Жаңалықтар

Пост-релиз

02

 

02.10.2013

 

26 қыркүйекте Алматыда (IntercontinentalAlmaty) «Қазақстан Республикасы минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ны «Тау-кен-металлургия кешені Үшінші индустриаландыру революциясы қарсаңында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны дайындады және өткізді, оған 150-ден астам делегаттар мен қатысушылар жиналды.

 

Құрамында Астана филиалы, Металлургия орталығы, Д.А.Қонаев атындағы тау-кен металлургия институты, «Казкерн» геология және минералдық шикізаттар экономикасы институты, Ж.Әбішев атындағы химия-металлургия институты, Түсті металдар шығыс ғылыми зерттеу институты «ШҒЗИТүсті метал», «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми зерттеу бірлестігі филиалдары; Қазқарметавтоматика» АҚ институты сенімділік басқарумен кіретін Қазақстан Республикасы минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық – тау-кен-металлургия кешеніндегі ғылыми-техникалық қызметтер нарығындағы жетекші ғылыми-өндірістік кәсіпорын. Қазіргі таңда ұлттық орталық ұжымы 1300 адамнан астам, оның 62- ғылым докторы, 95- ғылым кандидаты, 43-академиктер мен корреспондент – мүше, 52 қызметкер Мемлекеттік және атаулық сыйлық лауреаттары.

 

Ұлттық орталық жаңа кәсіпорындар құру мен қолданыстағыларды модернизациялау (жаңғырту) мақсатында, геологиялықбарлау, өндіру және минералдық және техногендік шикізаттарды өңдеу саласындағы мәселелерді жүйелі шешуді жүзеге асыратын қуатты біртұтас құрылым.

 

Конференция жұмысы баяндамалардың келесі бағыттар бойынша мәжілістік және секциялық отырыстарында пікір-талас үлгісінде жүргізілді:

  • Геология және тау-кен ісіндегі жетістіктер мен технологиялар.
  • Нашар, баланстан тыс шикізатты байытудағы осы заманғы тұғырлары. Табиғат пайдаланудың экологиялық аспекттері.
  • Минералдық пен техногендік шикізатты металлургиялық қайта өңдеу жөніндегі жаңа технологиялары.

Конференция жұмысында мемлекеттік органдарының (ҚР ИЖТМ, ҚР БҒМ, ҚР ҚООМ, Алматы қаласының әкімшілігі), даму банктері мен институттарының («КИРИ» АҚ, «Ғылым қоры» АҚ, ЕАБР), дипломатиялық өкілдіктері мен ынтымақтас республикаларының атқарушы өкiмет органдарының (Польша, Ресей, Қырғызстан), ғылыми бірлестіктің (ҚазҰЖҒА, ҚР ҰИА, ҚР МРА, МАИ, АҚ «Назарбаев Университеті», металлургия институты УРО РАН, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Е.А.Бүкетов атындағы ҚарМУ және т.б.), ұлттық орталықтың – ірі шетелдік және отандық компания серіктестіктерінің (ThyssenKrupp Metallurgie GmbH, ICMD Holding AG, SMS Siemag, Германия; «ФЕРРОСПЛАВ» ЖАҚ, кәсіпорындар тобы «Батыс-Орал машина жасайтын Концерні», Компаниялар тобы «Гефест»,Ресей; «Қазмырыш» ЖШС, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, ENRC, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және басқалар) өкілдері қатысты.

 

Минералдық-шикізатты және тау-кен металлургиялық кешендерінің даму саласынадағы маңызды мәселелерін талқылаудың қорытындысы бойынша Конференция қатысушылары келесіні белгіледі:

  1. Инновациялық зерттемелерін жасау және өндірісті жаңғырту ісіндегі отандық ғылымның салмақты әлеуеті, сондай-ақ инновациялық технологиялар трансфері саласында .
  2. Инновациялық технологияларын әзірлеу және коммерциялау бағытындағы отандық пен шетел ғылыми ұйымдары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарының байланысын кеңейту және нығаю қажеттілігі.
  3. Уәкілетті мемлекеттік құрылым жағынан Қазақстан Республикасының индустриялдық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшін ғылыми ұйымдар мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы үдемелі ынтымақтастық шараларын іске асыру жәрдемдесу маңыздылығы.

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК мен Қарағанды кешенді қоспа зауыты арасындағы Қарағанды қаласында кешенді қоспа зауытын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы Шартқа қол қою Конференцияның маңызды нәтижесі болды.

 

Конференция жоғары ғылыми деңгейде өтті. Ұйымдастыру комитетi атына оң тілектер алынды.

 

 

Фотогалерея