Ж. Әбішев атындағы химия-металлургия институты
Ж.Әбішев атындағы ХМИ Орталық-Қазақстан аймағындағы химия-технологиялық және жалпыметаллургиялық бағыттағы жалғыз ғылыми-зерттеу институты. 1958 жылы құрылды. Институт металлургияның қара және түсті металдар саласы бойынша жүргізілетін ғылыми-техникалық зерттеулер жөніндегі тәжірибелерге өте бай, әрі металлургия өндірісінің барлық саласы бойынша ғылыми-техникалық қызметтердің барлық түрін атқара алады: шикізатты дайындаудан бастап дайын өнімге дейін.
Институт мына жұмыстарды атқаруға мамандардырылған:
- Іргелі және технологиялық зерттеулер мен қызметтерді металлургиялық үрдістер мен техногендік өнімдерді, минералды шикізаттарды, бейорганикалық қосылыстарды, қара және түсті металдар кендерін металлургиялық өңдеу мен байытуды, технология ендіруді, дайындауды және ғылыми негіздемелерді жасауды, соның ішінде техногенді, екіншілік, бейкондиционды, қиынбайытылатын, құрамы күрделі темір кен шикізаттарын зерттеуді; пештік және шахталық, күйдіру агрегаттарының конструкциясын жасауды; таза химиялық заттар мен балқымалар және жаңа материалдар алу технологиясын жасау мен іске асыруды; авторлық бақылауды қамтиды.
- Тау-кен–металлургия кешендерінің өнімдерін сертефикаттау мен стандарттау жөніндегі жұмыстарды химия өнеркәсібі мен тау-кен-металлургия саласының жинақтағыш бұйымдары мен отын-шикізат материалдары, өнімдерге келісім мен техникалық жағдайларды және стандарттар жобаларын жасауды; минералды шикізаттарға металлургиялық баға беру туралы қортынды беру мен жасауды қамтиды.
- Экологиялық зерттеулер мен қызметтерді жерқойнауын тиімді пайдалану мен тау-кен-металлургия кешендеріндегі техника және экология қауіпсіздігі бойынша нормативті-құқықтық құжаттар жасауды қамтиды.
- Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім, жоғары кәсіби мамандарды даярлауды қамтиды, докторантура мына ғылыми мамандықтар бойынша: 05.16.02 – сирек, түсті, қара металлдар металлургиясы; асперантура (күндіз және сырттай оқу формалары бойынша) мына ғылыми мамандықтар бойынша: 05.16.02 – сирек, түсті, қара металлдар металлургиясы; 05.16.08 – металлургиялық үрдістер теориясы, 02.00.01. – бейорганикалық химия, 02.00.04 – физикалық химия.
Соңғы жылдарда жасалған жұмыстарды ендіру
- Ферросиликоалюминий алу технологиясы: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, « Челябинск электрометаллургия комбинаты» ААҚ (Ресей).
- Қазақстанның ашық әдіспен өндірілген көмірінен арнаулыкокс алу технологиясы: «Челябинск электрометаллургия комбинаты» ААҚ (Ресей), «SILICIUM KAZAKHSTAN» ЖШС, Тараз металлургия зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зуыты мен Ақсу ферроқорытпа зауыты «Қазхром» ТНК» АҚ.
- Ыдырай бастаған металлургиялық қождарды пайдаға асыру: Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Челябинск электрометаллургия комбинаты» ААҚ (Ресей).
- Мышьяк құрамды минералды шикізатты өңдеу технологиясы: «Нежданинск КБК «Джугджурзолото» ӨБ «Якутзолото».
- Кристалды кремний балқыту технологиясы: «SILICIUM KAZAKHSTAN» ЖШС, Үштөбе қаласындағы шағын зауыт.
- Құрамы көпфракциялы кесек материалдарды кептіруге арналған: Жезқазған мысбалқыту зауыты.
- Жезқазған аймағындағы баланстан тыс мыс кендерді өңдеу технологиясы: «Қазақмыс» Корпорация» ЖШС.
- Орталық Қазақстанның кендердің концентрататынан көміртекті ферромарганец алу технологиясы: Теміртау химия-металлургия зауыты.
- Марганец балқамаларын қорыту технологиясы: «Челябинск электрометаллургия комбинаты» ААҚ (Ресей), Тараз металлургия зауыты, Ақсу ферроқорытпа зауыты.
- Болатты марганецпен тікелей легирлеу технологиясы: Павлодар трактор зауыты, Өзбек металлургия зауыты.
Байланыстар:
Қазақстан Республикасы, 100009
Қарағанды қаласы, Ермеков көш., 63
Тел./факс 8(7212) 43-31-61
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Web site: http://www.hmi.kz