«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК тәжірибе-конструкторлық жұмыстар, тау-кен-металлургия кешендеріне техногенді салмақтың түсуін максималды төмендету, шикізат материалдарын соңғы жоғары тауарлы өнім дайындығына дейін кешенді химия-металлургиялық өңдеу, табиғи ресурстарды оңтайлы өндіру мен тиімді байыту, кенсіз және химиялық шикізат, қара, түсті, сирек және асыл металдар пайдалы кенорындарын игеру мен қазбалау саласындағы қолданбалы және іргелі зерттеулерді орындайды, салалардың жетекші кәсіпорындарының дамуы үшін ғылыми-техникалық база жасай отырып тау-кен-металлургия кешендеріне жаңарту жүргізу.

 

fsa

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК 5 жыл мерзімге ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтер субъектісі ретінде аккредиттелген (2011 ж. 22 тамыздағы МК № 001766 аккредитациялау туралы куәлік).

 

31 мемлекеттік лицензия негізінде, кенді қазып алу, байыту, қайта өңдеуден бастап тауарлы өнімді алғанға дейінгі тау-кен-металлургиялық циклдың барлық сатыларында мақсаттарды жүйелі түрде шешуде көздеген жұмыстарды жүзеге асырады, соның ішінде төменгі салаларда:

 

Тау-кен ісі:

  • кенді кенорындарын қазбалауда тиімді, экологиялық таза және қауіпсіз технологияларын әзірлеу;
  • тау жыныстары мен кеннің физика-механикалық, технологиялық және құрылымдық қасиеттерін зерттеу;
  • кен орындарын қазудың технологиялық параметрлерін геомеханикалық негіздеу;
  • кен дайындаудың оңтайлы тәсілдерін және кен сапасын басқару жүйелерін іздестіру және игеру;
  • тау-кен-металлургия кешенінің қалдықтарын пайдалана отырып толтыру жұмыстарының технологиясын әзірлеу және енгізу;
  • жаңа жарылғыш заттарды әзірлеу және олардың негізінде бұрғылау-жару жұмыстары технологиясын жетілдіру;
  • жер асты кеніштерінде ауаны желдетудің тиімді жүйелерін, шаңсыздандыру тәсілдері мен құралдарын жасау және енгізу;
  • жер асты және ашық тау жұмыстары механизациясы;
  • геологиялық мәліметтер базасын құру, массив, технологиялық үрдістер мен аппараттардың жай-күйін басқаруға арналған кешенді бағдарламалар мен ақпараттық технологияларды әзірлеу;
  • тау-кен құқығы, тау-кен өндірісінің экономикасы, геоэкология және геотехнология, бұрғылау-жару жұмыстары және жарылғыш заттарды жасау, тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу саласында консалтингтік қызметтер;

 

Байыту:

  • тиімділігі жоғары флотореагенттер синтезі;
  • кенді байытудың құрамалы гравитациялық-флотациялық үрдістерін және қиын байытылатын кендерді қайта өндеуде байыту-металлургиялық схемаларын құру;
  • технологиялық үрдістерді автоматтандыру, бақылау, басқару құралдарын әзірлеу және бағдарламамен қамтамасыз ету;
  • тапсырыс берушінің талабы бойынша әр түрлі схемаларды пайдаланып байытылуға, ҚМК-ға қорларды бекіту мен есептеу үшін материалдарды дайындауға кендердің барлық түрлерін жартылай өнеркәсіптік зерттеулер.

 

Металлургия:

  • пиро-, гидрометаллургиялық кешенді тәсілдермен ТМК кәсіпорындарының техногенді қалдықтарынан бағалы компоненттерді алу және түрлі типтегі кендерді қайта өңдеу, соның ішінде қара, түсті, асыл, сирек, жерсиректі металдар, тауарлы өнімдер үшін қондырғылар мен технологияларды ендіру, жетілдіру және әзірлеу;
  • болат пен қорытпаларды балқыту үрдісінің іргелі теориялық негіздерін құру, термодинамиканың көміртермиялық үрдістерінде минералды шикізаттардың кешенді тотықсыздануы және электртермия жағдайында техногенді өнім қорытпаларының фазалық тепе-теңдіктері;
  • қорытпалардың (жоғары көміртекті ферромарганец және феррохром, силикомарганец, ферротитан және басқалардың) жаппай түрлері өндірісінің технологиясын жетілдіру; өнеркәсіпке ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу және авторлық және технологиялық қадағалауды жүзеге асыру, минералды шикізаттың металлургиялық құндылығы туралы қорытынды беру және сараптама жүргізу;
  • тау-кен-металлургиялық кешен өнімін стандарттау және сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу.

 

Техникалық жобалау:

  • инженерлік – геодезиялық іздестірулер;
  • инженерлік – геологиялық іздестірулер;
  • жобалардың арнайы тарауларын әзірлеу;
  • өнеркәсіптің тау-кен, мұнай-химиялық, қайта өндеу салалары нысандарын, тазарту құрылыстарын және индустрияның барлық салаларының шлам қоймаларын жобалау;
  • құрылысты ұйымдастыру жобаларын әзірлеу;
  • сәулеттік нысандардың құрылысы және оларды қайта құру үшін қала құрылысы және жобалық құжаттарды кешенді әзірлеу;
  • инжинирингтік қызметтер.

 

Қоршаған ортаны қорғау:

  • бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
  • нормативтік құжаттаманы әзірлеу және табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмін жетілдіру, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық құжаттама бойынша сараптау материалдарын дайындау;
  • кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін бағалау, нысандардың экологиялық жай-күйін зерттеу, болжамдарды әзірлеу және табиғи экожүйелердің экологиялық жай-күйін жақсарту жөнінде ұсыныстар беру;
  • суды, жерді тазарту технологияларын, соның ішінде биотехнологияларды, суды тазарту жабдықтарын және қоңдырғыларды әзірлеу және іске асыру;
  • қалдықтарды орналастыру және қоймалау, өндіріс қалдықтарын басқару жүйесін жетілдіру, қалдықтардың қауіптілік сыныбын анықтауға және олардың жіктелуіне өндірістік мониторинг;
  • ластаушы заттарды табиғи нысандарға тастау кезінде бақылау құралдарының үлгілерін әзірлеу, сұйық ортада дозалау үрдісін автоматтандыру, қалдық қоймаларының гидротехникалық жай-күйін бақылау;
  • химиялық өнімдер қауіпсіздігі паспорттарының сараптамасы.

 

Басымдықтар мен негізгі қызмет түрлері

 

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің технологиялық деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін инновациялық технологияларды құру, дамыту және енгізу арқылы жоғары технологиялы өнімдер өндірісі үшін қолданыстағы өндірістерді жаңғырту және ұйымдастыру мақсатында геологиялық барлау, минералды және техногендік шикізатты өндіру және қайта өңдеу саласындағы мәселелерді жүйелі шешуді қамтамасыз етеді.

 

«Казкерн» геология және минералдық шикізаттың экономикасы институты Қазақстан Республикасының жер қойнауын, минералды ресурстарды кешенді жүйелі түрде зерттеу және геология мен барлау технологияларын дамыту үшін оларды экономикалық бағалауды қамтамасыз ету үшін құрылған.

 

Д.А. Қонаев атындағы ТКІИ тау-кен өндірісін ғылыми-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады:

  • пайдалы қазбалардың табиғи және техногендік кен орындарын игерудің тиімді, экологиялық таза және қауіпсіз технологияларын әзірлеу;
  • кенді жер астында өндіру кезінде геомеханикалық процестерді болжау және басқару;
  • тау-кен жұмыстарын жоспарлау және жобалау карьерлерінде технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу;
  • жер асты және ашық тау-кен жұмыстарын механикаландыру;
  • жобалау-конструкторлық жұмыстар;
  • тау-кен саласындағы мамандарды даярлау.

ШҒЗТКМИтүсмет қорғасын, мырыш және ілеспе металдар өндірісінің ғылыми-техникалық деңгейін жоғарылататын технологиялар мен жабдықтарды жасауға және іске асыруға маманданған, бұл келесі мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді: шикізат базасын дамыту және нығайту, минералды ресурстарды кешенді пайдалану, материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу, тауарлық өнімдердің сапасын жақсарту және ассортиментін кеңейту, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік шеңберлерін кеңейту. Институт ғылыми зерттеулер жүргізеді:

  • тау-кен ісі;
  • кенді байыту;
  • түсті және қара металдар металлургиясы;
  • қолданбалы және аналитикалық химия;
  • өнеркәсіптік экология;
  • стандарттау және метрология;
  • экономика;
  • өндірістік қауіпсіздік, тау-кен металлургия кешені объектілері мен қызмет көрсету салаларын жобалау.

«Қазмеханобр» ағызынды мен ауыз суларды тазарту, табиғатты тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау, полиметал мен алтын құрамды кендерді байыту саласында жасалған тиімділігі жоғары технологияларды жүзеге асыру, соның ішінде:

 

Түсті, қара, сирек және асыл металдар кендерін және кенсіз шикізатты кешенді өңдеу саласында:

  • кендерді байытуға зерттеу жүргізу, әртүрлі кен орындары мен техногенді шикізат кендерін қайта өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу, жетілдіру және енгізу;
  • әртүрлі отандық және шетелдік компаниялар әзірлеген ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық құжаттама бойынша сараптама материалдарын дайындау;
  • ҚМК-ға қорларды бекіту мен есептеу үшін әр түрлі схемалар мен режимдерді пайдаланып байытылуға, кендердің барлық түрлерін жартылай өнеркәсіптік зерттеулер;
  • тапсырыс беруші ұсынған схема және режим бойынша жартылай өнеркәсіптік жағдайларда концентраттардың немесе өнеркәсіптік өнімнің (гравитациялық-флотациялық және т.б.) ірілендірілген партиясын іске қосу.

Техникалық жобалау саласында:

  • жобалардың арнайы тарауларын әзірлеу;
  • тау-кен және металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарын, қоршаған ортаны қорғау объектілерін жобалау;
  • құрылысты ұйымдастыру жобаларын әзірлеу;
  • әулеттік нысандардың құрылысы және оларды қайта құру үшін қала құрылысы және жобалық құжаттарды кешенді әзірлеу;
  • инжинирингтік қызметтер.

Қоршаған ортаны қорғау саласында:

  • бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
  • нормативтік құжаттаманы әзірлеу және табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмін жетілдіру, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық құжаттама бойынша сараптау материалдарын дайындау;
  • кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін бағалау, нысандардың экологиялық жай-күйін зерттеу, болжамдарды әзірлеу және табиғи экожүйелердің экологиялық жай-күйін жақсарту жөнінде ұсыныстар беру;
  • қалдықтарды орналастыру және қоймалау, өндіріс қалдықтарын басқару жүйесін жетілдіру, қалдықтардың қауіптілік сыныбын анықтауға және олардың жіктелуіне өндірістік мониторинг.

Ж. Әбішев атындағы ХМИ металлургияның қара және түсті металдар саласы бойынша ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізуге мамандардырылған, әрі металлургия өндірісінің барлық саласы бойынша ғылыми-техникалық қызметтердің барлық түрін атқара алады: шикізатты дайындаудан бастап дайын өнімге дейін, төмендегі басым бағыттар бойынша:

  • химия, қара және түсті металдар кендерін байыту, қара және түсті металлургия, металл өнімдерін өндіру саласындағы ғылыми-зерттеу, жобалау алдындағы және технологиялық жұмыстар;
  • қалдықтарды жою, өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі шараларды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету;
  • республиканың тау-кен металлургия кешенін дамытудың басым бағыттары және мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша үкіметтің шешімдері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • тау-кен металлургия кешені мен химия өнеркәсібінің өнімдеріне, отын-шикізат материалдарына және жинақтаушы бұйымдарына стандарттар жобаларын әзірлеу және техникалық шарттар мен келісімдерді бекіту;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өнеркәсіпке енгізу және авторлық және технологиялық қадағалауды жүзеге асыру, минералды шикізаттың металлургиялық құндылығы туралы сараптама жүргізу және қорытынды беру;
  • тау-кен металлургия кешеніндегі экологиялық және техникалық қауіпсіздік, жер қойнауын ұтымды пайдалану жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу;
  • тау-кен металлургия кешені өнімдерін стандарттау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізу.

Металлургия орталығы тау-кен металлургия саласының технологияларын жетілдіруді, өндірістік және жартылай өнеркәсіптік ауқымда ғылыми-техникалық әзірлемелерді өндірістік-тәжірибе сынақтан өткізуді, өңдеуді және коммерцияландыруды, өнімді сертификаттауды қамтамасыз етуге арналған.

 

Астана филиалы жүзеге асырады:

  • «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның заң шығарушы және атқарушы билік органдарымен, министрліктер мен ведомстволармен, даму институттарымен өзара әрекеттесуі;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, атап айтқанда жаңа буын отқа төзімді және ілеспе материалдарды жасау саласында.

 

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК қызметінің негізгі бағыттары кен-металлургиялық циклінің барлық кезеңдеріндегі: кенді қазу, байыту, өңдеуден бастап тауарлы өнім алғанға дейінгі мәселелерді жүйелік шешуге бағытталған. Негігзгі бағыттарға келесілер кіреді

  • Ғылыми-зерттелу жұмыстарының орындалуы: іргелі және қолданбалы зерттеулер; жаңа технологиялар, құралдар мен қондырғылар жасау.
  • Конструкторлық-тәжірибе жұмыстарын орындау: жаңа технологиялар, құралдар мен қондырғыларды тәжірибелік, өндірістік-тәжірибелік, өндірістік сынақтан өткізу; конструкторлық жұмыстар, тәжірибелік үлгілерді дайындау және сынақтан өткізу; жаңа өндірістердің жобалық-сметалық құжаттары мен техника-экономикалық негіздемелерін жасау, инновациялық жобаларды әзірлеу, технологиялық жобаларды жасау.
  • Экологиялық жобаларды; нормативті-әдістемелік құжаттарды жасау (мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар, ұйым стандарттары, техникалық жағдайы, өлшеу жұмыстарының әдістері).
  • Металлургия мен тау-кенөндіру кәсіпорындарының өнім сапасын бақылауға арналған стандарттық үлгілерді әзірлеу мен жасау (мемлекеттік, мемлекетаралық, аймақтық, кәсіпорындық).
  • Қоршаған орта нысандарындағы металөнімдері мен техногенді және минералды шикізаттарға аттестациялық, бақылау, сертефикаттау және арбитраждау талдауларын жүргізу.