Жаңалықтар

 

Монография шығару

monografia2011 жылдың ақпанында «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның «Геотехнология, тау-кен системологиясы және кен жүргізу» бөлімі «Карьерлерді автоматтандырылған жобалау жүйесін әзірлеудің геоақпараттық нысандық-барлау технологиялары» монографиясын жарыққа шығарды. Монография авторлары: Жәрменов А.А., Турдахунов М.М., Бөкейханов Д.Ғ., Бекмырзаев Б.Ж., Съедин В.Ф.

 

Монографияда геоақпараттық технологиялар, геохабарлама, геоақпараттық жүйелер негіздері; тау-кен жұмыстарын геоақпараттық моделдеуді дамыту туралы баяндалды; отандық пен шетелдік ақпараттық жүйелерге және ашық тау-кен жұмыстарының негізгі нысандарының: кен-орындар мен карьерлердің геоақпараттық үлгілеріне, сонымен қатар оларды моделдеудің әдістері мен тәсілдеріне сипаттама берілген. Қатты пайдалы қазбалар кен-орны мен карьердің геоақпараттық үлгілер топтамасы ұсынылды.

 

Нысандық-барлау моделдеудің негіздері, оның математикалық және алгоритмдік моделдеу алдында күрделі дискреттік жүйелерді жасау кезіндегі артықшылығы баяндалған.

 

Авторлар әзірлеген тау-кен жұмыстарын жобалаудың автоматталған жүйесінің сәулеті ұсынылды. Жүйенің негізгі құрылымдық нысандары, олардың интерфейстері мен тәртібі, басқарудың негізгі ағындары анықталды. Ашық тау-кен жұмыстарының нысандарын нысандық-барлау моделдеуі суреттелген.

 

Монография пайдалы қазбалар кен-орындарын қазып шығару мен олардың АЖЖ-нің мәселесімен айналысатын ғылыми қызметкерлерге, инженерлерге, бағдарламашыларға, сонымен қатар тау-кен және ақпарат салаларындағы ЖОО-ның студенттеріне арналған.

 

Сын берушілер: Буктуков Н.С., т.ғ.д., профессор, Ахмедов Д.Ш., т.ғ.д.

 

Монография авторларына барлық қызықтырған сұрақтар бойынша келесі e-mail арқылы хабарласуға болады: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.