Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен-металлургия түсті металдар институты

vnii_logo2

 

ШҒЗТКМИтүсмет міне 60 жылдан астам алтынқұрамды және полиметал кендерін өндірумен, байытумен, металлургиялық өңдеумен және олардан түсті және асыл металдар алу мәселесімен айналысып келеді.

 

Институт мына жұмыстарды атқаруға мамандардырылған:

  • vniiТау-кен саласындағы қызметтер мен жұмыстарды кендік кенорындарды қазбалауда қолданыстағы бар технологияларды жетілдіру мен жаңасын жасау; кендер мен тау жыныстарының құрылымдық, технологиялық және физика-механикалық қасиеттерін зерттеу; кенді кенорындарын қазбалаудағы технологиялық параметрлерін геомеханикалық негіздеу; кен сапасын басқару жүйесі мен кенді дайындау әдістерін оңтайлы игеру мен іздестіру; тау-кен-металлургия кешендерінің қалдықтарын пайдалана отырып толтыру жұмыстарының технологиясын игеру мен дайындау: жаңа жарылғыш заттар жасау және осылардың негізінде бұрғылаужарылыс жұмыстарының технологиясын жетілдіру; жерасты рудниктерінде ауаны шаңсыздандыру заттары мен әдістерін, желдетудің тиімді жүйесін ендіру мен жасау; жерасты тау-кен жұмыстарын механикаландыру; геологиялық мәліметтер базасын құру үшін ақпараттық технологиялар мен кешенді бағдарламалар жасау, массивтер жағдайларын, аппараттар мен технологиялық үрдістерді басқаруды қамтиды.
  • Байыту саласындағы қызметтер мен жұмыстарды түсті металл кендерінен барлық пайдалы қазбаларды кешенді ала отырып, байытудың қолданыстағы технологияларын жетілдіру мен жаңасын жасауды; жоғарытиімділікті флотореагенттер синтезі; кен байытудың құрамдастырылған (комбинированных) гравитациондық-флотациялық үрдістерін және қиын балқытылатын кендерді өңдеудің металлургиялық-байыту сызбасын жасауды; техногенді шикізаттар мен полиметалл кендерінен күміс пен алтынды алудың тиімді технологиясын жасауды қамтиды.
  • Металлургия саласындағы қызметтер мен жұмыстарды құрамында түсті және асыл металдары бар түрлі шикізаттарды өңдеуге арналған автогендік үрдістерді ендіру мен жетілдіруді; металлургия өндірісінің қалдықтары мен өндірістік өнім қалдықтарынан бағалы компоненттерді алудың жаңа тәсілдерін жасауды: асыл және түсті металдар өндірісіне арналған қолданыстағы бар гидрометаллургиялық үрдістерді жетілдіру мен жаңасын жасауды; газды тазарту, шаңды тиімді ұстайтын жүйелерді жасауды; түсті металл өндірісінің дамуына экономикалық болжамдар мен металлургиялық мәселелерді шешуге арналған компьтерлік технологияны қолдануды қамтиды.

 

Соңғы жылдарда жасалған жұмыстарды ендіру

  • Кенорындарын қазбалаудағы технологиялар мен технологиялық регламенттер: Обручев, Долинное, Риддер-Сокольный («Қазмырыш» ЖШС), Шалқия, Талап («Шалқия-Мырыш» ЖШС), Алпыс («Майқайыңалтын» АҚ), Бақыршы («Бақыршық КӨК» ЖШС), Суздаль («АЛЕЛФИК» АҚ).
  • Мыс тауарлы өнімін ала отырып тотыққан мысты үймелеп сілтілеу технологиясы: Ақтоғай, Бозшакөл кенорындары («Қазақмыс»Корпорациясы» ЖШС), Тоқтаров («Тоқтар ГРК» ЖШС), Қоңырат руднигінің үйінділері («Сары-Казына» ЖШС).
  • «Үлбі» зарядты-араластырғыш машиналар типінде өнеркәсіртік ИГДАНИТ – ЖЗ дайындау үрдісіндегі технологиялар мен технологиялық регламент: «Қаражира ЛТД» ЖШС, «Шалқия Мырыш» ЖШС, «Богатыр-Аксес Көмір» ЖШС.
  • Бетонқұятын кешенді жобалаудағы құю жұмыстарының технологиясы мен технологиялық регламенті: Бақыршық руднигі («Бақыршық КӨК» ЖШС), Артемьевский («Қазақмыс»Корпорациясы» ЖШС), Суздальский («Алел ФИК» АҚ), Первомайский («Қазхром ТНК» АҚ), Үшқатын (Жәйрем КБК» АҚ), Талдыбұлақ Солжағалау (Қырғыстан), Алроса (Ресей).
  • Кендерді байыту жөніндегі технология мен технологиялық регламенттер: Шалқия кенорны («Шалқия-Мырыш» ЖШС), Артемьевск, Нұрқазан, Абыз кенорындары («Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС), Тишинск («Қазмырыш» ЖШС), Обуховск («Геинцентр» ЖШС).
  • КИВЦЭТ технологиясы: лицензиялық шартар негізінде «Комибол» (Боливия), «Қазмырыш» ЖШС (Қазақстан), «Портовезму» (Италия), «Тек Коминко» (Канада), Jiangxi Copper Corporation (Қытай), Zhuzhou Smelter Group Co., Ltd. (Қытай) қорғысын зауыттары соғылды.
  • Жылына өнімділігі 180 мың тонна чушкалы (қалыпты н/е тауарлы) мырыш шығаратын мырыш зауыты құрылысының технологиялық регламенті: «Уралмеханобр» ААҚ.
  • Тотыққан никельді кендерді автоклавты және атмосфералық сілтілеу технологиясы: Семей, Ақтөбе кенорындары («Қазмырыш»).
  • Тауарлы күміс ала отырып қорғасынды-күміс кендерді өңдеу технологиясы: «Прогноз» кенорны (Ресей).
  • Өнеркәсіпорнының қызмет зоналарындағы қоршаған ортаға өндірістік маниторинг жүргізу: «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС.
  • Кәсіпорындарға өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы: «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС.
  • Қалдықтармен жұмыс істеу нормативтер жобасы: «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, «Ертіс жерсирекметалдар компаниясы» ЖШС.
«ШҒЗТКМИтүсмет» ЕМК-ын жобасы бойынша құрылыс жүргізіп отырған кәсіпорындар:
  • «Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы» атындағы шахта қорын қазбалау және аршу жұмыстары: «Первомайский» кенорны («Қазхром ТНК»);
  • қауаттылығы жылына 100 мың м3 бетонқұятын кешен: «Первомайский» кенорны («Қазхром ТНК»);
  • тотыққан алтынқұрамды кендерді өңдеуге арналған үймелеп сілтілендіру (шаймалау) қондырғысы: Ауданқалалық кен даласы («Голд Ленд» ЖШС);
  • байыту фабрикаларының ұнтақтау-реттеу кешендері: «NOVO –Цинк» ЖШС;
  • кендік құмдарды өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы: Обуховск титан-цирконии кенорны («Геоинцентр» ЖШС);
  • хромитті кендерді өңдеу жөніндегі байыту фабрикасы: Сивас пен Денизли аудандары (Түркия).

Байланыстар:

Қазақстан Республикасы, 070002

Өскемен қаласы, Промышленная көш., 1

Тел. 8(7232) 50-34-60, 75-37-73

Факс 8(7232) 75-37-71, 75-37-73

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Web Site: http://vcm.ukg.kz