Жаңалықтар

 

07.11.2022

 

А. ж. 2 қарашасында « ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК Бас директоры, ҚР ҰҒА бас ғалыми хатшысы, Қазақстан Республикасының Ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте лауреаты Ә.А. Жәрменов пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. А. Смайыловтың кездесуі болды.

 

Ә.А. Жәрменов Үкімет басшысына «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК жетістіктері туралы баяндады. Тау-кен металлургия кешеніндегі отандық және шетелдік жобалардың жүзеге асырылуы туралы хабардар етті. Мемлекеттің тау-кен металлургия саласын дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар жасады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктері Ел Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың академияның мәртебесін көтеру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысына алаңдаушылық танытып отыр.

 

«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК технологиялары мен әзірлемелері бойынша Қазақстанда және шетелде $3,5 млрд көлемінде инвестициялар тарта отырып өнеркәсіптік объектілер құрылды. Олардың негізінде шығарылатын жыл сайынғы өнім $4-$4,5 млрд бағаланады. Алдағы 3 жылда шетелдік өндірістерді (GeneralAlloys, Бразилия, IFCGFerroalloy, Монголия, TFAP, Иран ферроқорытпа зауыттары) құруға тартылған инвестициялардың ең аз көлемі $2,5 млрд құрайды. Мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу ғылыми ұйым мамандарынан бірегей идеяның туындауын, оны жүзеге асырудың технологиялық әдістерін пысықтауды ғана емес, сонымен қатар әкімшілік, құқықтық, саяси сипаттағы керемет қиындықтарды жеңуді талап етеді.

 

ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың 2022 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мерейтойлық сессиясындағы сөйлеген сөзінен кейінгі өткен жарты жылға жуық уақыта ғылыми қоғамдастық, оның, ҚР ҰҒА-на мемлекеттік мәртебе беру туралы тапсырмасының орындалуын мұқият қадағалауда.