«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК тәжірибе-конструкторлық жұмыстар, тау-кен-металлургия кешендеріне техногенді салмақтың түсуін максималды төмендету, шикізат материалдарын соңғы жоғары тауарлы өнім дайындығына дейін кешенді химия-металлургиялық өңдеу, табиғи ресурстарды оңтайлы өндіру мен тиімді байыту, кенсіз және химиялық шикізат, қара, түсті, сирек және асыл металдар пайдалы кенорындарын игеру мен қазбалау саласындағы қолданбалы және іргелі зерттеулерді орындайды, салалардың жетекші кәсіпорындарының дамуы үшін ғылыми-техникалық база жасай отырып тау-кен-металлургия кешендеріне жаңарту жүргізу.
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК 5 жыл мерзімге ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтер субъектісі ретінде аккредиттелген (2019 ж. 24 желтоқсандағы МК № 005973 аккредитациялау туралы куәлік).
31 мемлекеттік лицензия негізінде, кенді қазып алу, байыту, қайта өңдеуден бастап тауарлы өнімді алғанға дейінгі тау-кен-металлургиялық циклдың барлық сатыларында мақсаттарды жүйелі түрде шешуде көздеген жұмыстарды жүзеге асырады, соның ішінде төменгі салаларда:
Тау-кен ісі:
- кенді кенорындарын қазбалауда тиімді, экологиялық таза және қауіпсіз технологияларын әзірлеу;
- тау жыныстары мен кеннің физика-механикалық, технологиялық және құрылымдық қасиеттерін зерттеу;
- кен орындарын қазудың технологиялық параметрлерін геомеханикалық негіздеу;
- кен дайындаудың оңтайлы тәсілдерін және кен сапасын басқару жүйелерін іздестіру және игеру;
- тау-кен-металлургия кешенінің қалдықтарын пайдалана отырып толтыру жұмыстарының технологиясын әзірлеу және енгізу;
- жаңа жарылғыш заттарды әзірлеу және олардың негізінде бұрғылау-жару жұмыстары технологиясын жетілдіру;
- жер асты кеніштерінде ауаны желдетудің тиімді жүйелерін, шаңсыздандыру тәсілдері мен құралдарын жасау және енгізу;
- жер асты және ашық тау жұмыстары механизациясы;
- геологиялық мәліметтер базасын құру, массив, технологиялық үрдістер мен аппараттардың жай-күйін басқаруға арналған кешенді бағдарламалар мен ақпараттық технологияларды әзірлеу;
- тау-кен құқығы, тау-кен өндірісінің экономикасы, геоэкология және геотехнология, бұрғылау-жару жұмыстары және жарылғыш заттарды жасау, тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу саласында консалтингтік қызметтер;
Байыту:
- тиімділігі жоғары флотореагенттер синтезі;
- кенді байытудың құрамалы гравитациялық-флотациялық үрдістерін және қиын байытылатын кендерді қайта өндеуде байыту-металлургиялық схемаларын құру;
- технологиялық үрдістерді автоматтандыру, бақылау, басқару құралдарын әзірлеу және бағдарламамен қамтамасыз ету;
- тапсырыс берушінің талабы бойынша әр түрлі схемаларды пайдаланып байытылуға, ҚМК-ға қорларды бекіту мен есептеу үшін материалдарды дайындауға кендердің барлық түрлерін жартылай өнеркәсіптік зерттеулер.
Металлургия:
- пиро-, гидрометаллургиялық кешенді тәсілдермен ТМК кәсіпорындарының техногенді қалдықтарынан бағалы компоненттерді алу және түрлі типтегі кендерді қайта өңдеу, соның ішінде қара, түсті, асыл, сирек, жерсиректі металдар, тауарлы өнімдер үшін қондырғылар мен технологияларды ендіру, жетілдіру және әзірлеу;
- болат пен қорытпаларды балқыту үрдісінің іргелі теориялық негіздерін құру, термодинамиканың көміртермиялық үрдістерінде минералды шикізаттардың кешенді тотықсыздануы және электртермия жағдайында техногенді өнім қорытпаларының фазалық тепе-теңдіктері;
- қорытпалардың (жоғары көміртекті ферромарганец және феррохром, силикомарганец, ферротитан және басқалардың) жаппай түрлері өндірісінің технологиясын жетілдіру; өнеркәсіпке ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу және авторлық және технологиялық қадағалауды жүзеге асыру, минералды шикізаттың металлургиялық құндылығы туралы қорытынды беру және сараптама жүргізу;
- тау-кен-металлургиялық кешен өнімін стандарттау және сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізу.
Техникалық жобалау:
- инженерлік – геодезиялық іздестірулер;
- инженерлік – геологиялық іздестірулер;
- жобалардың арнайы тарауларын әзірлеу;
- өнеркәсіптің тау-кен, мұнай-химиялық, қайта өндеу салалары нысандарын, тазарту құрылыстарын және индустрияның барлық салаларының шлам қоймаларын жобалау;
- құрылысты ұйымдастыру жобаларын әзірлеу;
- сәулеттік нысандардың құрылысы және оларды қайта құру үшін қала құрылысы және жобалық құжаттарды кешенді әзірлеу;
- инжинирингтік қызметтер.
Қоршаған ортаны қорғау:
- бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
- нормативтік құжаттаманы әзірлеу және табиғатты пайдаланудың экономикалық механизмін жетілдіру, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық құжаттама бойынша сараптау материалдарын дайындау;
- кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсерін бағалау, нысандардың экологиялық жай-күйін зерттеу, болжамдарды әзірлеу және табиғи экожүйелердің экологиялық жай-күйін жақсарту жөнінде ұсыныстар беру;
- суды, жерді тазарту технологияларын, соның ішінде биотехнологияларды, суды тазарту жабдықтарын және қоңдырғыларды әзірлеу және іске асыру;
- қалдықтарды орналастыру және қоймалау, өндіріс қалдықтарын басқару жүйесін жетілдіру, қалдықтардың қауіптілік сыныбын анықтауға және олардың жіктелуіне өндірістік мониторинг;
- ластаушы заттарды табиғи нысандарға тастау кезінде бақылау құралдарының үлгілерін әзірлеу, сұйық ортада дозалау үрдісін автоматтандыру, қалдық қоймаларының гидротехникалық жай-күйін бақылау;
- химиялық өнімдер қауіпсіздігі паспорттарының сараптамасы.