Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК 1993 жылы 22 шілдедегі № 642 Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен және 1993 жылғы 21 қаңтардағы № 1090 Президент үкіміне сәйкес ғылымды ұйымдастыру және республиканың ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту мақсатында құрылған. Осы орайда келесі мәселелер құруға негіз болды:

  • ғылымның алға дамуын іске асыруды қамтамасыз ету,
  • елдің ғылыми-техникалық әлеуетінің күшеюіне мүмкіндік туғызу,
  • Қазақстанның технологиялық алға шығуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызу.

Құырылсы және кадрлық әлеуеті

«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК құрамына осы мекемеге қарайтын жетекші зерттеу институттары мен тау-кен және металлургия саласының кәсіпорындары кіреді:

  • Геология және минералдық шикізаттың экономикасы институты, Алматы қаласы;
  • Д.А.Қонаев атындағы Тау-кен істері институты, Алматы қаласы;
  • Ж.Н.Әбішев атындағы Химимя-металлургия институты, Қарағанды қаласы;
  • Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен-металлургия түсті металдар институты, Өскемен қаласы;
  • «Қазмеханобр» мемлекеттік өндірістік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі, Алматы қаласы;
  • Металлургия орталығы;
  • Астанада филиал.

 

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК орталық аппарат құрылымында келесілер қызмет атқарады:

  • 6 ғылыми-зерттеу лабораториясы,
  • тәжірибе-сынақ кешені,
  • конструкторлық –жобалау бөлімі.

Ұлттық орталықтың кадрлық құрамы шамамен 900 адамды құрайды, оның ішінде 36 ғылым докторы, 66 ғылым кандидаты, 40 академиктер (Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының - 4 адам, Халықаралық минералдық ресурстар Академиясының - 2 адам, Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясының - 4 адам, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының - 8 адам, Халықаралық «Экология» академиясының - 3 адам, Ұлттық жаратылыстану академиясының - 7 адам, Ұлттық инженерлік академиясының - 4 адам, Халықаралық термоэлектро академиясының - 1 адам, Халықаралық инженерлік академиясының - 1 адам), 9 корреспондент-мүшелер, 61 сыйлық иегерлері (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтың - 17 адам, академик Қ.И.Сәтбаев, Е.А.Бөкетов, Ш,Е.Есенов, Ө.Жолдасбеков және Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтардың – 38 адам).

 

Орталықты ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымының докторы, білім, техника және ғылым саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жәрменов Әбдірәсіл Алдашұлы басқарады.

 

Орталықтың қызметкерлері табыстары мен жетістіктері үшін түрлі марапаттарға ие болды: ҚР Мемлекеттік сыйлығы, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына, академик Қ.И.Сәтбаев, Е.А.Бөкетов, Ш,Е.Есенов, Ө.Жолдасбеков және Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтарға, «Құрмет» ордені мен «Астананың 10 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін» медалдарына, Қазақстан Республикасының мақтау грамотасы мен ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті қызметкері» және ҚР ИСМ «Кенші даңқы» І,ІІ,ІІІ дәрежелі, «Еңбек даңқы» ІІІ дәрежелі кеуде белгілеріне, «European Quality» Халықаралық марапаттарға ие.

 

Тау-кен-металлургия кешендеріне ғылыми-техникалық қызмет көрсету нарығында, соның ішінде инновациялық өндіріс құруда, алдыңғы қатарлы технологияларды жасау мен ендіруде «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның ойдағыдай қызмет етуі жұмыс құрылымын епті әрі дәл құра білу мен мамандардың кәсіптік деңгейінің жоғарылығында.