«Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөнінденгі ұлттық орталығы» РМК-ның Бас дирекциясы туралы ереже

 

1. Жалпы ереже

 

1.1. Бас дирекция «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК (бұдан әрі – Орталық) алқалық кеңесші органы болып табылады.

1.2. Бас дирекция өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV ҚРЗ «Мемлекеттік мүлік туралы», 2011 жылғы 18 ақпандағы № 408-IV 3PK «Ғылым туралы» Заңдарын, салалық бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Орталықтың жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.

1.3. Бас дирекцияның жеке құрамын орталықтың Бас директоры екі жыл мерзімге бекітеді. Бас дирекцияның құрамына лауазымы бойынша Бас директор - Төраға, бас ғалым хатшы - хатшы, Бас директордың бірінші орынбасары, Бас директордың орынбасарлары, орталықтың қаржы жұмысы және экономика жөніндегі директоры, филиал директорлары кіреді.

1.4. Бас дирекция қажеттілігіне қарай жиналады, бірақ жылына бір реттен кем емес. Бас дирекция егер отырысқа оның құрамының кемінде 2/3 бөлігі қатысса ғана шешім қабылдайды.

1.5. Бас дирекцияның шешімі отырысқа қатысушылар санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.

1.6. Бас дирекцияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады және Бас директор бекіткеннен кейін ғана күшіне енеді.

 

2. Бас дирекцияның негізгі міндеттері

 

2.1. Орталықтың жарғылық қызметін тиімді іске асыруды қамтамасыз ету.

2.2. Оның құрылуының негізі болып табылатын, мемлекеттік қажеттіліктер мен басымдықтарға сәйкес орталықтың ғылыми-техникалық әлеуетін сақтау және одан әрі дамыту.

2.3. Орталықтың құрылымдық бөлімшелерін олардың құзыретіне жатқызылған қызмет саласына үйлестіру.

2.4. Қазақстан Республикасынның индустриялық-инновациялық даму саясатын қалыптастыруға қатысу.

 

3. Бас дирекция функциялары

 

Бас дирекция қойыған міндеттерді орындау үшін:

 

3.1. Орталықтың тұжырымдамасы мен даму стратегиясын және оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.

3.2. Орталықтың даму жоспарын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау, оны орындау жөнінде ұсынымдар енгізеді және оның орындалуы туралы есептерді тыңдайды.

3.3 Орталық мүлкінің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлейді.

3.4. Орталық Жарғысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлейді.

3.5. Орталықтың құрылымдық бөлімшелерін құру/жою жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

3.6. Орталықтың қызметін мониторингілеу қорытындыларын Уәкілетті органдарда талқылайды және Орталықтың жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді.

3.7. Орталықтың құрылымдық бөлімшелері басшыларының ғылыми-ұйымдастыру және қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерін тыңдайды және тиісті ұсыныстар береді.

3.8. Жоғары органдарға елдің тау-кен металлургия кешенін дамытудың салалық саясатын қалыптастыру және инновациялық қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді.

3.9. ТКМК саласында мемлекет дамуының индустриялық-инновациялық саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.

3.10. Орталықтың қызметіне қатысты өзге де сұрақтарды қарастырады.

 

4. Құқы мен жауапкершілігі

 

4.1. Орталықтың Бас директоры:

- Төраға ретінде Бас дирекцияның қызметін басқарады және Бас дирекцияға жүктелген мақсаттар мен функциялардың орындалуына тікелей жауапты болады, Бас дирекция отырысының хаттамасын бекітеді.

4.2. Бас хылыми хатшы:

- Бас дирекция хатшысы ретінде Бас дирекция отырысын дайындауға және оның өтуіне жауапты болады; күн тәртібін қалыптастыруға және оның өтетін күні мен орны туралы Бас дирекция мүшелерін хабардар етуге; Бас дирекция отырысының хаттамасын жүргзуге; Бас дирекция қаулысын таратуға;

- қажет болған жағдайда Бас дирекция мүшелерін отырысты дайындауға тартуға құқылы; Бас дирекция жұмысын қалыптастыру бойынша Бас дирекция мүшелерінен ұсыныстарды талап етеді; баяндамашылар мен/немесе сөз алушылардан баяндамаларын және тұсаукесер материалдарын қағаз және электронды тасымалдағыштар түрінде тапсыруды талап етеді, жоспарланған отырысқа дейінгі 7 жұмыс күнінде қаулы жобасын дайындауды талап етуге; баяндамашылар мен/немесе сөз алушылардың қажетті құжаттары мен материалдарының тапсыру мерзімі сақталмаған жағдайда ол сұрақты күн тәртібінен алып тастау туралы Бас дирекция Төрағасына ұсыныс жасауға құқылы.

4.3. Бас дирекция мүшелері:

- Бас дирекция құрамындағы тиісті жұмыстарға; Бас дирекция Төрағасының тапсырмаларын орындауға; Бас дирекция отырыстарына баяндамаларды, тұсаукесер, тарату материалдарын, шешім жобаларын тиісті түрде дайындауға; Бас дирекция шешімдерінің мерзімінде орындалуына жауапты болады;

- Бас дирекция отырыстарына шешуші дауыс құқығымен қатысуға; Бас дирекция отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге; Бас дирекция отырысының хаттамасында өзінің ерекше пікірін білдіруге; Бас дирекция отырысына белгіленген тәртіппен дайындалған материалдарды пайдалануға құқылы.

 

5. Өзара қарым-қатынастар. Қызметтік байланыстар

 

5.1. Бас дирекция мүшелері өз құзыры шегінде ғана Орталықтың құрылымдық бөлімшелерімен өзара қатынас жасай алады.

5.2. Бас ғалым хатшы өзінің лауазымдық міндеттерін іске асыру және оған жүктелген міндеттерді шешу шеңберінде ғана Бас дирекция мүшелерімен өзара қатынас жасайды.

 

6. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

6.1. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бас ғылыми хатшының ұсынысы бойынша Бас директордың бұйрығымен жүзеге асырылады..