Ғылымды реформалау экономиканың тұрақты дамуының тиімді құралы
15.03.2024
14 наурызда Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да «Экономиканың тұрақты дамуы жағдайындағы минералдық-индустриялық мегакешендегі ресурс үнемдеуші технологиялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Пленарлық отырыста ұлттық экономиканың өсуіне бағдарлана отырып, ғылымды дамыту жөніндегі пәрменді шаралар туралы өз көзқарасымен «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК бас директоры, академик Әбдірәсіл Жәрменов бөлісті. Олардың ішінде, ең алдымен, ғылым саласына (әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-техникалық) және орындалатын зерттеу түрлеріне (іргелі, қолданбалы, ҒҒТҚН коммерцияландыру) байланысты ғылыми ұйымдарды қаржыландыруға сараланған көзқарас, әрі ғылыми және бизнес - қауымдастықтардың ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған салалық ғылымды нығайту керек.
Ресурстық базаны толықтыру мен дамытуды, тау-кен металлургия кешенінің қалдықтарын басқаруды және жинақталған қатты минералды қалдықтарды игеруді, жаңа кәсіпорындар құруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының жобасында қойылған міндеттерді шешу үшін тау-кен металлургия саласын дамытудың ағымдағы ахуалы мен басымдықтарын ескере отырып, спикер:
- Кен-металлургия саласындағы базалық ғылыми ұйым ретінде «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК-ның, сондай-ақ отандық ғылыми ұйымдар мен ЖОО-лардың қолда бар технологияларын пайдалана отырып, болмаған жағдайда - шетелдік серіктестердің технологиялары бойынша ел ішінде оларды қайта өңдеу жөніндегі технологиялық процестерді ұйымдастыра отарп, өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы кендерді, концентраттарды, бейкондициялық материалдарды, жартылай өнімдерді шығару тәжірибесін бір жыл ішінде тоқтатуға болады.
- Металл (мыс, мырыш, қорғасын, болат) шығаратын ірі кәсіпорындарды, 5 жыл ішінде Қазақстанда, өндірілетін металдың кемінде 20% -нан соңғы өнім өндіретін өндіріс құруға міндеттеу. Егер орындалмаса, онда келесі шектер өндірісін құру үшін шығарылған металдың кем дегенде 20% -н өзіндік құынымен мемлекетке беру керек.
- Жер қойнауын пайдаланушыларды сол елді мекендердегі кен орындарын игеру/ зауыттар жабылған кезде моно-қалалар проблемасын жою үшін жабылатын кәсіпорындардың барлық қызметкерлері үшін жаңа жұмыс орындарын құруға міндеттеу.
Академик Әбдірәсіл Жәрменов ұсынған идеялардың өзектілігін Фрайберг тау-кен академиясы Техникалық университетінің профессоры (Германия) Carsten Drebenstedt, «ТКМК» ОЮЛ атқарушы директорының кеңесшісі Төлеген Мұханов өз баяндамаларында атап өтті. Нағыз ғалымдар әр түрлі елдерде болғанына қарамастан бірдей ойлайтыны және ел экономикасының тұрақты дамуына мүдделі өнеркәсіпшілерден қолдау тапқаны қуантады.
Источник: gov.kz/memleket/entities/comprom