваринское» АҚ, «Алтын-ТЕТ» жшс; «ГРК Қазақстан никелі» ЖШС, «Алтайполиметалл» ЖШС, «МДМ» (ОАР), «Метчел» (Ресей), «Кожема» (Франция), Корпорация «Золото Китая», «DRA Internationak» (ОАР), Имабе-Иберика (Испания), «Союз» (Ресей), «Баран Инжиниринг» (Израиль), «СКЗ-U» ЖШС, «Катк» СП ЖШС, «Desmet Ballestra s.p.a.» (Италия), «Oriel Recourses» (Ұлыбритания).

Байланыстар:

Қазақстан Республикасы, 050036

Алматы қаласы, Жандосов көш., 67

 

Телефоны:

8 (727) 309-25-82 (қабылдау бөлмесі – хатшы)

8 (727) 309-25-79 (қабылдау бөлмесі – факс)

 

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Web Site: http://kazmekhanobr.kz

igd-logo

 

 

Д.А.Қонаев атындағы тау-кен істері институты 1944 жылы 6 желтоқсаннан жұмыс істейді, Орталық Азия мен Қазақстанда ғы тау-кен өндірісін ғылыми-техникалық қамтамасыз етуші аса ірі ғылыми-өндірістік орталық болып есептелінеді.

 

Институт құрамында 16 ғылыми лаборатория, конструкторлық-жобалау, патентті-ақпараттық бөлім, ғылыми-техникалық әзірлемелерді автоматтандыратын, оқу –әдістемелік бөлім мен қоғамдық тамақтандыру орындары бар.

 

Институт горного дела им. Д.А. Кунаева

Институт мына жұмыстарды атқаруға мамандардырылған:

  • Іргелі зерттеулер жаңа ақпараттық технологиялар негізіндегі ашық тау-кен жұмыстары мен жерасты механизациясы және тау-кен өндіру кәсіпорындарын басқару мен жоспарлау, жобалаудың автоматтандырған жүйесін ғылыми-техникалық негіздеу, табиғи және техногенді пайдалы қазбалар кенорындарын кешенді игерудің қауіпсіз технологиясы мен экологиялық тазалығын, тиімділігін қамтиды.
  • Инженерлік-геологиялық іздеулер инжнерлік-геологиялық рекогносцировка мен түсірілімдер; геофизикалық зерттеулер; гидрогеологиялық зерттеулерді қамтиды.
  • Жобалау жұмыстары инженерлік жүйелер мен торларды жобалауды (жылыту, желдеткіш және кондиционерлеу, сужабдықтау мен канализация, жылуменжабдықтау, энергияменжабдықтау, электрлік жарықтар мен жылытулар, автоматтандыру және КИП, әлсізағынды қондырғылар, көлік), тау-кен өндірісінің технологиялық үрдістері мен тау-кен кәсіпорындарын, жобалаудың арнаулы бөлімдерін әзірлеу (қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау, сметалық құжаттар азаматтық қорғаныстаң инженерлік-техникалық іс-шаралары, төтенше жағдайларды ескерту жөніндегі іс-шаралар) және өнеркәсіп салаларының өңдеуші және тау-кен өндіруші нысандарын қайтақұрылымдау мен салуды жобалауды қамтиды.
  • Консалтингтік қызмет көрсету - тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу, жарылғыш заттарды жасау мен бұрғылау жарылыс жұмыстары, геотехнология мен геоэкология, тау-кен өндірісінің экономикасы, тау-кен құқығы салалары бойынша.
  • Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім, кәсіби мамандарды даярлауды қамтиды, соның ішінде жоғары кәсіби мамандықтар бойынша: доктарантура: 25.00.22 – Геотехнология (жерасты, ашық және құрылыс); 25.00.20 – Геомеханика, жыныстардың жарылыспен бұзылуы, кеніштік аэрогазодинамика мен тау-кен жылуфизикасы; 05.26.01 – Еңбекті қорғау (тау-кен істері); 25.00.36 – Геоэкология; 25.00.35 – Геоинформатика; магистратур: 6N0707 – «Тау-кен істері», 6N0724 – «қондырғылар мен технологиялық машиналар».

Соңғы жылдарда жасалған жұмыстарды ендіру:

  • Электромагнитный перфоратор (ЭМП)Электромагниттік перфораты (ЭМП): «Қазмырыш» АҚ.
  • Жарылыстық емес компоненттерден өндірістік жарлыс заттарын шығару: Мойнақ СЭС, «Тас-ҚҰМ» ЖШС, «Алтын Дәурен» ЖШС, «Интерхим (Қырғыстан)» ЖШС, «МОНРИН» КОО (Монғолия) және т.б.
  • Бұрғылау зарядтарының конструкциясын құрамалау (комбинациалау): «Энергетика мен су шаруашылығы халықаралық Қытай корпорациясы» МК «Мойнақ» филиалы, «Тас-Құм» ЖШС,
  • Пайдалы қазбаларды жерасты әдістерімен өндіретін тау-кен кәсіпорындарындағы желдеткіштер мен бақылау жүйелерін моделдеудің кешенді автоматтандырылған бағдарламасы: «Қазақмыс»Корпорациясы» ЖШС, Жезқазған ВГСО.
  • Кешендердегі экскваторлы-теміржол және экскваторлы-автомобил кешендерін имитациялық моделдеу мен оңтайландыруды қамтамасыз ететін әдістемелік-бағдарлама: «Қостанай минералдары» АҚ, «ССГПО» АҚ, «ГЕМ-КОМ СОФ-ТВЭА РУС» ООО (Ресей).
  • «Жетіқара» технологиялық кешендерді басқарудағы автоматтандырылған корпоративті жүйе: «Қостанай минералдары» АҚ.
  • «Кенағындары» мониторингтің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі: «Қостанай минералы» АҚ.
  • Кендік кенорындарды іске қосу кезінде жерқойнауынан пайдалы қазбаларды толық және тиімді алуды басқару әдістері: «Қазцинк» АҚ.
  • «Толтырмалай отырып жоғарғыгазжинақталатын жатық көмір қаттарын қазбалау кезіндегі технологиялық параметрлерді есептеу әдістері»: ҚР ТЖМ «Тау-кен өнеркәсіпіндегі қауіпсіз жұмыстар жөніндегі «ҚазмемҒЗИ» ЕМК, «Өнеркәсіптегі қауіпсіздік» инженерлік орталық ЖШС, «Қазқалажоба» ҒЗӨИ» ЖШС.
  • «Жезқазғантүстімет» ӨБ рудниктерінде әлсіреген телімдерді анықтау жөніндегі уақытша әдістемелік нұсқаулық»: «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС.
  • Қуманы ойықтандырмау үшін УБС-2 қондырғысы: «Донск КБК» АҚ, «Қазхром» ТНК» АҚ.

 

Байланыстар:

Қазақстан Республикасы, 050046,

Алматы қаласы, Абай даңғ., 191

Тел. 8(727) 376 53 00

Факс 8(727) 376 52 97

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Web-site: http://www.igd.com.kz

hmi-logo

 

Ж.Әбішев атындағы ХМИ Орталық-Қазақстан аймағындағы химия-технологиялық және жалпыметаллургиялық бағыттағы жалғыз ғылыми-зерттеу институты. 1958 жылы құрылды. Институт металлургияның қара және түсті металдар саласы бойынша жүргізілетін ғылыми-техникалық зерттеулер жөніндегі тәжірибелерге өте бай, әрі металлургия өндірісінің барлық саласы бойынша ғылыми-техникалық қызметтердің барлық түрін атқара алады: шикізатты дайындаудан бастап дайын өнімге дейін.

Институт мына жұмыстарды атқаруға мамандардырылған:

  • HMIІргелі және технологиялық зерттеулер мен қызметтерді металлургиялық үрдістер мен техногендік өнімдерді, минералды шикізаттарды, бейорганикалық қосылыстарды, қара және түсті металдар кендерін металлургиялық өңдеу мен байытуды, технология ендіруді, дайындауды және ғылыми негіздемелерді жасауды, соның ішінде техногенді, екіншілік, бейкондиционды, қиынбайытылатын, құрамы күрделі темір кен шикізаттарын зерттеуді; пештік және шахталық, күйдіру агрегаттарының конструкциясын жасауды; таза химиялық заттар мен балқымалар және жаңа материалдар алу технологиясын жасау мен іске асыруды; авторлық бақылауды қамтиды.
  • Тау-кен–металлургия кешендерінің өнімдерін сертефикаттау мен стандарттау жөніндегі жұмыстарды химия өнеркәсібі мен тау-кен-металлургия саласының жинақтағыш бұйымдары мен отын-шикізат материалдары, өнімдерге келісім мен техникалық жағдайларды және стандарттар жобаларын жасауды; минералды шикізаттарға металлургиялық баға беру туралы қортынды беру мен жасауды қамтиды.
  • Экологиялық зерттеулер мен қызметтерді жерқойнауын тиімді пайдалану мен тау-кен-металлургия кешендеріндегі техника және экология қауіпсіздігі бойынша нормативті-құқықтық құжаттар жасауды қамтиды.
  • Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім, жоғары кәсіби мамандарды даярлауды қамтиды, докторантура мына ғылыми мамандықтар бойынша: 05.16.02 – сирек, түсті, қара металлдар металлургиясы; асперантура (күндіз және сырттай оқу формалары бойынша) мына ғылыми мамандықтар бойынша: 05.16.02 – сирек, түсті, қара металлдар металлургиясы; 05.16.08 – металлургиялық үрдістер теориясы, 02.00.01. – бейорганикалық химия, 02.00.04 – физикалық химия.

Соңғы жылдарда жасалған жұмыстарды ендіру

  • Ферросиликоалюминий алу технологиясы: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, « Челябинск электрометаллургия комбинаты» ААҚ (Ресей).
  • Қазақстанның ашық әдіспен өндірілген көмірінен арнаулыкокс алу технологиясы: «Челябинск электрометаллургия комбинаты» ААҚ (Ресей), «SILICIUM KAZAKHSTAN» ЖШС, Тараз металлургия зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зуыты мен Ақсу ферроқорытпа зауыты «Қазхром» ТНК» АҚ.
  • Ыдырай бастаған металлургиялық қождарды пайдаға асыру: Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Челябинск электрометаллургия комбинаты» ААҚ (Ресей).
  • Мышьяк құрамды минералды шикізатты өңдеу технологиясы: «Нежданинск КБК «Джугджурзолото» ӨБ «Якутзолото».
  • Кристалды кремний балқыту технологиясы: «SILICIUM KAZAKHSTAN» ЖШС, Үштөбе қаласындағы шағын зауыт.
  • Құрамы көпфракциялы кесек материалдарды кептіруге арналған: Жезқазған мысбалқыту зауыты.
  • Жезқазған аймағындағы баланстан тыс мыс кендерді өңдеу технологиясы: «Қазақмыс» Корпорация» ЖШС.
  • Орталық Қазақстанның кендердің концентрататынан көміртекті ферромарганец алу технологиясы: Теміртау химия-металлургия зауыты.
  • Марганец балқамаларын қорыту технологиясы: «Челябинск электрометаллургия комбинаты» ААҚ (Ресей), Тараз металлургия зауыты, Ақсу ферроқорытпа зауыты.
  • Болатты марганецпен тікелей легирлеу технологиясы: Павлодар трактор зауыты, Өзбек металлургия зауыты.

Байланыстар:

Қазақстан Республикасы, 100009

Қарағанды қаласы, Ермеков көш., 63

Тел./факс 8(7212) 43-31-61

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Web site: http://www.hmi.kz

vnii_logo2

 

ШҒЗТКМИтүсмет міне 60 жылдан астам алтынқұрамды және полиметал кендерін өндірумен, байытумен, металлургиялық өңдеумен және олардан түсті және асыл металдар алу мәселесімен айналысып келеді.

 

Институт мына жұмыстарды атқаруға мамандардырылған:

  • vniiТау-кен саласындағы қызметтер мен жұмыстарды кендік кенорындарды қазбалауда қолданыстағы бар технологияларды жетілдіру мен жаңасын жасау; кендер мен тау жыныстарының құрылымдық, технологиялық және физика-механикалық қасиеттерін зерттеу; кенді кенорындарын қазбалаудағы технологиялық параметрлерін геомеханикалық негіздеу; кен сапасын басқару жүйесі мен кенді дайындау әдістерін оңтайлы игеру мен іздестіру; тау-кен-металлургия кешендерінің қалдықтарын пайдалана отырып толтыру жұмыстарының технологиясын игеру мен дайындау: жаңа жарылғыш заттар жасау және осылардың негізінде бұрғылаужарылыс жұмыстарының технологиясын жетілдіру; жерасты рудниктерінде ауаны шаңсыздандыру заттары мен әдістерін, желдетудің тиімді жүйесін ендіру мен жасау; жерасты тау-кен жұмыстарын механикаландыру; геологиялық мәліметтер базасын құру үшін ақпараттық технологиялар мен кешенді бағдарламалар жасау, массивтер жағдайларын, аппараттар мен технологиялық үрдістерді басқаруды қамтиды.
  • Байыту саласындағы қызметтер мен жұмыстарды түсті металл кендерінен барлық пайдалы қазбаларды кешенді ала отырып, байытудың қолданыстағы технологияларын жетілдіру мен жаңасын жасауды; жоғарытиімділікті флотореагенттер синтезі; кен байытудың құрамдастырылған (комбинированных) гравитациондық-флотациялық үрдістерін және қиын балқытылатын кендерді өңдеудің металлургиялық-байыту сызбасын жасауды; техногенді шикізаттар мен полиметалл кендерінен күміс пен алтынды алудың тиімді технологиясын жасауды қамтиды.
  • Металлургия саласындағы қызметтер мен жұмыстарды құрамында түсті және асыл металдары бар түрлі шикізаттарды өңдеуге арналған автогендік үрдістерді ендіру мен жетілдіруді; металлургия өндірісінің қалдықтары мен өндірістік өнім қалдықтарынан бағалы компоненттерді алудың жаңа тәсілдерін жасауды: асыл және түсті металдар өндірісіне арналған қолданыстағы бар гидрометаллургиялық үрдістерді жетілдіру мен жаңасын жасауды; газды тазарту, шаңды тиімді ұстайтын жүйелерді жасауды; түсті металл өндірісінің дамуына экономикалық болжамдар мен металлургиялық мәселелерді шешуге арналған компьтерлік технологияны қолдануды қамтиды.

 

Соңғы жылдарда жасалған жұмыстарды ендіру

  • Кенорындарын қазбалаудағы технологиялар мен технологиялық регламенттер: Обручев, Долинное, Риддер-Сокольный («Қазмырыш» ЖШС), Шалқия, Талап («Шалқия-Мырыш» ЖШС), Алпыс («Майқайыңалтын» АҚ), Бақыршы («Бақыршық КӨК» ЖШС), Суздаль («АЛЕЛФИК» АҚ).
  • Мыс тауарлы өнімін ала отырып тотыққан мысты үймелеп сілтілеу технологиясы: Ақтоғай, Бозшакөл кенорындары («Қазақмыс»Корпорациясы» ЖШС), Тоқтаров («Тоқтар ГРК» ЖШС), Қоңырат руднигінің үйінділері («Сары-Казына» ЖШС).
  • «Үлбі» зарядты-араластырғыш машиналар типінде өнеркәсіртік ИГДАНИТ – ЖЗ дайындау үрдісіндегі технологиялар мен технологиялық регламент: «Қаражира ЛТД» ЖШС, «Шалқия Мырыш» ЖШС, «Богатыр-Аксес Көмір» ЖШС.
  • Бетонқұятын кешенді жобалаудағы құю жұмыстарының технологиясы мен технологиялық регламенті: Бақыршық руднигі («Бақыршық КӨК» ЖШС), Артемьевский («Қазақмыс»Корпорациясы» ЖШС), Суздальский («Алел ФИК» АҚ), Первомайский («Қазхром ТНК» АҚ), Үшқатын (Жәйрем КБК» АҚ), Талдыбұлақ Солжағалау (Қырғыстан), Алроса (Ресей).
  • Кендерді байыту жөніндегі технология мен технологиялық регламенттер: Шалқия кенорны («Шалқия-Мырыш» ЖШС), Артемьевск, Нұрқазан, Абыз кенорындары («Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС), Тишинск («Қазмырыш» ЖШС), Обуховск («Геинцентр» ЖШС).
  • КИВЦЭТ технологиясы: лицензиялық шартар негізінде «Комибол» (Боливия), «Қазмырыш» ЖШС (Қазақстан), «Портовезму» (Италия), «Тек Коминко» (Канада), Jiangxi Copper Corporation (Қытай), Zhuzhou Smelter Group Co., Ltd. (Қытай) қорғысын зауыттары соғылды.
  • Жылына өнімділігі 180 мың тонна чушкалы (қалыпты н/е тауарлы) мырыш шығаратын мырыш зауыты құрылысының технологиялық регламенті: «Уралмеханобр» ААҚ.
  • Тотыққан никельді кендерді автоклавты және атмосфералық сілтілеу технологиясы: Семей, Ақтөбе кенорындары («Қазмырыш»).
  • Тауарлы күміс ала отырып қорғасынды-күміс кендерді өңдеу технологиясы: «Прогноз» кенорны (Ресей).
  • Өнеркәсіпорнының қызмет зоналарындағы қоршаған ортаға өндірістік маниторинг жүргізу: «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС.
  • Кәсіпорындарға өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы: «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС.
  • Қалдықтармен жұмыс істеу нормативтер жобасы: «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Ертіс жерсирекметалдар компаниясы» ЖШС.
«ШҒЗТКМИтүсмет» ЕМК-ын жобасы бойынша құрылыс жүргізіп отырған кәсіпорындар:
  • «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» атындағы шахта қорын қазбалау және аршу жұмыстары: «Первомайский» кенорны («Қазхром ТНК»);
  • қауаттылығы жылына 100 мың м3 бетонқұятын кешен: «Первомайский» кенорны («Қазхром ТНК»);
  • тотыққан алтынқұрамды кендерді өңдеуге арналған үймелеп сілтілендіру (шаймалау) қондырғысы: Ауданқалалық кен даласы («Голд Ленд» ЖШС);
  • байыту фабрикаларының ұнтақтау-реттеу кешендері: «NOVO –Цинк» ЖШС;
  • кендік құмдарды өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы: Обуховск титан-цирконии кенорны («Геоинцентр» ЖШС);
  • хромитті кендерді өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы: Сивас пен Денизли аудандары (Түркия).

Байланыстар:

Қазақстан Республикасы, 070002

Өскемен қаласы, Промышленная көш., 1

Тел. 8(7232) 50-34-60, 75-37-73

Факс 8(7232) 75-37-71, 75-37-73

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Web Site: http://vcm.ukg.kz